Сөз қадірін түсіне білуге, жүйелі сөйлей білуге тәрбиелеу

Сабақтың тақырыбы

Салалас құрмалас сөйлемді қайталау.

Сабақтың түрі

Білімді пысықтау

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ–жауап, топпен жұмыс, талдау, ойлау, дәлелдеу.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Құрмалас сөйлемдердің негізгі белгілерін білу; құрылысын, құрамын ажырату; тыныс белгілерін дұрыс қойып, сауатты жазуға үйрету.

Дамытушылық

Ынта қойып тыңдау, жазу және талдау машықтарын қалыптастыру; сөздік қорын байыту; салыстыру, дәлелдеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Сөз қадірін түсінуге, жүйелі әрі мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу.
  2. Кезекшілермен сұхбаттасу.
  3. Сыныпты екі топқа бөлу.

Сабақтың жоспары

I. Қайталау — білім анасы

II. Ой қозғау

III. Сергіту сәті

IV. Кім жылдам?

V. Тапқырлар

VI. Семантикалық картамен жұмыс

VII. Шағын тест

VIII. Венн диаграммасы

IX. Қорытындылау

X. Үйге тапсырма

XI. Бағалау

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері

Құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді:

  • Түсіндірмелі салалас

  • Қарсылықты салалас

  • Ыңғайлас салалас

  • Себеп–салдар салалас

  • Кезектес салалас

  • Талғаулы салалас

I. Қайталау — білім анасы

Төмендегі сұрақтар арқылы негізгі ұғымдарды еске түсіріңіз.

Сұрақтар

  1. Сөйлемнің қандай түрлері бар?
  2. Жай сөйлем дегеніміз не?
  3. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
  4. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
  5. Ыңғайлас салалас дегеніміз не?
  6. Себеп–салдар салалас дегеніміз не?
  7. Қарсылықты салалас дегеніміз не?
  8. Түсіндірмелі салалас дегеніміз не?
  9. Талғаулы салалас дегеніміз не?
  10. Кезектес салалас дегеніміз не?

II. Ой қозғау

Эпиграф

“Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.” (Абай)

Тапсырма

Берілген ойды жалғастырып, сабақтың мақсатын анықтаңыз.

Алғырлар

Кез келген адамның қарсы пікірі, шарты, себебі, талғауы, түсінігі, мақсаты болады. Сондықтан ол өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемдерді қолданады. Менің ойымша, …

Білімпаздар

Басқа адамның сөзін тыңдай білу — өнер. Сондықтан оның айтпақ ойын түсіну үшін құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін білген жөн. …

III. Сергіту сәті

Эпиграф

“Жүрегімнің түбіне терең бойла, мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.” (Абай)

Өмірлік ұстанымыңызды анықтаңыз

Алғырлар

Қарсылықты салалас: Ғалым болу — міндет емес, …

Білімпаздар

Себеп–салдар салалас: Біз қазақ тілін дамытуымыз керек, себебі …

IV. Кім жылдам?

Эпиграф

“Білгенге маржан, білмеске арзан.” (Абай)

  • Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі — жақсы мінез, екіншісі — жақсы сөз.
  • Көз — қорқақ, қол — батыр.
  • Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы секілді тез суалар.
  • Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра.
  • Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
  • Хатты біресе кеудесіне қысады да, біресе оған мейірі қанбағандай бетіне басады.

V. Тапқырлар

Эпиграф

“Соңғыларға сөзің мен ісің қалсын.” (Абай)

Алғырлар

  1. Жалғыздың үні шықпас, … (жаяудың шаңы шықпас).
  2. Қоянды қамыс өлтіреді, … (жігітті намыс өлтіреді).
  3. Жақсы жаныңа жолдас, … (жаман малыңа жолдас).

Білімпаздар

  1. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, … (төртеу түгел болса төбедегі келеді).
  2. Өнерлінің қолы алтын, … (өлеңшінің сөзі алтын).
  3. Ат жаманы жолда қалдырар, … (жолдас жаманы қолда қалдырар).

Ескерту

“Мақал — сөз мәйегі” тақырыбы бойынша мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, салалас түрін анықтаңыз.

VI. Семантикалық картамен жұмыс

Мағыналық түрі Мысал
Ыңғайлас салалас 1997 жылы Н. Назарбаевтың «Қазақстан–2030» бағдарламасы жарияланды, халық қызу қолдады.
Себеп–салдар салалас Адамдарға мұғалімнің еткен әсері мәңгі қалып қояды, сондықтан мұғалім өзін-өзі бақылай жүруге тиіс. (А. Макаренко)
Қарсылықты салалас Бас болмақ оңай, бірақ бастамақ қиын.
Түсіндірмелі салалас Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі — жақсы мінез, екіншісі — жақсы сөз.
Талғаулы салалас Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады.
Кезектес салалас Ол бірде ақыл айтып отырды, бірде екеуін де кінәлі қылды.

VII. Шағын тест

Дұрыс жауаптар кілті

Сұрақ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Жауап C A C B D E E A B E

VIII. Венн диаграммасы

Салалас

  • Компоненттері тиянақты, тең дәрежеде байланысады.
  • Жалғаулық шылаулар және интонация арқылы байланысады.

Екеуіне ортақ

  • Екеуі де құрмалас сөйлем.
  • Күрделі ойды білдіреді.
  • Құрылысы және мағынасы жағынан талданады.

Сабақтас

  • Алғашқы компоненті тиянақсыз.
  • Бағына байланысады.
  • Қосымша арқылы байланысады.
  • Бағыныңқы және басыңқы бөліктері болады.

IX. Қорытындылау

Топтастыру

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін мағыналық ерекшеліктеріне қарай топтастырып, әр түрге өз мысалыңызды келтіріңіз.

X. Үйге тапсырма

  1. 10 сұрақтан тұратын тест құрастыру.
  2. Көркем шығармадан салалас құрмаластың түрлеріне екі сөйлемнен жазып келу.

XI. Бағалау

Оқушылар білімін бағалау парағы

Топтық жұмыс, тапсырма орындау, талдау және тест нәтижелері бойынша бағалау жүргізіледі.