Ата әжеге

8

Көктем мерекесіне арналған ертеңгілік

8 Наурыз — аналарға алғыс пен құрметтің, мейірім мен жылылықтың мерекесі. Бұл күннің орны әрдайым бөлек: өйткені аналарға деген ыстық сезім ешқашан сөнбейді.

Жүргізушінің құттықтауы

Қош келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 Наурыз мерекесі де келіп жетті.

Аналар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Тынымсыз тіршілік пен кең дүниеде әр сәби жүрегі «анам» деп соқса, бүгінгі «Ана — бақыт, ана — нұр» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Ендеше, балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

Жүргізушілер сөзі

І жүргізуші

Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық.

ІІ жүргізуші

Сіздерден өскен балалар —
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мерекемен,
Құрметті, абзал аналар!

І жүргізуші

Қымбатты, ақ жаулықты әжелер, асыл аналар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі — 8 Наурыз күнімен құттықтаймын!

ІІ жүргізуші

Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, нұрлы келбетті аналарымызды және сыныптас қыздарды көктемнің шұғылалы мерекесімен құттықтаймын!

Сахналық көрініс: «Бауырсақ»

Ертеде ата мен әже өмір сүріпті. 8 Наурыз мерекесі келіп, ата әжеден бауырсақ пісіруді өтінеді.

Ата

Әжесі, 8 Наурыз мерекесіне ыстық бауырсақ пісіріп берші.

Әже

Пісірейін, атасы. Қазір дайындаймын.

(Әже қамыр илеп, бауырсақты пешке пісіреді.)

Сенім (баяндаушы)

Әже бауырсақтың қамырын илеп, пешке салып пісіріп алды.

Әже

Бауырсағым қандай әдемі! Сап-сары, дәмі тіл үйіреді, иісі қандай тәтті! Енді суысын деп терезе алдына қояйын.

Махаббат (баяндаушы)

Әже бауырсақты терезе алдына қойып қояды.

Димаш

Кемпірім, білесің бе, немерелеріміз келгенде бізге ән айтатын еді ғой. Сол әуенді сағынып отырмын.

Аяулым

Иә, керемет ән айтушы еді.

І жүргізуші

Ата, әже, енді қыздарыңыз сіздерге сол әсем әнді орындап берсін.

Ән:

«Анашым»

Орындайтын: Биболатқызы Еркеназым

Әжелерге арналған тақпақтар

Балалар әжелеріне арнаған жүрекжарды өлеңдерін оқиды.

Аяулым

Ертегісі қандай көп,
Күнде айтып береді.
Қуанатын балаша,
Апам менің тамаша!

Дәулет

Менің әжем — ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы, әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.

Негізгі ой

Анаға құрмет — адамдықтың өлшемі. Жылы сөз, ізгі ниет, ықылас пен қамқорлық — аналарға берілер ең үлкен сый.