Қызығушылықты ояту Сұрақ - жауап
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Сан есім бойынша өткенді пысықтау; санға байланысты қолданылатын сөздермен танысу; жаттығу жұмыстары арқылы білімді бекіту.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін және белсенділікті арттыру; тыңдау дағдысын дамыту; жазу машықтарын қалыптастыру; сөздік қорын және тіл байлығын жетілдіру.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Баяндау
- Ой қозғау
- Жаттығу
- СТО
Сабақтың барысы
-
I. Ұйымдастыру
Амандасу, оқушыларды түгелдеу, барлық оқушының зейінін сабаққа аудару.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық! -
II. Өткенге шолу
I кезең: «Қызығушылықты ояту» — сұрақ-жауап
- Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
- Сан есім дегеніміз не?
- Сан есім құрамына қарай қандай топтарға бөлінеді?
- Сұрақтарын ата.
- -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары арқылы қандай сан есім жасалады?
- Болжалдық сан есім қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
- Жүздеген, мыңға жуық — қандай сан есім?
- Қандай жағдайда дефис қойылмайды?
- Біздің мектеп неше қабатты?
- Реттік сан есімге мысал келтір.
-
III. Жаңа сабақ
II кезең: «Мағынаны тану»
Сағаттардың суреттері көрсетіледі (көрнекілік).
Сұрақ: «Мына суреттен нелерді көріп тұрмыз?»
Жауап: «Бұлар — сағаттар.»
Бүгінгі сабақ тақырыбы сағатқа байланысты. Қазақ тілінде уақыттың қанша болғанын айтуға үйренеміз және жаттығамыз.
Сағат түрлері
Сағаттың түрлері өте көп. Төмендегі атауларды сәйкестендіріп, «жұбын табу» тапсырмасы орындалады.
- Қол сағаты
- Үстел сағаты
- Қабырға сағаты
- Құм сағаты
- Қалта сағаты
Тіл білімі: сан есім жалғаулары
Сан есім + шығыс септік жалғауы
Мысал: Сағат оннан бес минут кетті.
Мысал: Сағат оннан он кетті.
Сан есім + барыс септік жалғауы
Мысал: Сағат онға бес минут қалды.
Мысал: Сағат екіге он минут қалды.
Дәл уақыт: Сағат тура (…).
-
IV. Бекіту (жаттығу)
4-тапсырма: «Сағат қанша болды?» (жазбаша жұмыс)
- Сағат тоғыз болды.
- Сағат бір жарым болды.
- Сағат екіден он бес минут кетті.
- Сағат үшке он минут қалды.
Ауызша жұмыс
Берілген сағаттарды пайдаланып, жұппен сөйлесу: оқушылар бір-біріне уақытты сұрап, жауап береді.
5-тапсырма: берілген уақытты оқылуымен жұптастыр
Уақыт (цифрмен)
- 11:25
- 15:30
- 19:45
- 23:55
Оқылуы
- Сағат сегізге он бес минут қалды.
- Сағат он екіге бес минут қалды.
- Сағат үш жарым.
- Сағат таңертеңгі он бір жиырма бес.
-
V. Қорытынды
- Бүгінгі сабақта нені үйрендік?
- Сағаттың қандай түрлері бар? Мысал келтір.
-
VI. Үйге тапсырма
4-тапсырма: 147-бет.
-
VII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының толықтығы және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.