Күзгі құс керуені
Сабақтың тақырыбы
Күзгі құс керуені.
Мақсаты мен күтілетін нәтиже
Сабақтың мақсаты
«Күзгі құс керуені» туралы мәтінді меңгерту, табиғат құбылыстарын бақылап, ой қорытуға үйрету.
Күтілетін нәтиже
- Құстардың түрлері мен ерекшеліктері туралы біледі.
- Табиғат жаршысы — құстарды қорғау, аялау, қамқорлау қажеттігін түсінеді.
- Сөздік қоры молайып, жазба тілі дамиды.
Сабақ туралы қысқаша
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың тәсілдері
СТО, сұрақ-жауап, ой қозғау, баяндау, топпен жұмыс.
Көрнекіліктер
Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, маркер, құстар әлемі туралы бейнелі суреттер, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топқа бөлу:
І топ
Су құстары
ІІ топ
Отырықшы құстар
ІІІ топ
Жыл құстары
II. Қызығушылықты ояту
«Кім тапқыр?» — сөзжұмбақ сұрақтары
-
1. Ұзақ тектес құс, шіркей жеп, ауыл маңынан ұзап кетпес құс. (Қараторғай)
-
2. Бұдыр-бұдыр балшықты жинап та, талшықты ұқсатып қамытқа, жабыққа үй салды. (Қарлығаш)
-
3. Ұшқаны қызық жалпылдап, өзі сондай қарқылдақ. (Қарға)
-
4. Кеудесі қайқаңдап, жүреді байпаңдап. (Қаз)
Үй тапсырмасын тексеру
Т. Жароков «Күз» өлеңі бойынша талқылау:
- «Алтын күз» дегенді қалай түсінесің?
- Күзгі еңбек түрлерін ата.
- Күзгі табиғатты бейнеле.
Ой қозғау
- Күз мезгіліне байланысты қандай өлеңдерді білеміз?
- Қазақстанда құстардың неше түрі бар?
III. Мағынаны тану
Бейнеклип және мәтінмен жұмыс
М. Әуезовтің «Күзгі құс керуені» тақырыбына назар аударамыз. Әуенді тыңдай отырып, көз алдыңа не елестеді?
Жауап үлгісі: Күннің салқындауы, құстардың жылы жаққа қайтуы.
Түйін: Құстардың осындай ұзақ сапарға топтасып ұшуын «құс керуені» дейміз.
Құстардың түрлері
Отырықшы құстар
Қыстап қалатын құстар.
Жыл құстары
Маусымдық өзгерістерге байланысты келіп-кететін құстар.
Су құстары
Суда тіршілік ететін құстар.
Жыртқыш құстар
Жемтігін аулап қоректенетін құстар.
Үй құстары
Адам қолында өсірілетін құстар.
Дала құстары
Табиғи ортада, далада тіршілік ететін құстар.
Мұхтар Әуезов туралы қысқаша
Мұхтар Әуезов 1897 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Ол атасы Әуез бен әжесі Дінәсілдің тәрбиесінде өседі. Әуезов — ғұлама жазушы, қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы. Ол өмірінің көп бөлігін Абай мұрасын танытуға арнады. «Абай жолы» эпопеясы — ғасырдың ұлы туындысы.
Оқулықпен жұмыс (топтық тапсырмалар)
- Мәтінді тұтас, мәнерлеп оқу және мазмұнын талдау.
- Мәтінді тізбектей оқыту.
І топ
Мәтіннің екінші бөлігі бойынша түсінгендерін айтып, жыл құстарының ұшу ерекшеліктерін сипаттайды.
ІІ топ
Мәтінді оқып, сөздікпен жұмыс жасайды: жолбасшы қандай болуы керек және оның міндеті қандай екенін ашады.
ІІІ топ
Бір құстың атынан күзгі жолдың қиындығын сипаттап, балаларға хат жазады.
Сергіту сәті
«Көңілді күн» қимыл-қозғалыс жаттығуы.
Суретпен жұмыс: құстардың күзгі тіршілігі
«Жолбасшы» ұғымын талдау
Тәжірибелі
Бағытты дұрыс таңдайды.
Жұмысы көп
Керуенді ұйымдастырып отырады.
Ауаны жарып жол салады
Алдыңғы қатарда ұшады.
Қауіпсіздігін бақылайды
Топты сақтандырады.
Күзетеді
Қауіп төнсе ескертеді.
Семантикалық карта (мысалдар)
| Құс | Су құсы | Жабайы құс | Үй құсы | Жыртқыш құс |
|---|---|---|---|---|
| Қаз | + | + | ||
| Үйрек | + | + | ||
| Бүркіт | + | + | ||
| Тырна | + |
Ескерту: Кесте — үлгі. Мұғалім қажетіне қарай толықтырады.
Дәптермен жұмыс: хат үлгісі
Қымбатты жас дос!
Міне, бүгін жылы жаққа сапар шеккенімізге оныншы тәулік болды. Асқар-асқар тауларды артқа тастадық. Көз түрткісіз қараңғы түндерде құз-жартастарға соғылып қалдық. Дамылсыз ұшып келеміз. Кешегі қатты нөсер жауын мен қуатты желден қанат қағып ұшу қиынға соқты. Қанаттары әлі қатаймаған жас балапандарға ілесу тіптен ауыр. Дегенмен керуенді бастап келе жатқан жолбасшымыздың мол тәжірибесінің арқасында бағытымыздан жаңылмай, туған жерімізге де аман жақындап келеміз.
Сәлем хат жолдаушы: тырналар керуені.
«Жалғасын тап» ойыны
- Қара құс бөліп жейді, сұңқар құс …
- Қаз орғанына …
- Сауысқаннан …
- Құстың қуы …
Ой толғаныс: «5 жолды өлең»
Зат есім
Күз.
Сын есім
Қоңыр, алтын.
Етістік
Салқындайды, сарғаяды, суытады.
Сезімді білдіретін сөйлем
Алтын күз қандай қызықты!
Синоним
Табиғат.
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, мәтінді түсінуі, топтық жұмысқа қатысуы және жазба тапсырманы орындауы бойынша бағаланады.
Үйге тапсырма
- Мәтінді оқу, мазмұнын айту.
- Халық болжамдары туралы мәлімет жинау.