Жарыс мәтінін мәнерлеп оқыту

Сабақ тақырыбы: «Х» дыбысы мен әрпі

Мақсаты

  • «Х» дыбысы мен әрпін таныстыру.
  • Сөздерді дұрыс оқуға және сауатты жазуға үйрету.
  • Ой-өрісін, тіл байлығын, ізденімпаздық пен тапқырлық қабілеттерін дамыту.
  • Кітапты күтіп ұстауға, жануарларды қорғауға, Отанды сүюге тәрбиелеу.

Сабақ форматы

  • Түрі: саяхат сабақ.
  • Әдістері: ізденушілік, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, талдау.
  • Көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер, әріптер.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Сабаққа дайындық, сыныптың назарын жинақтау.

II. Психологиялық жаттығу

Амансың ба, алтын күн,

Амансың ба, көк аспан,

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам!

Тарихи-танымдық сәт: 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні екенін еске түсіру.

Сабақ идеясы: бүгінгі сабағымыз — саяхат сабақ. Астана қаласындағы ірі ғимараттарға «саяхат» жасаймыз.

Алдымен теміржол вокзалына барып билет алып, пойызға отырамыз. Ол үшін сұрақтарға жауап береміз. Қала аралау үшін пойыздан түсіп, автобусқа отырамыз.

III. Ой қозғау (өткен білімді еске түсіру)

  • Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
  • «Ю» дыбысы қандай дыбыс? Мысалдар келтіру, буынға бөлу.
  • Сөздер мен мәтінді тізбектеп оқу.
  • Жаттауды сұрау.

IV. Дәптермен жұмыс

Көркем жазу

аяз

Терме диктант

Ана, ою, қағаз, аю, жарыс, сүю.

«Жарыс» мәтінін мәнерлеп оқыту.

Ойын: аңдар аттарын жазу жарысы. Екі топ тапсырмаларды орындаса, Астананың символы — Бәйтерекке жетеміз.

Дерек: Бәйтеректің биіктігі — 97–98 метр.

Сергіту сәті

Кі-кі-кі,

Бұраңдайды түлкі.

V. Жаңа сабақ

Тақтадан халат, хоккей, шахмат, хат суреттерін көрсетіп, ататамыз.

Осы сөздерде біз бұрын таныспаған қандай дыбыс бар?

Жауап: «Х, х» дыбысы.

«Х» дыбысының суретін іліп, сабақтың мақсатын хабарлаймыз.

VI. Кітаппен жұмыс

  • Оқушыларға «Х» дыбысын дұрыс айтқызу.
  • Сөздерді оқыту: оқушылар қайталап айтады, мағынасын ашады.
  • «Президент резиденциясына» келу (саяхат желісі).

Түсіндіру

«Қазақстанның болашағы — бүгінгі жас ұрпақ». Оқушылармен бірге сөйлемнің мағынасын талқылау.

VII. Дәптермен жұмыс және мәтінмен жұмыс

Жазылым

«Х» әрпін сауатты әрі көркем жазу.

Дарынды оқушымен жұмыс

«Хан Шатыр» және «Думан» нысандарына «келу».

Мәтінмен жұмыс: «Кітапханашы» мәтінін оқу, мазмұнын түсіндіру.

«Кітапханашы Ботагөз апайға» сөз беру (рөлдік сөйлету).

Келесі аялдамалар: мешіт, цирк.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Иіліп оңға — бір,

Иіліп солға — бір.

1, 2, 3 —

Отыр орныңа тез!

Сөздік жұмысы

«-хана» үлгісі:

емхана, шеберхана, ұстахана, асхана, дәмхана, дәріхана

Есімдер:

Хамит, Хадиша, Нұрхат

Слайд тапсырмасы: сәйкестендіру.

«Мегаға» келу: демалу, әрі Аяз атаға хат жазу.

VIII. Қорытынды

  • Сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.
  • Ойын: «Адасқан буындар».

Түйін сұрақ:

Біз бүгін қаншама жұмыс жасадық. Мұның бәрін бір сөзбен қалай айтамыз?

Жауап: еңбек.

Өрнек өрсең терлеп —

Мұның аты — еңбек.

Кесте тіксең зерлеп —

Мұның аты — еңбек.

Қиындықтың бәрін

еңбек қана жеңбек.

Сау болыңдар!