Қазақ күнтізбесі

8-сынып қазақ тілі: жылдық жоспар және күнделікті сабақ жоспары

Бұл материал 8-сыныпқа арналған қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар мен күнделікті сабақ жоспарларын жүйелеуге көмектеседі. Төменде жоспардағы бөлімдер мен диктант сабағына арналған үлгі жоспар берілген.

Тақырыптар тізімі

  • 31. Диктант
  • 32. Ыңғайлас салалас
  • 33. Себеп–салдар салалас
  • 34. Қарсылықты салалас
  • 35. Түсіндірмелі салалас

Сабақ жоспары (үлгі): Диктант

Сабақ туралы

Сабақтың тақырыбы
Диктант
Сабақтың түрі
Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі
Баяндау
Көрнекілігі
Диктанттар жинағы

Сабақтың мақсаты

  • A Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге және сауатты жазуға дағдыландыру.
  • Ә Мұқият тыңдап, ұқыпты жазуға үйрету.
  • Б Өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, мейірімді әрі кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгелдеу, сыныптың назарын сабаққа аудару. Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазу.

2

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді мәнерлеп оқу. Оқушылар тыңдап, мазмұнын түсінеді. Содан кейін мәтін тағы бір рет оқылады, осы кезде оқушылар тыныс белгілерін дұрыс қойып, сауатты жазуға назар аударады.

Диктант мәтіні

Қазақтың ұлттық тағамдары: Сөк

Дереккөз: Қазақ күнтізбесі, 1991. 154 сөз.

Қуырылған тарыны қазақ «сөк» деп атайды. Ол үшін тары жел өтіне суырылып, екшелеп тазаланады. Бірнеше рет таза сумен жуылады. Дегдігенше аздап кептіріп, қазанға су құйып, тарыны соған салып қайнатады.

Қазандағы тарының қауызы ашыла бастағанда, оны сүзіп алады. Содан соң таза сумен бірнеше қайтара жуып, дегдуі үшін жайып қояды. Дегдігеннен кейін қызған қазанға салып қуырады. Қуырған кезде тарыны бұлғауышпен үздіксіз араластырып отыру керек.

Әйтпесе, тарының астыңғы беті қуырылып, үсті қуырылмай қалады. Ал ала-құла қуырылған тарыны ақтаған кезде қауызынан ажырату қиын. Мұндай тарының сөгі де ала болады.

Қуырылған тары тым суып кетсе, жасып қалады. Сондықтан оны көп суытпай, келіге түйіп алу керек. Тары түйетін келі де, келсап та қатты ағаштан жасалғаны дұрыс. Түйілген тарыны табаққа салып алып, суырады. Сөйтіп, қауызынан айырады.

Бір түйгенде тары қауызынан түгел айырылмайтындықтан, оны екінші рет түйеді. Мұны «ақтау» деп атайды. Ақталған тарыны тағы да желпіп суырады. Сонымен, сөк дайын болады.

Сөктің түсі сарғыш, хош иісті әрі аса дәмді келеді. Сөк көбінесе шай дастарханына қойылады. Сондай-ақ одан неше түрлі тағам дайындауға болады.

Үй тапсырмасы

Өткен тақырыптарды қайталап келу. Қажет болса, материалдың толық нұсқасын қарап шығу.