Біліміңді байқап көр

Сабақтың мақсаты

Бұл сабақта тригонометриялық функциялардың туындысын есептеу дағдылары бекітіледі, студенттердің пәнге қызығушылығы арттырылып, өз бетінше жұмыс жасау мәдениеті қалыптастырылады.

Білімділік

Функциялардың туындыларын табуға есептер шығару арқылы машықтандыру; алған білімді тереңдету, жинақтау және жүйелеу.

Дамытушылық

Ой-өрісті кеңейту, логикалық ойлауды дамыту және пәнге қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік

Жылдам ойлап, тез қорытынды жасауға, жауапкершілікке, өз бетінше білім алуға баулу және ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Сәлемдесу, сабақтың мақсатын және өту барысын хабарлау.
  2. 2 Үй тапсырмасын тексеру.

Қорытынды бөлім

  1. 1 Үй тапсырмасын беру.
  2. 2 Бағалау.

Негізгі бөлімдегі тапсырмалар

1) Кім шапшаң?
2) Біліміңді байқап көр
3) Математикалық лото
4) Кім зерек?
5) Сиқырлы сандықша
6) Математика тарихын білеміз бе?

Жаттығулардың мазмұны

1) «Кім шапшаң?» (Ой қозғау стратегиясы)

Жедел сұрақ-жауап

Мақсаты

Тақырыпқа қатысты студенттердің білімін бақылау, толықтыру және пысықтау.

Шарты

Тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беріледі. Дұрыс жауаптар фишкалар арқылы бағаланады.

2) «Біліміңді байқап көр»

Топтық есеп

Мақсаты

Туынды табу ережелерін қолдана отырып, функцияның, күрделі функцияның және тригонометриялық функциялардың туындысын есептеу. Тарау бойынша алынған білім, іскерлік және дағдыларды дамыту.

Шарты

Студенттер 4–5 адамнан тұратын 3 топқа бөлінеді. Әр топ берілген тапсырмаларды бірлесіп орындайды және есептерді шығарады.

  • Тапсырманы бір студент тақтаға жаза алады немесе топ мүшелері кезектесіп шығара алады.
  • Қате кеткен жағдайда, топ мүшелері қатені түзетуге көмектеседі.