Жаңа жылың құтты болсын ағайын
Құттықтау сөз және кештің ашылуы
Армысыздар, ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар! Бармысыздар, замандас бауырлар, шабытты шәкірттер! Бүгінгі кеш шат күлкіге толы болып, жаңа жыл әр шаңыраққа береке мен ырыс әкелсін.
Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін бәріміз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән мен сәнді бидің ажарына бөлеп өткіземіз деп сенеміз. Ендеше көңілдің керегесін кеңейтіп, мерекелік кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
Құттықтау сөз кезегі
- Мектеп директоры — Жұмайбеков Берік мырза.
- Оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші — Сейташимова Шеризат апай.
Би бөлімі: жұптық би
Кешімізді жұптасып, әсем әуенге билеуден бастайық. Баршаңызды өз жұбыңызбен ортаға шығып, би алаңын қыздыруға шақырамыз. Ең жақсы билеген жұпқа арнайы сыйлығымыз бар!
Жұптар тізімі
Нәтиже: Ерекше көзге түскен жұп, ортаға шығып, сыйлығыңызды алыңыздар!
Зеңгір көкте жұлдыз болып жана берсін үміт, ай жүзіндей айшықтанып арайласын әр күнің. Жанға шуақ, бойға қуат әкелген Жаңа жыл құтты болсын, ағайын!
Бинго ұтысы
Келесі кезек — бинго ұтысы. Билеттеріңіздің нөміріне мұқият қарап отырыңыздар. Ұтқан жандарды құттықтаймыз!
Ұтыс билеттері
Құттықтаймыз! Сыйлықтарыңыз құтты болсын! Кешімізді әрі қарай жалғастырамыз.
Ән-күй және шырша айналу
Уа, халайық, жарандар, айналаға қараңдар! Қызық көріп, шат болып, шалқып күліп тараңдар. Жаңа жылды қарсы алып, думанды кешті бірге көркейтейік!
Ендеше, қыстың әнін шырқауға шақырамыз. Кәне, достар, шырша айнала жүріп «Шырша» әнін орындайық!
Күтпеген кейіпкер: Қара Шайтан
Шайтанның сөзі
Шайтан: Мен шайтанмын, көрінбейтін сайтанмын. Ұнап қалған жандарды өзіммен алып қайтармын!
Шайтан: Жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақарды алдап, қамап қойдым. Енді сендердің де достарыңды алып кетем. Мерекені өткіздірмеймін — маған мереке ұнамайды!
Жүргізушінің жауабы
Жүргізуші: Ой, мынау кім?! Құдай сақтасын, түрі қандай қорқынышты! Аулақ, аулақ — сәнімізді бұзба!
Жүргізуші: Тоқта, шайтан! Дұрыстап қарасам, қорқынышты түгің де жоқ екен. Өзің сондай «әдемісің», қап-қарасың. Мені әкетпей-ақ қойшы. Ол үшін балалар не істеуі керек?
Шайтан: Маған көңілді ән айтып, би билеп берсеңдер, онда ойланып көрермін.
Өнер көрсету
Жүргізуші: Ондай болса, шайтекеңнің көңілін табуға тырысып көрейік. Сахна төріне 11-сынып оқушысы Сырымды шақырамыз — жаңа жылға дайындаған көңілді әні бар. Қарсы алыңыздар!
Ән аяқталған соң: Бәрекелді! Достар, қол соғып қояйық!
Келесі кезекте өздерінің керемет әнімен келген 8-сынып оқушыларының өнерін тамашалайық.
Шайтан: Керемет! Әндерің де, билерің де ұнады. Бірақ бәрібір мерекелеріңді бұзғым келіп тұр… Өткіздірмеймін дедім — өткіздірмеймін!
Жұмбақ сайысы
Жүргізуші: Тоқтай тұр, шайтан. Келісіп көрейік: балалар саған жұмбақ жасырады. Егер шешімін таппасаң, бізге бөгет болмай, өз жөніңмен кетесің.
Кәне, достар! Кешімізді бұздырмау үшін әр сыныптан бір-бір оқушы шығып, бір жұмбақтан жасырсын. Қиын жұмбақ таңдауға тырысыңдар!
Сахналық белгі: Балалар жұмбақ айтып болған соң, шайтан шыңғырып жібереді.
Шайтан: Ойбай, анау келе жатқан Алдар ғой! Жасырыңдар, балалар, құтқара көріңдер мені!
Алдар көсе келуі
Алдардың таныстыруы
Алдар: Мен Алдармын! Балқанға да барғанмын, Орхонға да барғанмын. АҚШ-қа да барғанмын, Жапонға да барғанмын. Шаршаңқырап қалған соң, шайтанға мініп алғанмын!
Алдар: Ассалаумағалейкум, балалар! Менің шайтанымды көрмедіңдер ме? Бұхараның базарына кіріп шыққанымша, қашып жөнелгенін айтсаңшы!
Шайтанның кешірім сұрауы
Сахналық белгі: Балалар қашып жүрген шайтанды ұстап алып келеді.
Шайтан: Мен талайдың басын қатырдым, талайдың асын ұрладым. Алдар, жазаң тым ауыр болды. Балалардың алдында ант етейін: енді қайталамаймын! Босата көрші, Алдареке!
Алдар: Шайтанның сөзіне сенеміз бе, балалар? (Көрермен: «Жоқ!»)
Шарт: ойын немесе би
Жүргізуші: Жаңа жылды жақсылыққа ырымдайық, балалар! Шайтанның өзі де — той қонағы саналар. Әзірге босатсақ болар.
Алдар: Күнәңді өтеу үшін мына жиналған қауымға бір қызықты ойын ұйымдастыр немесе би билеп бер. Балаларға ұнаса, сені босатамын.
Шайтан: Жарайды, достар! Олай болса, қызықты ойын ойнайық. Маған әр сыныптан бір оқушы және бір мұғалім керек. Қазір әр ұлттың әуенін қосамын: кім керемет билесе — сыйлық соныкі!
Алдар: Бәрекелді! Балалардың көңілін бір көтеріп тастадық, солай ма, достар?
Жүргізуші: Иә, көңілді ойын болды. Енді сен бұл кешіміздің қонағы бол!
Аяз ата мен Ақшақарды шақыру
Жұмбақ сипаттама
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, қасындағы тірі жанды тоңдыратын. Үсті-басы ақ қырау, демі суық — жетіп те қалған шығар, ертіп алып Ақшақарды…
Сұрақ: Балалар, бұл кім туралы айтылды деп ойлайсыңдар?
Ендеше, ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!