Назарбаев кім

Казиева Арайлым Талдыбайқызы

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ

Мақсаты

  • Еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуына орай оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге және құрметтеуге баулу.
  • «Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ» идеясын түсіндіру, білім туралы ой-өрісті кеңейту.
  • Білімнің қоғамдағы маңызы мен пайдасын ұғындыру.

Құрал-жабдықтар мен әдістер

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар, сылдырмақ.

Әдістер

Ойын, талдау–жинақтау, сұрақ–жауап, көрнекілік.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Барлығы:

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Сәлемдестік бәріңе әдеппенен біз.
Қуансаңыз сіз, қуанамыз біз.
Сізге де, сізге де, сізге де,
Сәттілік тілейміз біз.

Мұғалім:

Данасы мен батыры көп қазақпын,
Көрген талай қияметін азаптың.
Аршындаймын көк туымды шалқытып,
Жасай берсін, тәуелсіздік, азат күн!

Құрметті оқушылар! Еліміздің тәуелсіздік алғанына қанша жыл толды? 20 жыл

Сіздерді Тәуелсіздігімізге 20 жыл толу мерекесімен құттықтаймын. Қазақстанның барлық қалаларында осы мерекеге байланысты ауқымды іс-шаралар өткізіліп жатыр. Біздің мектебімізде де «20 жұлдызды күн» аясында тәрбиелік сабақтар ұйымдастырылуда.

Бүгін, 8 желтоқсан — Азаматты қорғау күні. «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» деген ұстанымға сай, бүгінгі сайыс сабағымыздың ерекшелігі — сыныбымыздың көшбасшысын анықтау.

Сабаққа белсенді қатысуларың, нақты әрі дұрыс жауап берулерің — Тәуелсіздігімізге қосқан өз үлестерің.

Сайыс құрылымы

Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Бөлімдер қазақтың ұлттық ойындарының атауларымен аталады.

Кезеңдер

  1. Аламан бәйге (2 бөлім)
  2. Көкпар
  3. Полиглот
  4. Жорға
  5. Бейнесұрақ
  6. Бәйге (2 бөлім)

Бағалау тәртібі

Сайысты бақылап, қорытынды шығаратын сарапшы: Бастауыш сынып мұғалімі Булегенова Ақмарал Тыныштыққызы.

Жауап беру кезінде сигналдық белгілер қолданылады. Әр оқушының алдында сигналдық белгі болады.

Оқушыларға сәттілік тілейміз!

Кезеңдер мазмұны

1-кезең: Аламан бәйге (I бөлім)

Кеспе қағаздағы сөздерді оқып, әр сөздің дыбыс саны, әріп саны, буын саны, дауысты және дауыссыз дыбыстар санын анықтау.

Ескерту

«Баста!» деген белгі берілгенде ғана кірісеміз.

Сөздер

Қыс, көктем, жаз, оқушы, орындық, тақта, парта, дәптер, мектеп, желтоқсан, қаңтар, ақпан, қазан, қараша, мұғалім, қалам, өшіргіш, наурыз, көкек.

Үлгі: «қазан» — 5 дыбыс, 5 әріп, 2 буын (дауысты/дауыссыз саны анықталады).

1-кезең: Аламан бәйге (II бөлім)

Кеспе қағаздардағы есептерге ауызша жауап беру.

9 − 3
3 + 7
7 − 3
4 + 2
10 − 0
5 + 4
4 + 3
8 − 5
2 + 3
9 − 5
5 + 0
8 + 2
9 − 4
2 + 0
8 − 3
7 − 3
5 + 5
10 − 5
7 + 3
4 − 3

Бұл кезеңде жақсы жауап берген оқушылар атап өтіледі. Мүдірген оқушылар осы турдан шығады.

2-кезең: Көкпар

«Әліппе серігі» бойынша жаттаған әріптерге қатысты тақпақтардың бірін айту. Дайын болған оқушы сигналдық белгіні көтереді.

Кезең соңында сарапшы қорытынды шығарады.

3-кезең: Полиглот

Жұмбақтардың жауабын тауып, қазақша және орысша баламасын айту (сигналдық белгі арқылы).

Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.

Жауабы: шаңғылыжи

Тікен-тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.

Жауабы: шыршаёлка

Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар.

Жауабы: бормел

Тық-тық етеді,
Уақытты көрсетеді.

Жауабы: сағатчасы

Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.

Жауабы: күнсолнце

Жауаптар слайд арқылы суреттермен бекітіледі. Кезең соңында сарапшы қорытындысын айтады.

4-кезең: Жорға

Сан артында жасырылған тапсырмаларды орындап, ұпай жинау.

Сұрақтар үлгісі

  • 10: Биыл Тәуелсіздігімізге қанша жыл толды? 20
  • 20: Қазақстанның астанасы қай қала?
  • 30: Жыл мезгілдерін ата.
  • 40: Медеу мұз айдыны қай қалада орналасқан?

Қосымша тапсырмалар

  • 10: Итмұрын дегеніміз не?
  • 20: ҚР рәміздерін ата.
  • 20: Математикалық фигураларды ата.
  • 40: Адамдар табиғаттан үйреніп жасаған заттарды ата.
  • 10: Аюдың қысқы тіршілігін сипатта.
  • 20: 9 − 8 = ?
  • 20: Табиғат нешеге бөлінеді?
  • 40: Апайда 3 гүл бар. Мен 3 гүл сыйладым. Енді апайда қанша гүл болды?

Осы турдың қорытындысы бойынша келесі кезеңге 3 оқушы ғана өтеді.

5-кезең: Бейнесұрақ

Экраннан мұғалімдер сұрақ қояды. Оқушылар қысқа әрі нақты жауап береді.

1) Орынтайева Гүлмира Пернетайқызы (әдістемелік іс меңгерушісі)

Сұрақ: Ауаның температурасын өлшейтін құралды ата.

Жауап: Термометр.

2) Адамьянова Шолпан Советқызы (тәрбие іс меңгерушісі)

Сұрақ: Адамдардың табиғаттан үйреніп жасаған заттарын ата.

Жауап: қайық, ұшақ.

3) Құланбаева Бақыт Жаппасқызы (бастауыш сынып мұғалімі)

Сұрақ: Менде 6 кітап бар, сендерге 5-еуін сыйладым. Менде неше кітап қалды?

Жауап: 1 кітап қалды.

6-кезең: Бәйге

Экраннан А, Ә, Б әріптерінің бірін таңдап, 1 минут ішінде 5 сұраққа мүдірмей жауап беру керек.

А нұсқасы

  1. Б қандай дыбыс?
  2. Елбасымыз кім?
  3. (Сұрақ көрсетіледі)
  4. 5 + 3 = ?
  5. Үй жануарларын ата.

Ә нұсқасы

  1. Ш қандай дыбыс?
  2. Президент кім?
  3. (Сұрақ көрсетіледі)
  4. 4 + 4 = ?
  5. Үй құстарын ата.

Б нұсқасы

  1. О қандай дыбыс?
  2. Назарбаев кім?
  3. (Сұрақ көрсетіледі)
  4. 6 + 2 = ?
  5. Жабайы жануарларды ата.

Бұл ойында оқушылар өте жақсы жауап береді. Келесі «Ойланып көр» бөлімінде түрлі фигуралардан мағыналы бір зат құрастырылады.

Қорытынды

Қорытынды бөлімде әділқазылар алқасы нәтижені жариялап, жеңімпазды анықтайды. Жеңімпаздар марапатталып, сыйлықтар табысталады.