Жемісінің құрылысымен танысу
Сабақтың тақырыбы
Жуа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік формалары.
№28 зертханалық жұмыс: жуа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысымен танысу.
Сабақтың мақсаты
Жуа тұқымдас өсімдіктердің гүлдері мен жемісінің құрылысымен танысу және теориялық білімді тәжірибеде қолдану.
Міндеттері
- Жуа тұқымдас өсімдіктермен таныстыру.
- Жуа тұқымдас өсімдіктер гүлдерінің құрылысын талдау.
- Жемісінің құрылысымен танысу.
- Теориялық білімді практикада қолдану.
- Топтық жұмыс барысында пікір алмасу және алған білімді бекіту.
Сабақтың форматы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Жеке және топтық жұмыс, сұрақ-жауап, қорыту, талдау, бекіту, бағалау.
АКТ және көрнекілік
Интерактивті тақта, стикерлер, маркерлер, флипчарттар, плакаттар, суреттер.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар жуа тұқымдас өсімдіктердің түрлерін және құрылысын ажырата алады.
- Зертханалық жұмыс барысында гүл мен жеміс құрылысын танып, өмірде қолдана біледі.
- Жуа тұқымдас өсімдіктердің халық шаруашылығындағы маңызын түсінеді.
- Бір-біріне сұрақ қойып, жауапты нақтылап, бағыттай алады.
- Ой қорытып, өз пікірін негіздеп айтады.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Амандасу.
- 2 Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: жұптасып бір-біріне тілек айту.
- 3 Төрт топқа бөлу: оқушыларға өткен тақырып (лалагүлділер тұқымдасы) бойынша өсімдік атаулары жазылған карточкалар таратылады, соған сәйкес топтарға бірігеді.
Үй жұмысын тексеру
Сын тұрғысынан ойлау: 4 минут
Мұғалім оқушылардың жай және күрделі сұрақ қоя алуын бақылап, жауаптарына қарай нақтылаушы сұрақтар қояды.
Жаңа сабақ: ой қозғау
Сұрақ: Біз күнделікті тағамға қандай көкөніс өсімдікті қосамыз? Бұл өсімдіктің маңызы туралы не білесіздер?
Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, мұғалім қосымша сұрақтар арқылы талқылауды тереңдетеді.
1-тапсырма
Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты суреттер көрсетіледі. Оқушылар берілген ақпаратқа сүйеніп, сурет бойынша шағын ертегі құрастырады және постер әзірлейді.
2-тапсырма
Оқушылар зертханалық жұмыстың мақсатымен танысады, топ ішінде талқылайды және жеке кестеге бақылау нәтижелерін түсіреді.
№28 зертханалық жұмыс
Тақырыбы
Пияз туыстас өсімдіктердің гүлдерінің құрылысы және жемісі.
Мақсаты
Пияз туыстас өсімдіктердің гүлдері мен жемісінің құрылысын зерттеу.
Құрал-жабдықтар
- Пияз туыстас гүлшоғырлар
- Ұлғайтқыш әйнек
- Қысқыш
Жұмыс барысы
- 1. Пияз өсімдігінің гүлшоғырының құрылысымен танысу.
- 2. Күлте жапырақшаларының санын анықтау және олардың түсін сипаттау.
- 3. Аталық пен аналықтың құрылысын қарастыру.
- 4. Жемістерінің ерекшеліктерін анықтау.