Әліппемен қоштасу кешінде бекіту

Әліппемен қоштасу

Төрт ай бұрын ғана мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндер 42 әріпті меңгеріп, енді сүйікті Әліппесімен қоштасқалы отыр. Бұл күн — балалар үшін де, ата-ана мен ұстаздар үшін де ортақ, салтанатты мереке.

Мақсаты

  • Оқушылардың алған білімін «Әліппемен қоштасу» кешінде бекіту.
  • Ата-аналар мен ұстаздарға өз білімін көрсету, өнерін таныту.
  • Адамгершілікке, ұқыптылыққа, ертеңгілікте өзін дұрыс ұстай білуге баулу.

Көрнекілігі

Оқу мен білім туралы ұлағатты сөздер, нақылдар, мерекелік безендіру элементтері.

Кіріспе сөз

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі той — сіздер мен біздер үшін ортақ салтанатты мереке. «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Өлең жолдары

Бала деген шіркін-ай, балдай екен,
Тәттілігі жал мен жаядай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін тарттырып алдайды екен!

Кенен Әзірбаев

Осы өлең жолдарымен келесі кезекті оқушыларға береміз.

Шашу

Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық!

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Қайырлы күн, уа, халайық!

2-жүргізуші

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы алайық сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

1-жүргізуші

Қош келдіңіздер, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңізден мейірім нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлындар —
Біз алаңсыз, балғын шақты балалар.

Ән

«Әліппе»

Кішкентай диалог

1-жүргізуші

Достар! Мен Әліппемен қоштасуды әлі де жөн көрмей тұрмын…

2-жүргізуші

Ой, не болды? Неге олай дейсің?

1-жүргізуші

Тіпті жылағым келіп тұр…

2-жүргізуші

Неге жылағың келіп тұр?

1-жүргізуші

Айтпаймын. Өздерің тауып алыңдар.

Мұғалім

Дауласпаңдар, балалар! Сендер 4 ай бойы оқыған білім атасы — Әліппемен қоштасқыларың келмей тұр ғой. Солай ма?

1-жүргізуші

Дұрыс айтасыз. Әліппемізге рақмет айтсақ та, қимай тұрмыз.

2-жүргізуші

Балалар, Әліппені ортаға шақырайық!

Бәрі

Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Әліппенің келуі

Әліппе

Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Бүлдіршіндер, балғындар,
Менің атым — Әліппе.
Міне, өзіңді дәріпте:
Міне, осылай ер жеткен
Ағаң менен әпкең де.

Әліппе

Сәлеметсіздер ме, менің сүйікті достарым! Сендер мені оқып, сауаттарыңды аштыңдар, оқуға да, жазуға да үйрендіңдер. Енді бүгін маған өз білімдерің мен өнерлеріңді көрсетіңдер.

Мұғалім

Әліппе, біздің балалардың жаттаған тақпақтары бар. Соның бір бөлігін өзіңізге айтып берсін.

Әліппе

Жарайды, тыңдайын.
Қане, бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық.
Әріптермен танысу —
Тақпақтарын бастайық!