Мүшелерді орнына тез салу

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау орта мектебі

Пән мұғалімі

Биология пәні мұғалімі — Сарекенова Бибігүл

Тақырыбы

«Ағза шеберханасы»

Мақсаты

  • Оқушылардың мүшелер мен мүшелер жүйесін есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін жетілдіру.
  • Биология пәніне қызығушылығын арттыру.

Әдістері мен көрнекіліктері

Әдістері

Өздік жұмыс, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістері.

Көрнекілігі

Суреттер, тақта, кестелер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

  1. 1) Таныстыру

    Топтық жұмыс

    Екі топ өздерін таныстырады.

  2. 2) Жеке тапсырмалар (таңдау бойынша)

    Өздік жұмыс

    Оқушылар қағазда берілген мүшелер жүйесіне қатысты мүшелерді тауып жазады. Әр топ өзіне ыңғайлы жүйені таңдайды. Кім көп мүше жазса, сол топ жеңеді. Әр екі мүше — 1 балл.

    Ас қорыту жүйесі

    Эндокриндік жүйе

    Жүйке жүйесі

    Қан айналу жүйесі

    Тыныс алу жүйесі

  3. 3) «Тез жауап бер!» — сұрақ-жауап

    Жылдамдық + білім

    I-топ сұрақтары

    1. 1. Шамамен 40 мың жыл бұрын пайда болған адам? Жауап: Саналы адам (Homo sapiens)
    2. 2. Адамның тегі және жыныстық сұрыпталу туралы ілім кімнің еңбегі? Жауап: Ч. Дарвин
    3. 3. Адамдағы хромосома саны Жауап: 46
    4. 4. Күрделі заттарды жай заттарға ыдырататын Жауап: Фермент
    5. 5. Шығу тегі мен қызметі ұқсас жасушалар тобы Жауап: Ұлпа
    6. 6. Нейронның қысқа өсіндісі Жауап: Дендрит
    7. 7. Тырнақ пен шаш қай ұлпаға жатады? Жауап: Эпителий
    8. 8. Қарапайым рефлекс Жауап: Тізе рефлексі
    9. 9. Ми неше бөліктен тұрады? Жауап: 5
    10. 10. Көз алмасының ортаңғы қабаты Жауап: Тамырлы қабық
    11. 11. Ішкі секреция бездерінің негізгі орталығы Жауап: Гипофиз
    12. 12. Омыртқа жотасындағы омыртқалар саны Жауап: 33–34
    13. 13. Адам омыртқа жотасының иілім саны Жауап: 4
    14. 14. Қан плазмасындағы судың мөлшері Жауап: 90%
    15. 15. Қан алатын адам Жауап: Реципиент

    II-топ сұрақтары

    1. 1. Қанның ұюына қатысатын нәруыз Жауап: Протромбин
    2. 2. Қозғалмайтын жалпақ сүйек Жауап: Жамбас
    3. 3. Қанның қызыл түйіршіктері түзілетін орын Жауап: Сүйек кемігі
    4. 4. Өкпедегі газ алмасу жүретін құрылымдар Жауап: Альвеолалар
    5. 5. Ағзадағы ең ірі без Жауап: Бауыр
    6. 6. Қан беретін адам Жауап: Донор
    7. 7. Көз алмасының соңғы қабаты Жауап: Торлы қабық
    8. 8. Асқазанда сөлдің бөлінуі нені негізге ала жүреді? Жауап: Сезім мүшелеріне байланысты
    9. 9. Аралас бездерді атаңыз Жауап: Жыныс безі, ұйқы безі
    10. 10. Қанның тамыр ішінде ұюы Жауап: Агглютинация
    11. 11. Шамалы қозғалмалы қысқа сүйектер Жауап: Омыртқа жотасы
    12. 12. Үлкен қан айналу шеңбері Жауап: Сол жақ қарыншадан басталып, бүкіл мүшелерге тарайды да, оң жақ құлақшада аяқталады
    13. 13. Ауыз қуысында ыдырайтын зат Жауап: Көмірсу
    14. 14. Құсу, жөтелу, түшкіру орталықтары жүйке жүйесінің қай бөлімінде орналасқан? Жауап: Сопақша мида
    15. 15. Тіршілікке қажетті энергия беретін негізгі қайнар көз Жауап: Көмірсулар
  4. 4) Сурет салу

    Шығармашылық тапсырма

    Ватман қағазынан жасалған адам кескініне берілген мүшелер жүйесін салады.

  5. 5) «Жарнама»

    Коммуникация

    «Мүшелерге көмек керек пе?» тақырыбында қысқа жарнамалық таныстырылым жасайды.

  6. 6) Көрермендермен жұмыс

    Интерактив

    Көрермендер мүшелер жүйесін таңдап, оның қызметін қысқаша түсіндіреді.

  7. 7) «Оташы» — бұл кім?

    Жылдам құрастыру

    Берілген мүшелерді тиісті орындарына мүмкіндігінше тез орналастырады.

  8. 8) Қорытынды

    Рефлексия

    Сабақ нәтижелері жинақталып, белсенді қатысқан оқушылар мен топтар бағаланады.