Мұғалім сөзінің синонимі
«Кім жүйрік ойға — сол алда»
Бұл сыныптан тыс шара 4 «А» сынып оқушыларының білімін шыңдап, өздерін еркін ұстауына, жылдам әрі нақты жауап қайтаруына бағытталған. Сонымен қатар оқушылардың ынтасын арттырып, қазіргі заман талабына сай түрлі білім сайыстарына қатысуға дайындауды көздейді.
Мақсат 1
Білім-білік дағдыларын байқау, өз-өздерін емін-еркін ұстай білуге үйрету, білім деңгейін толықтыру, тез әрі нақты жауап беруге дағдыландыру.
Мақсат 2
Ынтаны арттыру, әртүрлі білім сайыстарына қатысуға даярлау; ойлау, зейін және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Мақсат 3
Отанды, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу; белсенділікке, сапалылыққа, білімді, дарынды, озық болуға баулу.
Шараның барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
II. Мұғалімнің сөзі
Бүгін сіздер 4 «А» сынып оқушыларының «Кім жүйрік ойға — сол алда» атты сыныптан тыс шарасына қош келдіңіздер! Халқымыз жан-жақты адамды «сегіз қырлы, бір сырлы» дейді. Адамның сегіз қырының бірі — оның білімі. Ендеше, бүгін 4 «А» сынып оқушылары өздерінің алған білімдерін ортаға салады. Оқушыларға сәттілік тілейміз!
Ойын кезеңдері
I. «Біліміңді шыңда»
«Қазақ тілі — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені —
Қуанышым, бақытым, дара тілім», —
деп ақын-жазушыларымыз жырлағандай, бірінші айналымның тапсырмалары қазақ тілі пәні бойынша беріледі.
I топ
10 сұрақ- Зат есім дегеніміз не?
- Мәтіннің қандай түрлері бар?
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
- «Мұғалім» сөзінің синонимі қандай?
- «Балақай» сөзінде неше буын бар?
- Мәтінге ат қою деген не?
- Біріккен сөздер дегеніміз қандай сөздер?
- Жалқы есім дегеніміз не?
- Етістіктің неше шағы болады?
- Үстеу дегеніміз не?
II топ
10 сұрақ- Етістік деген не?
- Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.
- «Балапан» сөзінде неше буын бар?
- Мәтіндегі негізгі ой дегеніміз не?
- Сөз таптары дегеніміз не?
- Жалпы есім дегеніміз не?
- Қазақ тілінде неше септік бар?
- Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
- «Ғ» қандай дыбыс?
- Шылау дегеніміз не?