Жаңа сабақ. Сабақтың түрі

Қазақ тілі Грамматика Есімше

Сабақтың мақсаттары

Білімділік мақсаты

Есімшенің тәуелдену, жіктелу, көптелу, септелу жолдарын түсіндіру. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық мақсаты

Оқушылардың ойлауын дамыту, салыстыру арқылы ерекшеліктерін анықтауға төселдіру. Тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты

Тазалыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерге баулу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру, үй тапсырмасын сұрау (161, 163-жаттығулар).

II. Жаңа сабақ

1) Қызығушылықты ояту

«Шаттық шеңберін» құрып, оқушылардың бір-біріне айтқан тілектеріне назар аударамыз. Тілектердің ішінде өлшенбейтін жақсылық, сөнбес достық, күлімдеген күн, жадыраған ауа райы сияқты тіркестер кездеседі. Осы тіркестерден түбір сөзге жалғанған есімше жұрнақтарын байқаймыз.

Сұрақ

Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

1) -ған, -ген, -қан, -кен

Мысалдар: ал-ған, көр-ген, айт-қан, кет-кен.

2) -ар, -ер, -р; болымсыз тұлғадан кейін -с

Мысалдар: бар-ар, кел-ер, оқы-р, айтпа-с, көрме-с.

3) -атын, -етін, -йтын, -йтін

Мысалдар: айт-атын, кел-етін, тыңда-йтын, сөйле-йтін.

4) -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек

Мысалдар: бар-мақ, кел-мек, жаз-бақ, без-бек, шаш-пақ, төк-пек.

Есімшенің қызметі

Есімше — етістіктің ерекше түрі. Ол сөйлемде екі түрлі мәнде және екі түрлі қызметте жұмсалады: бірде жіктеліп етістік қызметін атқарады, бірде есімдерше түрленіп (септеліп, көптеліп, тәуелденіп) есім қызметін атқарады. «Есімше» атауының өзі осы қасиетіне байланысты.

Тәуелдену

Ұлт әдебиетін Шоқан, Абай, Ыбырай сияқты алыптардың орнықтырғаны белгілі.

Септелу

Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан, Жалыналық Абайға, жүр баралық!

Септелу + көптелу

Шиқанымды езгендей шықты жаным, айтқанда естігендер ұғып келіп.

Жіктелу

Қойың қыстан әбден титықтады, малыңнан айрыларсың деді.

2) Оқулықпен жұмыс

167-жаттығу: қарамен жазылған есімшелерді тұлғасына қарай талдау (сатылай кешенді талдау). Тапсырма тақтада орындалады.

3) «Ойлан, тап!» айдары

Әдебиетпен байланыс

Әдебиет сабағында өткен тақырыптар бойынша сөйлем беріледі. Сөйлем ішінен есімшені тауып, берілген нұсқа бойынша түрлендіріңіз (септе / жікте / тәуелде).

а) (Септе)

Ж. Аймауытов — «Әнші»

Бұл қаланың бір жақсы жері — қазақтың оқыған балаларын сыйлайды. Балалары үлкендерін сыйлайтын болғаны ғой.

ә) (Жікте)

Ж. Аймауытов — «Әнші»

Барарсың, азырақ ән салып кет...

б) (Жікте)

Ж. Жабаев — «Алғадай туралы әрбір ой»

Көңілі бос кәрінің, көкейлерің ұғынар. Көтермей жан жалынын, көзден жасы құйылар.

в) (Жікте)

С. Сейфуллин — «Бандыны қуған Хамит»

Жаудың саусағы және бір қимыл етіп қалса, мылтық тағы да атылмақ.

г) (Септе)

Ж. Аймауытов — «Әнші»

Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды. Отырғандар аузын ашып аңырды, әнші жіберді.

ғ) (Тәуелде)

І. Жансүгіров — «Әнші»

Арғынмын, атым Әсет, арындаған, Арындап ән сала ма дарымаған? Аспанның аясында ән шалқытқан, Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған.

4) Шығармашылық жұмыс

Оқушылар өздері құрастырған 2–3 сөйлем арқылы есімшенің түрленуін көрсетеді: бір сөйлемде есімше етістік қызметінде, бір сөйлемде есім қызметінде қолданылсын.

III. Бекіту

Жедел жауап: есімшені етістікке айналдыру

Түрлендіру
Есімшелі тіркес Етістікке айналуы
Орылған егін Егін орылды.
Көрер көз Көз көрді.
Істейтін жұмыс Жұмыс істелді.
Тыңдалған әңгіме Әңгіме тыңдалды.
Шырқалған ән Ән шырқалды.
Ұшқан құс Құс ұшты.
Басар тау Тау басылды.
Піскен ас Ас пісті.

IV. Қорытынды

Сөзжұмбақ

  1. 1 Оқушыға күнде еріп жүретін не? (күнделік)
  2. 2 Шәкіртке жанашыр, мейірімді, жаны асыл кім? (ұстаз)
  3. 3 Көктем айы. (сәуір)
  4. 4 Жылт-жылт етеді, жырадан өтеді. (су)
  5. 5 Оттан да ыстық не? (Отан)
  6. 6 Аз сөз — алтын, көп сөз — ... (көмір)
  7. 7 Жыл мезгілі. (көктем)

Түйін

Қорытындылай келе, есімшенің бірде жіктеліп етістік қызметін атқаратынын, ал бірде септеліп, көптеліп, тәуелденіп есім қызметінде жұмсалатынын түсіндік. «Есімше» атауының «есімдер сияқты» деп аталуы да осы ерекшелікке байланысты.

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.

V. Үй тапсырмасы

Есімше қатысқан 5 мақал-мәтел жазып, әрқайсысындағы есімшенің түрлену жолын (тәуелденуі, жіктелуі, көптелуі, септелуі) қысқаша түсіндіріңіз.