Үлкеннің сөзін бөлме

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Байхожа елдімекені

№258 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Қалабаева Гүлфариза Қаржаубайқызы

Әдепті бала — арлы бала

Тәрбие сағатының өзегі — оқушыларды жақсылық пен жамандықты, әдептілік пен әдепсіздікті ажырата білуге үйрету. Әдептілік — адамдардың өзара қарым-қатынасындағы сыйластық, жүріс-тұрыстағы сыпайылық, үлкенді құрметтеу мен кішіпейіл болудың айқын белгісі.

Тәрбие жұмысының мақсаты

  1. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, еңбексүйгіштікке, әдептілікке тәрбиелеу. Әдеп пен сыпайылық арқылы жаман әдеттерден аулақ болуға баулу.
  2. Үлкенді сыйлауға, кішіні құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың құрылымы

  • I Ұйымдастыру
  • II Кіріспе сөз
  • III Бөлімдер бойынша жұмыс (өлең, сұрақ-жауап, нақыл, ырым-тыйым)
  • IV Қорытынды: Абайдың «Адам болам десеңіз» өлеңін мәнерлеп оқу

Кіріспе сөз

Құрметті оқушылар, ұстаздар! «Баланы жастан бақпасаң, жамандықтан қақпасаң, қадірден жұрдай қасқа боп, кешкенің өмір босқа тек», — дегендей, бүгін біз оқушыларды жақсылық пен жамандықты, әдептілік пен әдепсіздікті ажырата білуге тәрбиелеу мақсатында «Әдепті бала — арлы бала» атты жиынымызды өткізгелі отырмыз.

Негізгі ой

Әдептілік — сыйластықтың тілі; сыпайылық — мәдениеттің көрінісі; кішіпейілділік — адамгершіліктің өлшемі.

1-бөлім: «Не деу керек?»

Бұл бөлімде күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдаяттар арқылы сыпайы сөздерді орнымен қолдану үйретіледі.

1-оқушы

Апаң сенің базардан алма сатып әперді.
Ең үлкенін, жақсысын саған таңдап әперді.
Не деу керек?

Хормен: «Рахмет, апа!» деу керек.

2-оқушы

Балалар жүр көшеде, естілді шу-айқай.
Сен де шықтың, досыңды қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?

Хормен: «Кешіріңіз» деу керек.

3-оқушы

Осы келген бетіңде допты қудың, жарыстың.
Көшенің сол шетінде кезікті бір апайың.
Ұмыттың сен не деуді?

Хормен: «Сәлеметсіз бе?» деу керек.

2-бөлім: «Сұрақ–жауап»

Мінез-құлықты сипаттайтын жұмбақ сұрақтар арқылы оқушылар жақсы әдет пен жағымсыз қасиеттерді ажыратады.

4-оқушы

Ілгек-түйме жұлынып, кешке дейін алысады.
Әркімге бір ұрынып, құспен-малмен жарысады.
Ол қандай бала?

Жауабы: қиқар бала.

5-оқушы

Шашы түсіп көзіне, түсінбейді нақыл сөзді де.
Үлкендермен таласады, дәлел табады өзіне.
Ол қандай бала?

Жауабы: жалқау бала.

6-оқушы

Дәптер, сөмке — бәрі де дал-дал болып жыртылған.
Сия төгіп, бантісін былғап, сыртын шимайлаған.
Ол қандай бала?

Жауабы: салақ бала.

7-оқушы

Алдын орап кісінің, кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің, сәлемдесіп жол берем.
Ол қандай бала?

Жауабы: әдепті бала.

8-оқушы

Жүрем тура жолменен, жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізер мұратқа деп, тек шындықты көздеймін.
Ол қандай адам?

Жауабы: әділетті бала.

9-оқушы

Өзгелерден өзімді санамаймын жоғары.
Артық айтпай сөзімді, желпінбеймін ешқашан.
Ол қандай бала?

Жауабы: кішіпейіл бала.

Мұғалімнің қорытынды сұрақтары

1. Сыйлап үлкен ағаны, сәлем берген баланы кім дейміз?

Хормен: «Ұқыпты екен» дейміз.

2. Таудай биік талабы бар, жақсы оқитын баланы кім дейміз?

Хормен: «Үлгілі екен» дейміз.

3-бөлім: Әдептілік, ар-ұят және ырым-тыйым

«Әдептілік — ар-ұят, адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез — тағы жат, надандықтың белгісі.»

Ендеше, ұлттық тәрбие мен мәдениеттің мәйегі болған қазақтың ырым-тыйымдарына назар аударайық:

  • Бүйіріңді таянба.
  • Үлкеннің алдын кеспе.
  • Үлкеннің сөзін бөлме.
  • Үйге қарай жүгірме.
  • Жалғыз ағашты кеспе.
  • Күлді баспа.
  • Түнде тырнақ алма.
  • Малды теппе.
  • Ақты төкпе.
  • Босағаны керме.

Қорытынды бөлім

Сабақты қорытындылау ретінде Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» атты өлеңін мәнерлеп оқу ұсынылады. Бұл — баланы білімге, еңбекке, мінез түзетуге шақыратын тағылымы терең өсиет.