Жердің құрылысы және құрамы туралы нақты білімді тапсырмалар беру арқылы өздігінен меңгерту
Сабақ туралы мәлімет
Білім беру ұйымы
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №2 жалпы орта білім беру мектебі
Пән мұғалімі
География пәнінің мұғалімі — Алиева Бақыт Әбілқайыровна
Сабақтың тақырыбы
Жердің құрылысы және құрамы
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Мақсат және күтілетін нәтиже
Сабақтың мақсаты
Жердің құрылысы мен құрамы туралы нақты білімді тапсырмалар арқылы өздігінен меңгерту.
Оқыту нәтижесі
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.
- Жердің құрылысы және құрамы туралы білімі қалыптасады.
Міндеттері
- Өз пікірін ұстануға үйрету.
- Пікірталас барысында өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге тәрбиелеу.
- Ойды еркін, сауатты әрі нақты жеткізу қабілетін дамыту.
Оқыту мазмұны мен тәсілдері
Модульдер
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау (ОүБ және ОБ)
- Талантты және дарынды балаларды оқыту
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
- Оқытудағы басқарушылық және көшбасшылық
- Оқыту мен оқуда АКТ қолдану
Әдіс-тәсілдер
- Жеке, жұптық, топтық жұмыс
- Географиялық диктант
- ДЖИГСО
- Сызба құрастыру
- Синквэйн
Дереккөздер
- Оқулық
- Атлас
- Кескін карта
- Интербелсенді тақта
- Стикерлер
- Маркерлер
- Бағалау парағы
- Презентация
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
- 1-топ: Атмосфера
- 2-топ: Гидросфера
- 3-топ: Литосфера
- 4-топ: Биосфера
Топқа бөлу төрт түсті белгілер арқылы жүргізіледі.
Топ басшысын анықтау
Орындықтың артына стикер жапсыру арқылы топ басшысы анықталады.
2) Өткенді тексеру
- Географиялық диктант
- Сәйкестендіру
- «Сандар да сөйлейді»
- Терминдер
3) Жаңа тақырып
Қызығушылықты ояту: жұмбақ
«Алайын десем — ауыр кілем,
Сатайын десем — тәуір кілем.»
Сабақтың мақсаты оқушылармен бірлесе отырып анықталады.
Топтық тапсырмалар
Атмосфера тобы
«Географиялық қабық» тақырыпшасын меңгереді.
Гидросфера тобы
«Құрлық пен мұхиттың пайда болуы» тақырыпшасын меңгереді.
Литосфера тобы
«Жердің ішкі құрылымы» тақырыпшасын меңгереді.
Биосфера тобы
Барлық мәтінді толық оқып, негізгі ойды жинақтайды.