Жігер тобы

Сабақ туралы мәлімет

Мекеме

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектеп

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі Жәлімбетова Алмагүл Рзағалиқызы

Тақырып

«Ана тілім – ардағым»

Түрі

Дәстүрлі емес, интеллектуалды сайыс сабағы

Мақсаты

  • Ана тілінде таза сөйлеуге және тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Оқушылардың мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.
  • Тез ойлап, ұтымды жауап беруге, еркін сөйлеуге дағдыландыру.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Презентация
  • Плакаттар
  • Карточкалар

Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушыларды орналастыру.
  • Зейіндерін шоғырландыру.
  • Сабаққа психологиялық дайындық қалыптастыру.

Мұғалім сөзі

Ана тілі мен әдебиеті — әрбір ұлттың мақтанышы, асыл мұрасы. Қазақ халқы сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақал-мәтелмен өрнектеп сөйлейтін ел. Кез келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен-ақ шеше білген.

Тіл — ұлттың жаны, тіл — ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды. Құрметті ұстаздар мен оқушылар, ана тіліміз — қазақ тілінің мерейін көтеру болашақта сіздердің қолдарыңызда.

Бүгінгі формат

«Тапқыр достар» интеллектуалды сайыс сабағы арқылы «Ана тілім – ардағым» тақырыбында тәрбие сағатын өткіземіз. Белсенділік танытып, бір-бірімізге қолдау көрсетейік.

Топқа бөлу және әділқазылар

1-топ

Ұлан тобы

2-топ

Жігер тобы

Екі топтың қайсысы жеңіске жететінін анықтау үшін әділқазылар алқасын сайлаймыз.

Сайыс кезеңдері

  1. 1-кезең

    Таныстыру

    Топтың атауы мен ұраны.

  2. 2-кезең

    Сиқырлы сөздер

    Берілген сөзден бірнеше сөз құрау.

  3. 3-кезең

    Бәйге

    Мақал-мәтелдер сайысы.

  4. 4-кезең

    Сен білесің бе?

    Ұяшық ішіндегі сұрақтарға жауап беру.

  5. 5-кезең

    Кім жылдам?

    Сөзді ыммен түсіндіру.

  6. 6-кезең

    Ребус шешу

    Берілген ребусты уақыт ішінде шешу.

  7. 7-кезең

    Қорытынды

    Әділқазылар шешімі, жеңімпазды анықтау және марапаттау.

Кезеңдердің өткізілу тәртібі

1-кезең: Таныстыру

Алдымен топтар өздерін таныстырады. Сөз кезегі — «Ұлан» тобы мен «Жігер» тобына.

Ұлан тобы

Толағайдың тасындай,
Төрт ұланнан тұрамыз.
Сөзге жүйрік баламыз,
Ұлан тобы — осындай.

Жігер тобы

Сәлем бердік баршаға,
Оқушылар, сіздерге.
Жігер атты тобымыз,
Таныстырдық бәріңе.

2-кезең: «Сиқырлы сөздер»

Берілетін сөз

Қасқалдақ

Қай топ осы сөзден көбірек жаңа сөз құрастырса, сол топ көп ұпай жинайды. Уақыт — 2 минут.

3-кезең: «Бәйге» (мақал-мәтелдер сайысы)

Әр топ мақал-мәтел айтудан жарысады. Қай топ көп мақал-мәтел келтірсе, сол топ жеңімпаз атанады.

4-кезең: «Сен білесің бе?»

Интерактивті тақтада жеміс бейнесінің ортасында сандармен белгіленген ұяшықтар беріледі. Оқушы таңдалған ұяшықтың астындағы сұраққа дұрыс жауап берсе, тобына ұпай қосылады.

5-кезең: «Кім жылдам?»

Әр топ кезекпен карточкадағы сөздерді ыммен, жұмбақтап көрермендерге түсіндіреді. Уақыт — 2 минут.

6-кезең: Ребус шешу

Бұл кезеңде әр топқа жеке ребус беріледі. Ребусты 1 минут ішінде шешу қажет.

7-кезең: Қорытынды

Әділқазыларға сөз беріледі. Ұпай саны бойынша жеңген топ анықталып, марапатталады.

Жарыс заңы — ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол:
Еңбектену, жалықпау.