Түбір сөздің өзгеруі

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ оқушылардың назарын жинақтаудан басталады. Одан кейін сынып үш топқа бөлініп, әр топ берілген тапсырма арқылы өз атауын құрастырады.

1-топ

Сандарды өсу ретімен орналастырып, топ атауын табады: «Түбір».

2-топ

Сандарды кему ретімен орналастырып, топ атауын табады: «Жұрнақ».

3-топ

Тақ сандарды ретімен қойып, топ атауын табады: «Жалғау».

Мақал — сөздің мәйегі (қонақтарға арнау)

Әр топтан бір оқушы шығып, мақал-мәтел арқылы амандасу, танысу және қонақ күту мәдениетін көрсетеді. Төмендегі үлгілер сабақта кезекпен айтылады.

I. «Көрген жерде ауыл бар» — деп, 3 «Е» сыныбына қош келдіңіздер!

II. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» — хал-жағдайларыңыз қалай?

III. «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» — сыныбымыздың балалары әдепті.

IV. «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» — төрге шығыңыздар.

V. «Жат асына қарайды, дос басына қарайды» — қысылмаңыздар.

VI. «Қонағың сыйласа, төрге шық» — тыңдай отырыңыздар.

VII. «Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше» — таныса отырайық.

VIII. «Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл» — менің есімім Сабина. Қасымда Бағжан, Гаухар және сыныптастарым бар.

IX. «Ас — адамның арқауы» — дәм тата отырыңыздар.

X. «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын» — рахмет!

XI. «Досыңның асын қасындай іш» — Алла разы болсын!

XII. «Дастарханға ас қойдым, екі қолды бос қойдым» — ас ала отырыңыздар.

XIII. «Шын көңілмен берсе, қара су да бал татыр» — ықыласқа рахмет.

XIV. «Досы жоқ адам — тұзы жоқ тағам» — дос көп болғанға не жетсін!

XV. «Қонақ кәде» — не білесіңдер, не үйрендіңдер, көрсетіңдер!

Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау — білім анасы. Бұл бөлімде сөз құрамы бойынша негізгі ұғымдар еске түсіріледі және зеректілік диктанты орындалады.

Сөз құрамын қайталау (сұрақ-жауап)

  • Түбір деген не?
  • Қосымша деген не?
  • Қосымшаның неше түрі бар? Қандай?
  • Жұрнақ пен жалғаудың айырмашылығы қандай?
  • Туынды сөз қалай жасалады?

Зеректілік диктанты

Слайдтағы сөйлемдер оқылады. Оқушылар тыңдап, есте сақтап жазады және сөз құрамына талдау жасайды.

Өзін-өзі тексеру

Жасыл — дұрыс Қызыл — қате

Жаңа сабақ: түбір сөздің өзгеруі

Қосымша жалғанғанда, кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгеруі мүмкін. Әсіресе қатаң дыбыстар (к, қ, п) соңынан і, ы, у дыбыстары жалғанғанда, олар ұяң (г, ғ, б) дыбыстарына ауысады.

Мысалдар

Кимешеккимешегі (і/ы жалғанғанда)

Қызғалдаққызғалдағы

Төктөгу (у жалғанғанда)

Сепсебу

Ереже

Қосымша жалғанғанда, кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: доп — добы, сеп — сеуіп, халық — халқы.

Сергіту сәті

«Желсіз түнде жарық ай» әуенімен қимыл-қозғалыс жасалып, оқушылардың зейіні сергітіледі.

Жаттығу жұмыстары

271-жаттығу (тақтамен жұмыс)

Берілген сөздерге ы, і әріптерін жалғап жазыңдар. Өзгерген әріптің астын бір, жалғаудың астын екі рет сызыңдар.

I топ

  • астық
  • қонақ
  • бөбек
  • өрнек

II топ

  • құрақ
  • бұлақ
  • көлік
  • білек

III топ

  • жүрек
  • жарық
  • одақ
  • терек

272-жаттығу (өздік жұмыс)

Қарамен берілген сөздердің түбірін табыңдар.

Оқулықпен жұмыс

Ережені оқып, жаттап алыңдар.

Қорытынды

Венн диаграммасы

Ы, І, У әріптері жалғанғанда түбір сөз қалай өзгереді? Ортақ және айырмашылық белгілерін анықтап, мысал келтіріңдер.

Топтық нәтиже

Әр топ өз жауабын дәлелдеп, сөз құрамын талдау арқылы қорытынды жасайды.

Үй тапсырмасы

  • 274-жаттығу орындау.
  • «Түбір сөздің өзгеруі» ережесін жаттау.

Бағалау

Мұғалім әр топтың жұмысын атап өтіп, нақты ескертулер береді және оқушыларды бағалайды.

Назар аударатын тұстар

  • Түбір мен қосымшаны дұрыс ажырату
  • Қатаң дыбыстың ұяңға ауысуын дәл көрсету
  • Сауатты жазу және талдау мәдениеті