Бүгін қандай мейрам
Жаңа жыл кеші басталады
Айнала тып-тыныш. Залда әсем безендірілген шырша жарқырап тұр. Шыршаның түбінде аю ұйықтап жатыр.
Көрініс
Әуен естіліп, залға әндетіп Аққала кіреді.
Аққаланың сәлемі
Аққала
Қар жауғанда топ бала,
Соқты келіп аққала.
Мұрным — сәбіз, үп-үшкір,
Көзім — көмір, қап-қара.
Көне шелек басымда,
Сыпырғышым қолымда.
Мен осындай аққала!
Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қандай әдемісіңдер, қандай сүйкімдісіңдер! Жаңа жыл мерекесіне дайынсыңдар ма? Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, шеңбер құрып Ақшақар әнін айтайық!
Күтпеген жағдай
Аққала шыршаны айналып жүріп, шалынып қалады.
Аққала: Ал, мынау жатқан не?
Аққала жатқан аюды таяқшасымен жеңіл түртеді.
Аюдың оянуы
Аю
Бұл кім менің мазамды алған? Мені неге ояттыңдар?
Қыста күн суытқанда мен ұйықтағанды жақсы көрем.
Сендер неге жиналып қалдыңдар? Неге әдемі киініп алдыңдар?
Бүгін қандай мейрам?
Аққаланың жауабы
Даламызға, қаламызға,
Жаңа жыл кіріп келеді.
Қартыңызға, балаңызға,
Жалынды сәлем береді.
Жаңа жылды біз тойлап, шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір — бәрі әзір.
Кел, аюжан, бізбен бірге мерекені тойлайық: би билеп, ән салайық!
Аю
Жаңа жылдың алдында тойды еске алайын.
Ұйқымды ашып сергідім, бүгін ұйықтамаймын!
Жылды қарсы алайық: би билеп, ән салайық.
Аққала: Балалар, ендеше аюға «Қонжық» әнін айтып берейік.
Қызыл телпек көмек сұрайды
Кенет
Ортаға Қызыл телпек жүгіріп кіреді.
Қызыл телпек
Көмектесіңдерші! Құтқарыңдаршы!
Аққала
Қызыл телпек, саған не болды?
Қызыл телпек
Мен сендерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтауға келе жатқан едім. Жолымнан қасқыр шығып, содан қашып келемін. Маған көмектесесіңдер ме?
Аққала: Балалар, Қызыл телпекке көмектесеміз бе?
Қасқырдың келуі
Дәл сол сәтте залға алқынып Қасқыр кіріп келеді.
Аққала: Ау, сәлеметсің бе, серім? Қайдан жүрсің алқынып? Жаңа жылың құтты болсын!
Қасқыр: Құтты болса, құтты болсын, әйтеуір етті болсын.
Аққала: Қасеке, бірдеңеден айырылғандай көзіңіз алақ-жұлақ етеді ғой?
Қасқыр: Әлгінде ғана Қызыл телпектен айырылып қалдым.
Аю: Қызыл телпек сенен қорыққан ғой.
Аққала: Қасеке, бүгін — мейрам, бүгін — той. Қулық-сұмдықты қой. Одан да мерекені бізбен бірге тойла.
Қасқыр: Онда менің көңіл-күйімді көтеріңдер.
Аққала: Балалар, Қызыл телпекке көмектесейік: би билеп берейік!
Қасқыр: Балалар, қандай әсем әуен, қандай көңілді би! Тіпті мен де билеп кетіппін. Бірақ мен сендермен ойнағым келеді: жеңсеңдер — Қызыл телпекті босатамын, жеңілсеңдер — орманға алып кетемін.
Аққала: Балалар, қасқырмен бірге ойнаймыз ба?