Қазақтың жүрген жерінде

Ескен Елубаев өлеңі

Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақтың ұлттық тағамдары,
Жасымнан жақын маған бәрі.
Теңгермес ем оларға мен,
Ешбір асты жаһандағы.

Қазы
Әрі – дәрі,
Әрі – ас,
Жегендердің бәрі мәз.
Қазақтың жүрген жерінде.
Тұрады ол дәйім төрінде.
Мойындар бар ұлт, өңгелер,
Қазыға ас жоқ тең келер.

Қымыз
Күбіге піскен қымызым,
Бұрқыраған иісі
Мұрныңнан кетпес күн ұзын.
Ішіп көрген шұбатты,
Дәмін бірден ұнаты.
Денсаулыққа пайдалы
Зәм - зәм суы сияқты.

Қуырдақ
Өкпе - бауырдан жасар,
Қазақ үшін ас бар ма,
Қуырдақтан асар?

Шелпек
Ел сүйсініп жер көп,
Пісірген майға - шелпек.

Талқан
Жесең бидай талқанды,
Кептіреді аңқаны.

Палау
Жеңсік ас деп қалаулы,
Ұнатамын палауды.

Құрт
Таңқалтып талай жұртты,
Жасайтұғын құртты,
Тек біздің қазақ ұлты.

Қарынмай
Қарын майы қандай,
Қағасың жесең таңдай.

Тандыр нан
Пешке арнайы салдырған,
Пісіреді тандыр нан.
Самса
Жесең де қанша,
Сіңімді самса.

Шалап
Сусын жетпес шалапқа,
Әлемде, шартарапта.

Тоңмай
Қазақ қатырған – тоңмайды,
Жасамас еш ел ондайды.

Жарма
Көп асап тары жармасын,
Қақалып ешкім қалмасын.

Ірімшік
Дастарханды жайнатқан,
Ірімшікті қайнатқан.

Құйрық - бауыр
Құйрық - бауыр жасап,
Тұз сеуіп жедік асап.

Кілегей
Тәуір ас қой бірегей,
Сүттен тартқан кілегей.

Күлше
Барлық бала жаратар,
Жеті күлшең қытырлақ
Құдайы қып таратар.

Шыжық
Қазақтың бір азығы,
Нан қосып жейтін шыжығы.

Қауынқақ
Қауынды тіліп, өріп,
Кептіреді күн көзіне
Қауынқақты керіп.

Қаймақ
Бал татиды бармағың,
Жаласаң сүттің қаймағын.

Қаспақ
Қазаннан қырып қаспақты
Жегенбіз, ол ас тәтті.

Бауырсақ
Бізге ғана тән,
Қызыл - күрең бауырсақ
Дастарханға сән.

Жент
Отырып, үгіп жейтін,
Қазақ жасар жентін.

Уыз
Сиыр бұзау туысымен,
Екі - үш күн жеймін уызын мен.

Әсіп
Қазақтан басқа ел жасамас,
Әсіп – нағыз қазақы ас.

Айран
Біз ішетін айран,
Кефир боп жүр қайдан?

Сөк
Тарының сөгін
Майға шылап жегін.

Қатық
Сорпаның дәмін татып,
Қосып іш оған қатық.

Сорпа
Ет сорпасын іш,
Сонда қуат, күш.

Ет - етке,
Сорпа – бетке.
Деп айтпайды
Қазақ текке.



Ұқсас жұмыстар

Киелі өңірдегі өнегелі тұлғалар
Тоқу өнері. Ою-өрнек
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері және барысы
Отандық философия
Монғолия жерінде қазақ диаспорасының қалыптасуы, тарихы мен ерекшелігі
Қазақтың дәстүрлі мәдениеті
Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
Қазақ халқының және қазақ хандығының құрылуы
Жас тұлпар ұйымының тарихы
Кенесары көтерілісі
Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер. туралы
Пушкин қазақ жерінде
М. Қ. ҚОЗЫБАЕВ – ҚАЗАҚТЫҢ ЕГЕМЕН ТАРИХЫНЫҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУШЫСЫ
ХІХ ғ II жартысында өмір сүрген қазақтың әнші-ақындар
Қазақтың ұлы ғалымы Ш. Ш. Уәлиханов
Қазақтың күйшілік өнері
Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер
Ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір байда жүрген қойшы байдан көп жылдар бойы ақы ала алмаған соң және байдың қорлығына шыдай алмай бір түнде еліне қашып кетеді
Міне, үш ай жазғы демалыстан шығып, жаңа оқу жылына зейін қоямыз деп жүргенде, күздің суық та қоңыр күндерінің қалай өткендігін де байқамай қалыппыз