Формулалар сайысы

Сабақтың тақырыбы

Қысқаша көбейту формулаларын қолданып, қайталауға арналған есептер шығару.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: оқушыларды қысқаша көбейту формулаларын есептер шығару барысында тиімді қолдана білуге үйрету.
  • Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін және танымдық белсенділігін арттыру.
  • Тәрбиелік: әр оқушыны өздігінен еңбектенуге, шапшаңдыққа және дәлдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Қайталау–қорытындылау сабағы.

Сабақтың әдістері

  • СТО технологиясы
  • Топпен жұмыс
  • Деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі

Деңгейлік тапсырмалар Тест тапсырмалары Бағалау парағы Интерактивті тақта

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1 минут

Оқушыларды түгендеп, сабақтың мақсатымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

3 минут
  • №219 (1, 2, 3, 4)
  • №223 (3, 4)

III. Ой қозғау кезеңі

3 минут

«Формулалар сайысы»: берілген формуланың жартысын тауып, тиісті орындарына қою. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.

IV. Тест жұмысы

10 минут

Тапсырма 1

Көпмүше түрінде жазыңдар:

(5x − 4)(5x + 4) — қысқаша көбейту формуласына сүйеніңдер.