Бөлшектерді оқыңдар
Сабақ туралы
Сабақтың тақырыбы
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Сабақтың түрі
Жаңа білім мен дағдыны қалыптастыру сабағы
Көрнекілігі
- Плакаттар
- Үлестірме қағаздар
Сабақтың мақсаты
-
Ондық бөлшектерді оқу, жазу, салыстыру; ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде және керісінше жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазу бойынша білім мен дағдыларды пысықтау және қайталау.
-
Ондық бөлшектерді қосу және азайту ережелерін меңгерту.
-
Ережелерді есеп шығаруда және өзіндік жұмыстарда қолдануға жаттықтыру.
-
Логикалық ойлауды және математикалық сауаттылықты дамыту.
Сергіту сәті (ауызша)
1) Бөлшектерді оқыңдар
2) Ондық бөлшекті жазып көрсет
Екі бүтін оннан бес
2,5
Жеті бүтін мыңнан елу алты
7,056
Қырық екі бүтін жүзден екі
42,02
Нөл бүтін жүзден он бес
0,15
Жарайсыңдар, балалар!
Өткенді қайталап, сергіту сәтін сәтті орындадық.
Жаңа тақырыпқа кіріспе
Бұған дейін жай бөлшектерге қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдарын орындауды үйрендік. Ендігі сабақтарда ондық бөлшектермен амалдар орындауды жалғастырамыз.
Күнделік жазба
- Күні
- 26 ақпан
- Тақырыбы
- Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Мысалдар: ондық бөлшектерді қосу
Ондық бөлшектерді қосқанда үтірлерін бір бағанға туралап, қажет болса разрядтарды нөлдермен толықтырамыз.
Мысал 1
0,12 + 1,29
1,41
Баған түрінде
1,29 + 0,12 ------ 1,41
Мысал 2
12,56 + 1,3
13,86
Нөлмен толықтыру
12,56 + 1,30 ------- 13,86
Мысал 3
15,7 + 0,128
15,828
Разрядтарды теңестіру
15,700 + 0,128 ------- 15,828