Жуан дауыстыларды ата

Сабақ тақырыбы

Жіңішке дауыстылар. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш».

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Көрнекі құралдар

Суреттер, автордың суреті

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО

Сабақ мақсаты

Білімділік

Жіңішке дауысты дыбыстар туралы білімдерін кеңейту, оларды сөз ішінде ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын, өз пікірін толық жеткізу қабілетін, ойлауын және мәнерлеп оқу икемін дамыту.

Тәрбиелік

Еңбек қадірін, жер қадірін бағалауға, құстар мен жәндіктердің пайдасын түсінуге және оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Біз ерекше баламыз,

Біз әдепті боламыз.

Ұстаздарды көргенде,

Қуанып қарсы аламыз.

Күн ретін көркем жазу

Дәптерде жіңішке дауыстыларды бекітуге арналған үлгі:

Жазу үлгісі

Үү

Мысалдар: үкі, үміт, үйрек

Үй жұмысын тексеру

  • «Жапалақ» өлеңін мәнерлеп оқу.
  • «Қар» тақырыбы бойынша мәтінді мәнерлеп оқу.

Қайталау сұрақтары

Сұрақ

Дауысты дыбыс дегеніміз не?

Ешқандай кедергісіз айтылатын дыбыстар.

Сұрақ

Жуан дауыстыларды ата.

Оқушылар жуан дауыстыларды атап, мысал келтіреді.

Жаңа сабақ

Ой шақыру: жұмбақ шешу

Жұмбақ 1

Торын құрып қояды,
Шыбындарды жояды.

Жауабы: Өрмекші Тапсырма: дыбыстық талдау жаса.

Жұмбақ 2

Құйқылжытып дала күйін,
Үй ішіне салады үйін.

Жауабы: Қарлығаш Тапсырма: дыбыстық талдау жаса.

Мәтінмен жұмыс

«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесімен таныстыру. Мәтін мазмұны арқылы еңбекқорлық, табиғатқа жанашырлық және құстар мен жәндіктердің пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.

Автор туралы қысқаша мәлімет

Бұл әңгіменің авторы — Ыбырай Алтынсарин. Ол — ағартушы, ақын, жазушы және ұстаз.