БибіғайшаFunny rabbit туралы қызықты оқиғаЕрте ерте ертеде ну орманда funny rabbit өмір сүріпті

1-сынып оқушысы Көпесбаева Бибіғайшаның «Funny Rabbit» туралы қызықты оқиғасы

Ерте, ерте, ертеде ну орманда Funny Rabbit өмір сүріпті. Бір күні Father Rabbit пен Mother Rabbit өздерінің кішкентай, ерке Baby Rabbit-ін ұйықтатып, дүкенге кетеді.

Бірақ Baby Rabbit ұйқысынан ерте оянып кетеді. Қарны ашқан соң, тамақ іздейді. Дастарханға шығып қараса, табақтың ішінде қызыл алма мен банан бар екен.

Ерке болып өскен қоянға бұл тағамдар жеткіліксіз көрініпті. «Ерекше дәм керек!» деп ойлап, ата-анасы дүкеннен оралғанша шыдамай, сыртқа шығып кетеді де, орманнан бұрын-соңды татпаған дәм іздей бастайды.

Орманды әрі айналып, бері айналып, қызықты тамақ таппаған Baby Rabbit әбден шаршап, жерге отыра кетеді. Сол сәтте жайқалып тұрған Күннің нұры жарқырап тұр екен. Қоян нұрдың «дәмін» татып көргісі келеді, бірақ оған қолы жетпейді.

Әріде, жар үстінде өсіп тұрған биік ағашты көріп, жоғары өрмелеуге бел буады. Біртіндеп өрмелеп, Күн нұрына жақындай түседі де, оны «жей» бастайды. Дәмі сондай тәтті болып көрінгені сонша — қалай бәрін жеп қойғанын да аңғармай қалыпты.

Оқиғаның ең қызықты сәті

Қарыны әбден тойған Baby Rabbit төмен түсуге қиналып тұрғанда, ағаш оның салмағын көтере алмай тарс етіп сынып кетеді. Қоян домалап жерге құлаған сәтте, ауызындағы Күннің нұры жерге түсіп, қайтадан аспанға қарай ұшып кетіпті.

Содан бері Күннің нұры қайтадан жарқырап тұрады екен.