Lesson Study өткізгенТақырыбы
3-сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен Lesson Study
Бұл Lesson Study 3-сыныптың әдебиеттік оқу пәнінде өткізілді. Сабақтың тақырыбы — «Төрт ана» (М. Шаханов). Сабақ құрылымы оқушылардың мәтін мазмұнын терең түсінуіне, негізгі ойды анықтауына және ойын жүйелі жеткізуіне бағытталды.
Сабақтың тақырыбы
«Төрт ана» — М. Шаханов
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты
- Өлеңнің мазмұнын түсінеді.
- Негізгі ойды анықтау және ойын толық жеткізу дағдылары дамиды.
- Шығармашылық тапсырмаларды орындай алады.
Оқыту нәтижесі
- Өлеңнің мазмұнын түсінді.
- Негізгі ойды анықтау және ойын толық жеткізу дағдылары дамыды.
- Шығармашылық тапсырмаларды орындады.
Қолданылған әдіс-тәсілдер
- Топтық жұмыс
- Жұптық жұмыс
- Жеке жұмыс
- Формативті бағалау
Қолданылған модульдер
- Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету