Щеткалар мен сақиналар - айналып тұрған бөліктерден индукциялық токты шығарып алатын немесе электромагнитерге қоректенетін ток беретін қондырғылар
Сабақтың тақырыбы
Трансформатор.
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Оқушыларға трансформатор ұғымын, оның қызметін, құрылысын, трансформация коэффициентін және катушканың (ораманың) құрылысын түсіндіру.
Дамытушылық
Трансформатор туралы түсінікті қалыптастыру арқылы логикалық ойлау қабілетін, есеп шығару икем-дағдыларын дамыту. Есте сақтау, қабылдау және зейінді шоғырландыру дағдыларын нығайту.
Тәрбиелік
Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін дамыту және өз ойын толық, нақты жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың типі
Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі
Ақпараттандырылған сабақ.
Сабақтың әдістері
Ауызша түсіндіру, сұрақ-жауап, есеп шығару, ассоциация құру, ойын элементтері.
Пәнаралық байланыс
Автомобиль құрылысы.
Көрнекіліктер
Презентация, слайдтар, домино, суреттер, трансформатор, катушка, тестілеу құралы, флипчарттар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындау, қатысымды белгілеу, оқу құралдарын реттеу және сабақ мақсатын қысқаша таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Домино» ойыны арқылы тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдар қайталанады.
-
1) Айнымалы ток дегеніміз не?
Тізбекте орныққан еріксіз электромагниттік тербелістерді айнымалы ток деп атайды.
-
2) Төменгі кернеуге қанша вольтқа дейінгілер жатады?
1000 В-қа дейін (1000 В-тан төмен).
-
3) Жоғарғы кернеуге қандай вольттар жатады?
1000 В-тан жоғары.
-
4) Электр тогын қайдан аламыз?
Ағын судан, желден, ЖЭС-тен, АЭС-тен.
-
5) Электр энергиясын механикалық энергияға ненің көмегімен айналдырады?
Электр қозғалтқыштарының көмегімен.
-
6) Ток генераторы дегеніміз не? Негізгі бөліктері мен қызметі қандай?
Ток генераторы — энергияның қандай да бір түрін электр энергиясына айналдыратын қондырғы. Кез келген индукциялық генератордың негізгі бөліктері:
- Индуктор — магнит өрісін тудыратын қондырғы.
- Якорь — ЭҚК индукцияланатын орама.
- Щеткалар мен сақиналар — айналып тұрған бөліктерден индукциялық токты шығарып алатын немесе электромагниттерді қоректендіретін ток беретін қондырғылар.
III. Жаңа материалды меңгерту
Көп жағдайда бір ток көзінен әртүрлі кернеуге арналған құрылғыларды қоректендіру қажет болады. Мысалы, теледидарды 220 В желіге қосқанда, оның ішіндегі қыздыру шамдарына 6,3 В, транзисторларға 1–2 В, ал электронды-сәулелік түтікшеге шамамен 15000 В кернеу берілуі мүмкін.
Кернеуді қажетті деңгейге көтеру немесе төмендету үшін трансформатор деп аталатын құрылғылар қолданылады.
Қуат шамамен тұрақты болған жағдайда айнымалы токтағы кернеудің ток күшімен бірге өзгеруін айнымалы токтың трансформациясы деп атайды.
Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал — трансформатор. Оның жұмысы электромагниттік индукция құбылысына негізделген.
Бұл бөлімнің толық нұсқасын қажет болса, оқу материалдарына қосымша ретінде жүктеп алуға болады.
Толық нұсқасын жүктеу