Алақан ізі арқылы кемпірқосақ жапсыру

Сабақтың барысы

Бұл жоспар балабақша тәрбиеленушілеріне кемпірқосақ туралы түсінікті ойын, өлең, диалог және практикалық тапсырмалар арқылы беру мақсатында құрастырылған. Сабақ «жайлы» атмосфера құрудан басталып, бірнеше шығармашылық техникамен жалғасады.

1) Амандасу және көңіл күйді көтеру

Өлең жолдары (амандасу)

№6 балабақшаның
Тәрбиелі баласы
Алдыменен үлкендерге
Амандасып алады.

«Шаттық шеңбері»

Үлкен шеңбер құрайық,
Алақанды ұрайық.
Күлімдесін күн де,
Күлімдейік біз де.

Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық!

2) Қайталау: жыл мезгілдері және күз туралы әңгіме

Тәрбиеші балалардан: «Қазір жылдың қай мезгілі?» деп сұрайды. Күз мезгілін сипаттайтын тақпақтар айтылады.

Тақпақ (Айша мен Амина)

Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.

Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал-терек,
Жапырағын жұлғызып.

3) Сюжеттік сәт: Сайқымазақпен диалог

Сайқымазақ

— Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Күз мезгілі дейсіңдер ме? Егер қазір күз болса, кемпірқосақ көрінбей ме? Мен кемпірқосақты іздеп жүр едім… Енді не істеймін?

Тәрбиеші

— Алаңдама, Сайқымазақ. Кемпірқосақ көбіне жазда, жаңбырдан кейін байқалады. Бүгін балалар саған кемпірқосақтың суретін салып береді. Ал кемпірқосақтың қайдан пайда болатынын білесіңдер ме?

Балаларға түсіндіру: жазда жаңбыр жиі жауады, жаңбырдан кейін аспанда доға тәрізді 7 түсті кемпірқосақ пайда болады.

Мөлдіреп моншақ шашылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкте қызыл, жасылды,
Кемпірқосақ асылды.

Көрнекі түсіндіру

Слайд-презентация арқылы кемпірқосақтың пайда болу себептері мен түстердің реті туралы толық мәлімет беріледі.

7

4) Топтық жұмыс: 3 техника, 1 тақырып

Балалар өз еріктерімен жұмыс орындарына жайғасады. Сабақ топтарға бөлініп, әр топ кемпірқосақты әртүрлі әдіспен бейнелейді. Негізгі мақсат — түстердің ретін сақтау және бірлесе жұмыс жасау.

1-топ: «Дымқылдау» әдісі

5 бала (жекелей)

Қажетті құралдар

  • Кішкене губкалар (сорғыштар)
  • Акварель, гуашь, қылқалам
  • Суы бар ыдыс, ақ қағаз, майлық

Барысы

Губкаға көлденеңінен түстерді ретімен жағып аламыз: қызыл, тоқ сары, сары, жасыл, ашық көк, көк, күлгін. Сосын ақ қағазға доға тәрізді етіп, айналдыра басып шығарамыз.

2-топ: Алақан ізімен жапсыру

Топтық жұмыс

Қажетті құралдар

  • Үлкен ақ қағаз
  • Желім, майлық
  • Алдын ала дайындалған алақан пішінді үлгілер

Барысы

Алақан үлгілерін кемпірқосақ түстерінің ретімен жапсырамыз: әр элементке желім жағып, қабат-қабат орналастырамыз.

3-топ: Саусақпен сурет салу

Топтық жұмыс

Қажетті құралдар

  • Саусақпен сурет салуға арналған гуашь
  • Плакат-үлгі, майлық

Барысы

3 бала үлкен плакатқа саусақ іздері арқылы жаз мезгіліндегі жайма-шуақ табиғатты, жаңбырдан кейін көрінген кемпірқосақты бейнелейді.

5) Сергіту сәті

Здравствуй, радуга-дуга,
Разноцветный мостик!
Здравствуй, радуга-дуга!
Принимай нас в гости.

Мы по радуге бегом
Пробежимся босиком.
Через радугу-дугу
Перепрыгнем на бегу.

И опять бегом, бегом
Пробежимся босиком.

6) Құрастыру жұмысы: «Жазғы табиғат аясы»

Тәрбиеші балалардың жұмысына сүйене отырып, жаздың көрінісін бірігіп құрастыруды ұсынады. 3 топтың ішінен 6 бала таңдалып, ортақ композиция жасалады.

Жаңбыр жауып, басылды,
Күлімдейді көкте күн.
Кемпірқосақ асылды,
Өрмегіндей көктемнің.

7) Қорытынды және кері байланыс

Жұмыстар қаралып, балалардың белсенділігі мен ынтасы мақталып, мадақталады. Тәрбиеші Сайқымазаққа балалардың сурет салып қана қоймай, жапсырып және құрастыра алатынын атап өтеді.

Тәрбиеші

— Көрдің бе, Сайқымазақ? Балаларымыз суретті жақсы салады, жапсыра алады, бірлесе жұмыс істейді. Ал енді сен бізді немен қуантасың?

Сайқымазақ

— Онда мен сиқыр көрсетемін!

Сиқыр көрсету арқылы балаларға кәмпит таратады. Қоштасып, алғысын білдіреді.

Келген қонақтарға: «Сау болыңыздар!» деп қоштасамыз.

Күтілетін нәтиже

Білуі керек

Жыл мезгілдерін және күз мезгіліндегі құбылыстарды ажырата білу.

Болуы керек

Жаңбыр мен кемпірқосақ туралы бастапқы түсінік және қарапайым мағлұмат.

Үйренуі керек

Кемпірқосақты әртүрлі техникамен салып/жапсыра білу және топпен жұмыс жасау дағдысын дамыту.

Автор туралы дерек

КМҚК «Аягөз қалалық №6 бөбекжай-балабақшасы» тәрбиелеушісі — Адильханова Айгерім Бейсенғазиновна.