Оңтүстік Американың климаты

Астана қаласы, №68 орта мектеп • География пәні мұғалімі: Сеил Кәмшат Елтайқызы • 7-сынып

Сабақ тақырыбы: Оңтүстік Американың климаты

Бұл сабақта оқушылар Оңтүстік Американың климатын, оны қалыптастыратын факторларды және климаттық белдеулердің ерекшеліктерін карта мен климатограмма арқылы талдап үйренеді.

Жалпы мақсат

  • Оқушылардың Оңтүстік Американың климаты және оны қалыптастырушы факторлар туралы түсінігін қалыптастыру.
  • Негізгі және өтпелі климаттық белдеулер туралы білімін кеңейту.
  • Климаттық карта және климатограммамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Міндеттері

  • Материктегі климат жағдайының рекордтық көрсеткіштерінің себептерін анықтау.
  • Оңтүстік Американың ең ылғалды материк екенін дәлелдеу.

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Көрнекілік

Атлас, презентация, стикерлер

Сабақ кезеңдері

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Көшбасшылыққа бағытталған жұмыс және психологиялық ахуал қалыптастыру.
  • Оқушыларды климаттық белдеулер атауы бойынша 5 топқа бөлу.
  • Бағалау парақтарын тарату.

Теория: «Білу» деңгейі

Тақырып мазмұны бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Нені? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпаратты іріктеу.

Бағалау

1 дұрыс жауап — 5 ұпай

Үй тапсырмасы: «Сиқырлы мозайка»

  1. 1. Оңтүстік Американың суы мол өзені.
  2. 2. Дүние жүзіндегі ең ұзын тау.
  3. 3. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама.
  4. 4. Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі.
  5. 5. Ориноко өзені қай жазық арқылы ағып өтеді?
  6. 6. Материктің ең төмен жатқан нүктесі.
  7. 7. Анхель сарқырамасы орналасқан өзен.
  8. 8. Дүние жүзіндегі ең ірі эстуарийлік өзен сағасы.
  9. 9. Дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі.
  10. 10. Кактус өсімдігінің шыққан жері.
  11. 11. Өзен аңғарларымен қатты тілімденіп, мүжілуге ұшыраған үстірт.

Теория: «Түсіну» деңгейі

Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? сұрақтары арқылы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау.

Бағалау

1 дұрыс жауап — 5 ұпай

Ой шақыру

1) Климаттық белдеулер қандай түрлерге бөлінеді?

Негізгі және өтпелі.

2) Ауа массалары дегеніміз не?

Белгілі бір аумақта бірдей қасиеттерге ие (температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі) ауа көлемінің ірі жиынтығы.

3) Ауа массаларының түрлері және олардың қасиеттері

  • Экваторлық — ылғалды, ыстық.
  • Тропиктік — ыстық, құрғақ.
  • Қоңыржай — ылғалды, салқындау.
  • Арктикалық және антарктикалық — суық, құрғақ.

4) Климатты қалыптастыратын негізгі факторлар

Географиялық ендік, жер бедері, ауа массалары, мұхиттың ықпалы.

Себебін анықтау тапсырмасы (топтық жұмыс)

Әр топқа 5 түрлі климатограмма ұсынылады. Диаграммаларды талдай отырып, топ өзіне сәйкес климаттық белдеуді анықтайды және таңдаудың себебін түсіндіреді.

Нақтылау үшін жұмыс барысында мына белгілерге сүйеніңдер: жылдық температура амплитудасы, жауын-шашынның маусымдық таралуы, ылғалдану дәрежесі.