Жай және құрмалас сөйлем
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып
4-сынып
Пән
Қазақ тілі
Тақырып
Жай және құрмалас сөйлем (31–36-жаттығулар)
Оқу мақсаты
Оқушылардың сөйлем туралы алған білім, білік, дағдыларын кеңейту. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы түсінік беріп, олардың айырмашылықтарын меңгерту.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар
- Жаңа білімді түсінеді.
- Топта жоба жасайды, қорғайды және бағалайды.
Оқушылардың басым бөлігі
- Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажырата алады.
Кейбір оқушылар
- Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырады.
Ойлау дағдылары
Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.
Тілдік мақсат
Жай және құрмалас сөйлемдерді анықтау.
Бағалау және құндылықтар
Бағалау тәсілдері
- Мадақтау
- «Екі жұлдыз, бір тілек»
- Өзара бағалау
- Смайлик, бармақпен бағалау, «от шашу»
Пәнаралық байланыс
Әдебиеттік оқу.
Құндылықтарға баулу
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Алдыңғы оқу
Оқушыларда сөз тіркесі туралы түсінік бар.
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Топқа бөлу
Оқушылар «шаңырақ» түстері арқылы 4 топқа бөлінеді. Топ басшысы сайланады, топ ережесі айтылады.
Үй тапсырмасы
29-жаттығу: «Бәйге» тақырыбына әңгіме құрау. Үй жұмысы алдын ала жиналып, тақтадағы сөздер қорабына ілінеді. 2 оқушы оқиды.
Бағалау: бармақпен бағалау.
Жаңа сабаққа дайындық
Жұмбақ
Ойды аяқтап қорытады,
Соңында доп тұрады.
Жауабы: Сөйлем
Ой қозғау (ашық сұрақтар)
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
Слайд арқылы кесте көрсетіледі.
«Кім тапқыр?» ойыны
Себеттегі жеміс-жидектерді екі ыдысқа бөліп, ажырату арқылы сөйлем түрлерін салыстыруға дайындық жасалады.
Негізгі бөлім: ереже және жаттығулар
31-жаттығу (ауызша)
Бағанның екі жағындағы сөйлемдер оқылып, салыстырылады. Оқушылар өздері ереже құрастырып көреді, кейін дайын ереже ұсынылады.
Жай сөйлем
Бір ғана ойды білдіретін сөйлем жай сөйлем деп аталады.
Мысал: Үсен жарысқа шықты.
Құрмалас сөйлем
Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады.
Мысал: Қайрат кіп-кішкентай болғанымен, үлкендердің сөзін екі айтқызбай орындайды.
32-жаттығу (тыңдалым және топтық жұмыс)
«Білгішбек пен Негештің» диалогы тыңдатылады. Кейін Ы. Алтынсариннің «Надандық» әңгімесінен үзінді бойынша топтық тапсырма орындалады:
1-топ
Бірінші жай сөйлемді табады.
2-топ
Екінші жай сөйлемді табады.
3-топ
Үшінші жай сөйлемді табады.
4-топ
Құрмалас сөйлемді табады.
Қорытынды
Күрделі ойды білдіру үшін құрмалас сөйлемдер қолданылады. Жай сөйлем қанша жайылма болғанымен, күрделі ойды толық әрі ұғымды жеткізе бермейді. Сондықтан ауызекі сөйлеуде де, көркем әдебиетте де құрмалас сөйлем жиі қолданылады. Құрмалас сөйлемде көбіне үтір қойылады.
Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек».
34-жаттығу (оқылым және талдау)
- Мұғалім оқиды.
- Тізбектей оқыту ұйымдастырылады.
- «Ыстық орындық» әдісі арқылы оқытылады.
Бағалау: «От шашу» әдісі.
Талдау сұрақтары
- Өлең неше шумақтан тұрады?
- Неше қатар бар?
- Неше құрмалас сөйлем кездеседі?
Жеке жұмыс
«Оқы, жатта, жап, жаз» әдісі бойынша тапсырма орындалады: 1 шумақ жатқа жазылады. Сағат тілімен ауысу арқылы бір-бірінің жұмысын тексереді, смайликтермен бағалайды және қайтадан орындарына отырады.
Бағалау: өзара бағалау.
Сергіту сәті
Өлең мазмұнын қимыл-қозғалыс арқылы көрсету.
35-жаттығу (логикалық тапсырма және талдау)
Ребус шешу және сөйлемдерге тілдік талдау жасау:
Фонетикалық талдау
Қыс түсті.
Морфологиялық талдау
Қар жауды.
Синтаксистік талдау
Қыс түсті де, қар жауды.
Тақтаға 3 оқушы шығып, талдау жұмыстарын орындайды.
Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек».
36-жаттығу (жұптық жұмыс)
«Жалғасын тап» ойыны. Тапсырма буриме әдісі арқылы орындалады. «Аралас, топтас, ой-бөліс» тәсілімен ортаға шығып, топтасып, ой бөліседі. Үздік жұмыстар тақтаға ілінеді (1, 2, 3-жұп).
Бағалау: бармақпен бағалау.