Біз қай топтың балаларымыз
Ашық сабақ жоспары: «Білімділер сайысы»
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі Махатаева Раушан Берішбаевна
Білім беру саласы
Қатынас
Оқу іс-әрекеті
Тіл дамыту
Көрнекілік
Слайд
Тақырыбы
«Білімділер сайысы»
Мақсаты
-
Өткен сабақтарды еске түсіріп, жыл мезгілдері мен төрт түлік туралы түсініктерін бекіту.
-
Балалардың тілін дамыту, ой-өрісін кеңейту.
-
Құстар жайлы білімдерін тиянақтау.
-
Логикалық ойлау қабілетін және тез ойлау белсенділігін арттыру.
Әдіс-тәсілдері
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы
1) Ұйымдастыру
Тәрбиеші: «Балалар, көңіл-күйлерің қалай? Онда жылы жүзбен шаттық шеңберін құрып, бір-бірімізге тілек тілейік.»
Шаттық шеңбері
Аспанда күн ыстық, Ал жерде не ыстық? Әкеміз бен шешеміз — Бәрінен де тым ыстық. Жасасын туыстық, Достық пенен тыныштық.
Бүгінгі сабағымыз «Білімділер сайысы» деп аталады. Сендер төрт топқа бөлініп, сайыста білімдеріңді көрсетесіңдер. Қазылар алқасы әділ бағасын беріп отырады.
Топтар құрамы
1-топ: «Балақай»
Топ басшысы: Айжан
2-топ: «Алақай»
Топ басшысы: Ақжүніс
3-топ: «Ботақан»
Топ басшысы: Марал
4-топ: «Қошақан»
Топ басшысы: Әлібек
1-сайыс: «Ойлан тап»
Слайдтан жыл мезгілдерінің суреттері көрсетіледі. Әр топтан бір бала таңдалған мезгіл бойынша қысқаша әңгімелейді.
Негізгі назар: жыл мезгілдерінің белгілері, табиғаттағы өзгерістер, балалардың байланыстырып сөйлеуі.
2-сайыс: «Кім білімпаз? Кім ойлампаз?»
Барлық топқа бірдей сұрақтар қойылады. Оқушылар жылдам әрі нақты жауап беруге тырысады.
1)
Біз қай қалада тұрамыз?
2)
Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
3)
Біздің балабақшамыз қалай аталады?
4)
Біз таңертең ұйқыдан оянған соң қайда келеміз?
5)
Біз қай топтың балаларымыз?
6)
Үйге қай мезгілде қайтамыз?
7)
Кемпірқосақта неше түс бар?
8)
Табиғат дегеніміз не?
9)
Табиғат нешеге бөлінеді?
10)
Рәміздерді ата.
11)
Отбасы дегеніміз не? Отбасы мүшелерін ата.
Сергіту сәті
Алтыбақан тербеледі, Алға, артқа шайқала, Қызғалдақтар жайқалады, Қандай әсем айнала.
3-сайыс: «Бәрін білгім келеді» (ойын)
Ұяшықтағы тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беріледі. Әр бөлімде тапсырмалар бірізділікпен орындалады.
Түйе / Үй жануарлары
Ұяшық- Үй жануарларын ата.
- Үй жануарларының төлдерін ата.
- Үй жануарларының адамға пайдасын айт.
- Үй жануарлары туралы мақал-мәтел айт.
Ұлттық заттар
Ұяшық- Ұлттық киімдерді ата.
- Ұлттық ойындарды ата.
- Зергерлік бұйымдарды ата.
- Ұлттық тағамдарды ата.
Құстар
Ұяшық- Үй құстарын ата.
- Дала құстарын ата.
- Құстар қалай дыбыстайды?
- Құстар туралы тыйым сөз айт.
Ойыншықтар
Ұяшық- Сүйікті ойыншығым туралы әңгімеле.
- Ойыншықтар неден жасалады?
- Қандай ойыншықтарды ұнатасың?
- Топтағы ойыншықтарды ата.
4-сайыс: «Ертегілер елінде»
Слайдтан ертегілердің суреттері көрсетіледі. Оқушылар ертегінің атауын айтып, оның немен аяқталатынын қысқаша әңгімелейді.
Бағалау өлшемдері: дұрыс тану, мазмұндау, сөйлеу мәдениеті.
Қорытынды
Тәрбиеші: «Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма? Қандай тақырыптар туралы қайталау жасадық?»
Ендігі сөз сендердің білімдеріңді бақылап отырған әділқазылар алқасына беріледі.
Балалар, бүгінгі еңбектерің үшін кішкентай сыйлығымды қабыл алыңдар.
Қосымша: слайд материалдарын жүктеу.