Өлеңде әзір әнде әзір, Ойында әзір бәрі әзір

Мерекелік кештің ашылуы

Жаңа жыл мерекесіне сай зал әсем безендірілді. Әдемі киінген балалар әуен ырғағымен залға кіріп, шыршаны айнала тұрады.

Құрметті қонақтар, ата-аналар мен балалар, сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл баршаңызға құт-береке, мол қуаныш әкелсін!

Мерекелік кешті бастамас бұрын, Құралай ясли-бақшасының меңгерушісі Қалдыбаева Ләззат апайдан салтанатты кешімізді ашып беруін сұраймыз.

Жүргізушінің құттықтауы

Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір — бәрі әзір.
Кел, Жаңа жыл, біздерге,
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Ендеше ортаға «Еркетай» тобының бүлдіршіндерін қошеметпен шақырайық! Әсем әуен ырғағымен балалар ортаға шығып, шыршаны айналып «Шырша» әнін хормен айтады.

Сайқымазақтың келуі

Осы кезде сайқымазақ кіріп, балалармен амандасады. Балалар Аяз атаға хат жазғандарын айтып, оны жеткізіп беруін өтінеді.

Жүргізуші: Балалар, бізге сайқымазақ Аяз атаны ертіп келіпті, олар сыртта күтіп тұр екен. Қане, бәріміз бірге хормен шақырайық!

Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

Аяз ата мен сайқымазақ залға кіріп, балалармен амандасады. Балалар Ақшақарды шақырады. Әуен ойнайды.

Ендеше, Аяз ата мен Ақшақар, бізбен бірге мерекені тойлаңыздар! Балалардың сіздерге арнаған тақпақтары, билері және ойындары бар — қабыл алыңыздар.

«Еркетай» тобының өнері

Жүргізуші: Жаңа жылдың мерекесімен құттықтаймыз! Бұл өмірде жаманшылық көрмеңіздер. Ізгі ниетпен шын жүректен тілек айтамыз — құттықтауды қабыл алыңыздар!

Балалардың тақпақтары

Тақпақ

Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Тақпақ айтқан балаға
Сыйлықтарын беріп тұр.

Айсұлтан

Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны.
Жұпар иісі аңқып,
Анамды да мәз қылды.

Бекайым

Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде
Билейміз, ән саламыз.

Бикош

Тоғайда баулар бар,
Ақ күміске малынды.
Далада таулар да
Әсем көрік жамылды.

С. Нұрислам

Әдемелеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз!

Нұрбек

Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле, Жаңа жыл —
Бізге құтты жыл болсын!

Айкөркем

Тамаша, тамаша —
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

Айзере

Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жыл да келеді
Бізге қарай жылыстап.

Т. Нұрислам

Аяз ата, қандайсың,
Тоқсандағы шалдайсың.
Өтірік сақал тағып ап,
Балаларды алдайсың.

Ән мен би

Ән (хор)

«Ақ қоян»

Би

«Ёлочка»

Орындайтындар: Ұлдана, Айзере, Бекай, Балнұр, Інкәр, Айкөркем.

Қорытынды

«Еркетай» тобы бүлдіршіндерінің «Жаңа жыл» атты ертеңгілігі аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Бекіту

Құралай ясли-балабақшасы

Меңгеруші
Қалдыбаева Л.
Әдіскер
Тоғайбаева Н.
Тәрбиешілер
  • Қасымханова Б.
  • Әбіласанова М.
  • Исмайлова А.