Бүгінгі Толағай отбасылар сайысына қош келдіңіздер

«Толағай отбасылар» сайысы туралы

Тақырыбы

Толағай отбасылар сайысы

Өтетін орны

Спорт залы

Бағалау

5 балдық жүйе

Мақсаты

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
  • Ата-ана мен бала арасындағы спорт мәдениетін кеңінен насихаттау.
  • Оқушылар мен ата-аналарға денені шынықтырудың, спортпен жүйелі айналысудың маңызын түсіндіру.

Көрнекілігі

Түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер, ысқырық, уақыт өлшеуіш.

Ашылу бөлімі

1-жүргізуші

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Бүгінгі «Толағай отбасылар» сайысына қош келдіңіздер!

Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

2-жүргізуші

«Толағай отбасылар» сайысы — отбасылардың белсенді қатысуымен өтетін, тәрбиелік мәні зор ойын-сауық бағдарламасы. Бүгін бұл сайысты мектебімізде 7 «А» сынып оқушылары мен белсенді ата-аналар арасында өткізгелі отырмыз.

Сайысқа 4 отбасы қатысады, олардың біреуі ғана жеңімпаз атанады.

Әр таңды бақытпен аттырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«Толағайға» қатысатын отбасыларын шақырамыз!

Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға —
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

Қатысушы командалар

1-топ

Шаңырақ

Ұраны: Бәріміз біріміз үшін!

2-топ

Босаға

Ұраны: Біз әрқашан мықтымыз, бәрін жеңіп шықтық!

3-топ

Алтын бесік

Ұраны: Біз шымыр, сергек денеміз — өнер сүйер өренбіз!

Музыкалық нөмір

7-сынып оқушыларының орындауында «Толағай» әні.

Әділқазылар алқасы

Сайыс басталар алдында әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысайық:

Әділқазы

Қуан Нұрбек

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Әділқазы

Тойжан Нұрсәуле

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Әділқазы

Абдулина Гүлшат

Ата-аналар комитетінің төрайымы

Негізгі ой

Тәлім-тәрбие отбасынан басталады. Дені сау ұрпақ — ұлт болашағы. Әр отбасында ата-ана шаңырақтың негізгі тірегі, сондықтан бала бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі ерекше.

«Спорт — денсаулық кепілі». Осы сайыс отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Сайыс бағдарламасы (9 кезең)

1-кезең: Теңбілдоп

Ептілік • дәлдік • жылдамдық

Әр ойыншыға бөлек тапсырма беріледі. Белгіленген межеге фишкалардың арасымен жүгіріп барып қайтады. Фишкаларды құлатпау және тапсырманы толық орындау міндетті.

  • Футбол добын аяқпен теуіп жүгіру.
  • Баскетбол добын жерге соғып (дриблинг) жүгіру.
  • Ракеткамен шарикті жоғары серпітіп алып жүгіру.

2-кезең: Қақпашы

Қимыл үйлесімі • реакция

Топтың бір мүшесі 10 метр қашықтықта шелек ұстап тұрады. Қалғандары кезекпен волейбол добын лақтырады. Қақпашы допты шелектің көмегімен қағып алуы керек.

Аралық нөмір

7-сынып оқушыларының орындауында гимнастикалық би.

3-кезең: Тасымақ

Командалық жұмыс • тепе-теңдік

Әр топтан екі ойыншы жұптасып, арқаларын түйістіріп, араларына доп қысады. Белгіленген межеге фишкалардың арасымен жүріп барып қайтады. Фишкаларды құлатпау және тапсырманы толық орындау шарт.

Музыкалық нөмір

Нұрлыбек Нұрсая мен Ғалым Нұржанаттың орындауында «Тек алға» әні.

4-кезең: Жеміс-жидек жинау

Ұйымшылдық • дәл бағыттау

2–3 метрлік шеңбер сызылады, ішіне алма шашылады. Анасының басына шелек кигізіледі, қызы анасын жемістерге қарай бағыттайды. Анасы мүмкіндігінше тез жинауы керек.

5-кезең: Шығыршықпен бір-бірін тасымалдау

Ынтымақ • жоспарлау

Әр топқа 2 шығыршық беріледі. Алдыңғы ойыншы шығыршықты жерге қояды, барлығы оның ішіне тұрады. Келесі шығыршықпен де дәл осылай қайталап, алға жылжиды.

6-кезең: Кім көп секіреді?

Шапшаңдық • төзімділік

Ата-ана секіртпені екі жақтан ұстап тұрады, бала секіреді. Нәтиже 10-нан асып түсуі керек.

7-кезең: Білімді кенгуру

Логика • ептілік

Ата-ана мен бала кезекпен допты тізеге қысып, кедергілерден секіріп өтеді. Межеге жеткен соң бір-бір математикалық есеп шығарады.

Аралық нөмір

7-сынып оқушыларының орындауында «Жастар» биі.

8-кезең: Эмоцияны немесе іс-әрекетті қайтала

Тапқырлық • коммуникация

Ата-ана кезекпен шар алып, отырып жарып жібереді. Шардың ішіндегі эмоцияны немесе іс-әрекетті ыммен түсіндіреді. Кезектегі ата-ана оны табуы керек.

9-кезең: Жеңіске жету

Эстафета • бірлік

Ата-ана мен бала кезекпен кедергілерден өтіп, секіртпемен ту тұрған жерге барады. Туды алып келіп келесі ойыншыға береді; ол қайтадан апарып орнына қояды. Соңғы ойыншы туды қайта алып келеді.

Қорытынды бөлім

Жеңімпазды анықтау

Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол — еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей тараса — бізге жарасады.

Сайыс шарттарына сай қорытынды шығарылып, жеңімпаздар анықталады. Марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Тілек пен алғыс

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа! Өмірде бақыттысың денің сау болса. «Денсаулық — терең бақыт» деген сөзді ұлы Абай да тегін айтпаған.

Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рақмет!

Қорытынды музыкалық нөмір: «Толағай» әні.