Кубизм әдісі бойынша жаңа сабақты меңгерту

Сынып: 10

Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктері

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушыларды тригонометриялық функциялардың графиктерін салу арқылы негізгі қасиеттерімен таныстыру, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету.
  2. График салу дағдысын қалыптастыру, оны практикамен ұштастыру, шығармашылық пен ойлау қабілетін дамыту.
  3. Мәдениеттілікке, сауатты жазуға, ізденімпаздық пен шапшаңдыққа тәрбиелеу, дүниетанымды кеңейту.

Сабақ туралы қысқаша

Көрнекілігі
Интерактивті тақта, куб
Сабақтың түрі
Кубизм әдісі бойынша жаңа сабақты меңгерту
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ–жауап, ойын элементтері

Психологиялық дайындық

«Математика – ғылымдар патшасы» деп мойындаған бар ғылым жер шарында.
Сол қағида тағы да дәлелденбек бүгінгі сабақ жоспарында!

Бүгінгі сабақта «Кубизм» әдісі қолданылады. Кубтың 12 қыры, 6 жағы, 8 төбесі бар. Сабақ мазмұнын кубтың 6 жағы арқылы кезең-кезеңімен қамтимыз.

Сабақтың құрылымы

Кезеңдер

  1. І. Ұйымдастыру кезеңі
  2. ІІ. Психологиялық дайындық
  3. ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
  4. IV. Зерттеу
  5. V. Суреттеу
  6. VI. Түсіндіру
  7. VII. Сергіту сәті
  8. VIII. Қолдану
  9. IX. Сабақты қорытындылау
  10. X. Үйге тапсырма беру
  11. XI. Рефлексия
  12. XII. Оқушыларды бағалау

Кубизм әдісі бойынша өзек кезеңдер

І. Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы тақырыпты нақтылау, базалық білімді белсендіру.

ІІ. Зерттеу

Тригонометрия, синус, косинус, тангенс ұғымдарының шығу тарихы.

ІІІ. Суреттеу

Функция графиктерін сипаттау, негізгі белгілерін ажырату.

IV. Түсіндіру

Қасиеттерді дәлелдеп, логикалық байланыстарды көрсету.

V. Қолдану

Есептер арқылы бекіту, практикада қолдану.

VI. Сабақты қорытындылау

Негізгі ойларды жинақтау, кері байланыс беру.

Сабақтың басталуы

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа қажетті құралдарды партаның үстіне дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ

1-сұрақ: sin x функциясының периоды қандай?

Зерттеу бөлімі: терминдердің шығу тарихы

Тригонометрияның шығу тарихы

«Тригонометрия» сөзі алғаш рет 1505 жылы неміс математигі Питикустың кітабының мазмұнында кездеседі.

Тригонометрия ғылыми термин ретінде адамның практикалық әрекетінің нәтижесінде қалыптасты. Мысалы, осы әдістердің көмегімен қол жетпейтін нысандарға дейінгі қашықтықты анықтау және географиялық карталарды құрастыруға арналған жер бедерінің геодезиялық көшірмесін жасау жұмыстары едәуір жеңілдеді.

Грек тілінен аударғанда: trigon — «үшбұрыш», metreo — «өлшеу». Демек, тригонометрия — үшбұрыштарды өлшеу туралы ғылым.

Синус, косинус және тангенстің шығу тарихы

Синус

Латынның sinus — «иілу», «қисықтық» деген мағынаны білдіреді.

Косинус

«Косинус» сөзі латынның complementi sinus — «толықтауыш синус» деген тіркесінің қысқартылған түрі.

Тангенс

Тангенсті X ғасырда араб математигі Абу әл-Вафо енгізген. Атауы латынның tangere — «жанасу» сөзінен шыққан.