Жалаң сөйлемдер

Сабақ тақырыбы

Қазақ тілі: Жалаң және жайылма сөйлемдер

Мақсаты: оқушылардың жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінігін кеңейту, сауатты жазуға үйрету. Сабақ барысында оқушыларды ұжымда жұмыс істеуге баулу және шығармашылыққа бейімдеу көзделеді.

Көрнекі құралдар: слайд түріндегі суреттер.

Сабақ барысы

I. Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен —
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.

II. Топтастыру

I топ

Нүкте тобы

II топ

Үтір тобы

III топ

Сызықша тобы

Топ ережелері

  • Білуге және көбірек есте сақтауға тырысамыз.
  • Қол көтеру ережесін сақтаймыз.
  • Ойымызды ашық айтамыз.
  • Бір-бірлеп сөйлейміз.
  • Мәселенің мәні бойынша сөйлейміз.
  • Бір-бірімізді мұқият тыңдаймыз.
  • Бір-бірімізді түсінуге тырысамыз.
  • Өзгелердің сезімін сыйлаймыз.
  • Құпиялылықты сақтаймыз.
  • Уақыт шегін қадағалаймыз.
  • Бір-бірімізге құрмет көрсетеміз (сөзбен, шапалақпен және т.б.).

III. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы тексеріледі.

«Ыстық сұрақтар»

Әр топтан бір оқушы шығады. Мұғалім сұрақтар қояды, оқушы қысқа әрі нақты жауап береді.

IV. Жаңа тақырыппен жұмыс

Жаңа сабақтың тақырыбы араб графикасы арқылы шифрланған жазудан ашылады.

Шифр

ЖЛҢ ЖН ЖЙЛМ СЙЛМДР

Ашылған тақырып: Жалаң және жайылма сөйлемдер.

Жай сөйлем түрлері

  1. Жалаң сөйлемдер
  2. Жайылма сөйлемдер

Сөйлем құрамында тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына қарай сөйлем жалаң немесе жайылма болады.

Анықтама

Жалаң сөйлем — тұрлаусыз мүшелер қатыспайтын жай сөйлем.

Анықтама

Жайылма сөйлем — тұрлаусыз мүшелер қатысатын жай сөйлем.

Дәптермен жұмыс

Бүгінгі күн мен тақырыпты жазу:

Қарашаның жиырма бірі
Сынып жұмысы
Жалаң және жайылма сөйлемдер

Оқулықпен жұмыс

7-жаттығу (50-бет) — жазбаша

Әр топ бір сөйлемнен таңдап оқиды. Қай сөйлем жалаң, қайсысы жайылма екенін анықтап, себебін түсіндіреді.

8-жаттығу (50-бет) — ауызша

Жайылма сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңыздар.

Ой толғаныс

Сөзжұмбақ шешу

  1. Табиғи дарын, ерекше қабілет.
  2. Тор құратын жәндік.
  3. Үстінен пойыз, трамвай доңғалағы жүретін болат жол.
  4. Сан.

Сергіту сәті

«Қызыл өрік» әніне сергіту жаттығулары орындалады.

Суретпен жұмыс

Берілген суреттер бойынша жалаң және жайылма сөйлемдер құраңыздар.

11-жаттығу (51-бет)

Суретке қарап сөйлем құрау.

Мақал құрау

12-жаттығу (51-бет)

Берілген материал бойынша мақал құрастыру.

V. Қорытынды

Қайталау сұрақтары:

  • Сөйлемнің қандай түрлерін қайталадық?
  • Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің айырмашылығы неде?

VI. Бағалау

Оқушылардың жұмысы критерий бойынша бағаланады: белсенділік, жауаптың дәлдігі, талдау сапасы, топтық жұмысқа қатысу.

Бағалау: ________________________________

VII. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы: ________________________________