Елің барда мәңгі бақи еленбек

Тақырыбы: «Ел мүддесі — ерге сын»

Бұл танымдық сабақ Қазақстанның мемлекет тарихындағы көрнекті тұлғалардың еңбегін танытуға және оқушылардың азаматтық құндылықтарын нығайтуға бағытталған.

Мақсаты

1

Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев және еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру.

2

Жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену мен оқу арқылы қалыптастыру, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3

Ұлы тұлғалардың халқына сіңірген еңбегін, ерлігін және қажырлы саясатын үлгі етіп, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Әдебиеттер топтамасы
  • Интерактивті тақтадағы слайдтар
  • Музыка
  • Шарлар мен жалаушалар арқылы безендіру

Сабақтың түрі

Танымдық сабақ.

Сабақ барысы (қысқаша)

I. Ұйымдастыру: сыныпты түгендеу, оқушыларды екі топқа бөлу.

II. Жаңа сабақ: 1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күні; Д. А. Қонаевтың өмірі мен қызметі.

1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күні

Ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға толықтырулар енгізу туралы заң қабылданып, аталған күнді атап өту мақсаты айқындалды.

Заңның қабылдануы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің ел дамуына сіңірген еңбегін тануға мүмкіндік береді және азаматтардың отаншылдық рухын күшейтуге ықпал етеді.

Өшпейді ғой, өлмейді ғой ұлы еңбек,

Елің барда мәңгі бақи еленбек.

Ел үшін атырам деп жарық таңды,

Сіңірдің жан аямай көп еңбек.

Оқушының өлең жолдарынан

Советтік Қазақстан және Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев — Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Ол үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атанып, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі болды. Техника ғылымдарының докторы ретінде елдің өндірістік және ғылыми әлеуетін дамытуға үлес қосты. КСРО және шет мемлекеттердің ордендері мен медальдарының иегері.

Өмірбаяны

Д. А. Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келді. Алматыдағы №14 мектепті үздік аяқтаған.

Оқу жолы

Орта мектепті бітіргеннен кейін, Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен 1936 жылы Мәскеудегі Түсті металл және алтын институтына тау-кен инженері мамандығы бойынша оқуға жіберілді. Институтты ойдағыдай тәмамдады.