Балалардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту

Білім беру саласы Таным
Бөлімі Сенсорика
Тақырыбы «Бауырсақтың ізімен»

Мақсаты

  • Балалардың ертегілер туралы түсінігін кеңейту.
  • Қоршаған ортаны тану арқылы сенсорлық қабылдауын және есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Пішіндер мен түстер туралы ұғымдарын бекіту.
  • Қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту.
  • Табиғатқа жанашырлыққа, бір-бірімен достасуға және өзара көмектесуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері мен ресурстар

Әдіс-тәсілдері

  • Түсіндіру
  • Ертегі желісі
  • Сұрақ-жауап
  • Сергіту сәті
  • Ойын

Көрнекіліктер

  • Мнемокесте
  • Әртүрлі пішіндегі қасқыр суреттері
  • Түстер карталары
  • Түлкінің суреті
  • Ертегі кейіпкерлері
  • Ағаштар, шыршалар

Ойындар

Дидактикалық

  • «Пішінін тап»
  • «Түстерді ата»
  • «Түстерді орналастыр»

Қимылды

  • «Ұйқыдағы түлкі»

Шаттық шеңбері

Бала, бала, балақан, Қане, қайсы алақан? Саусақтарым әйбат, Былай-былай ойнап. Топ-топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса-жаса алтын күн, Жаса-жаса жарқын күн.

Ертегі әлеміне саяхат: сабақ барысы

Ертегілер сандығы

Тәрбиеші

Балалар, қараңдаршы, менің қолымда не бар? Бұл — ертегілер сандығы. Қане, ашып көрейік: ішінде не бар екен?

Балалар

Сандықта кітап бар. Бұл ертегі «Бауырсақ» деп аталады.

Тәрбиеші

Ендеше, ертегі әлеміне саяхатқа шығайық. Бірақ алдымен кейіпкерлерді атайық.

Балалар

Ата, әже, қоян, қасқыр, аю, түлкі, бауырсақ.

Сиқырлы сөздер

Өзіңді-өзің айналып, ертегіге кел жайланып.

Балалар шаңғы тепкендей қимыл жасап жүреді.

Қоянмен кездесу

Тәрбиеші

Міне, ертегі әлеміне келдік. Бірақ бауырсақ көрінбейді. Бұталардың арасында біреу отырған сияқты. Ол кім?

Балалар

Қоян!

Тәрбиеші

Қоян бауырсақты көріпті, бірақ бірден айтпаймын дейді. Ендеше, қыс мезгілі туралы айтып берейік.

Мнемокесте бойынша сұрақ-жауап: «Қыс мезгілі»

  • Қыста ауа райы қандай болады?
  • Қар жауса, айнала қалай өзгереді?
  • Адамдар қыста қалай киінеді?
  • Қыста қандай ойындар ойнаймыз?

Сұрақтарды топтың деңгейіне қарай нақтылап, балалардың жауабын толықтыру ұсынылады.

Нәтиже

Қоянға қыс туралы әңгімеміз ұнапты. Ол бауырсақтың шаршылар жаққа қарай домалап кеткенін айтып берді.

Балалар

Рахмет, қоян!

Балалар шаңғы тепкендей қимыл жасап алға қозғалады.

Қасқырдың ойыны

Тәрбиеші

Шыршалардың қасына да жеттік. Шыршаның артында біреу жасырынған сияқты. Кім екен?

Балалар

Қасқыр!

Тәрбиеші

Қасқыр бауырсақты көріпті, бірақ ойын ойнасаңдар ғана айтамын дейді. Ойнаймыз ба?

Дидактикалық ойын

«Пішінін тап»

Шарты: балалар қасқырдың дене бөліктеріне ұқсас пішіндерді тауып, сәйкес орындарға орналастырады.

Дағды: пішінді тану, салыстыру, ұсақ моторика.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын сап көзінің. Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің.

Нәтиже

Қасқырдың көңілі жайланып, бауырсақтың үйшікке қарай домалап кеткенін айтты.

Аюдың тапсырмасы

Тәрбиеші

Үйшікке де жеттік. Бұл үйшікте кім тұрады екен?

Балалар

Аю!

Тәрбиеші

Аю көкөністердің суретін боямақ, бірақ түстерді шатастырады. Егер түстерді дұрыс атап, сәйкестендірсек, бауырсақтың қайда кеткенін айтып береді.

Дидактикалық ойын

«Түстерді орналастыр»

Шарты: қызыл және жасыл түстерді атап, көкөністерді сәйкес түске орналастыру (мысалы, қызанақ — қызыл, қияр — жасыл).

Дағды: түсті ажырату, жіктеу, сөздік қор.

Нәтиже

Аю түстерді дұрыс үйренді. Ол бауырсақтың түбіршек жаққа қарай домалап кеткенін айтты.

Түлкіден құтқару

Тәрбиеші

Балалар, қараңдар: бауырсақ түбіршіктің қасында отыр, ал жанында — түлкі.

Диалог

Тәрбиеші

Бауырсақ, біз сені әрең іздеп таптық. Қане, бізбен бірге жүр!

Бауырсақ

Жоқ, бара алмаймын. Мені түлкі ұстап алды, жібермеймін дейді. Ол мені жеп қойғысы келеді.

Тәрбиеші

Ендеше, бауырсақты түлкіден құтқарайық. Ол үшін түлкінің көңілін көтеріп, ойын ойнаймыз.

Қимылды ойын

«Ұйқыдағы түлкі»

Ойын шарты: балалар арасынан «түлкі» сайланады. Алаңның бұрышына орындық қойылып, түлкі орындыққа отырып «ұйықтап» отырады. Балалар алаңда жан-жаққа таралып ойнайды. Жүргізуші «Түлкі оянды!» дегенде, балалар өз орындарына (үйге) қашады, ал түлкі оларды қуып ұстауға тырысады.

Нәтиже

Түлкінің көңілі көтерілді. Ол бауырсақты жемеймін деді. Осылайша балалар бауырсақты құтқарып қалды.

Қайту сәті

Сиқырлы сөздер айтылады: «Өзіңді-өзің айналып, ертегіге кел жайланып.» Балалар орындықтарына отырады.

Тәрбиеші

Бауырсақ сендерге көмектескендерің үшін алғыс айтып, бауырсақ әкелді. Иісін сезіп көріңдерші — қандай хош иіс!

Қорытынды сұрақтар

Тәрбиеші

Біз бүгін қай ертегіде қонақта болдық?

Балалар

«Бауырсақ» ертегісінде.

Тәрбиеші

Жолда кімдерді кездестірдік?

Балалар

Қоянды, қасқырды, аюды, түлкіні.

Ақпарат

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

«Кел, балалар» МДҰ

Доскулова Малика Әлібекқызы