Бостандық берші ботама
Мұқағали Мақатаев
Бұлқынып жатыр.
Келмейді - ау құрғыр шамасы,
Бұлқынып жатыр.
Таусылды - ау айла - шарасы.
Сәулемнің менің аяқ пен қолын матамай,
Бостандық берші, бостандық берші, мамасы.
Тұмшалап қойдың несіне сонша қаусырып,
Шандудан бөлек қалған ба шараң таусылып.
Аяқ пен қолын матамай бос қой, мамасы,
Кішкентай адам көрсетіп жатыр қарсылық.
Қарашы мынау қабаржып жатқан пішінге,
ЬІза мен ашу қайнайды келіп ішінде.
Жетпей ме сол да, қойдың ғой мені арқандап
Мамасы, босат, қызыма құрсау түсірме!
Көкемді босат, аяқ пен қолын матама,
Көтеріп жүрем, көтеріп өтем жотама.
Басымды тігем.
Бармақтай менің сәбиім бүлдіре қоймас...
Бостандық берші ботама?
Мамасы, босат, еркімен өссін тал шыбық!
Ауа мен күнге, Ай менен нұрға малшынып.
Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы
Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық.
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Әбіш Кекілбаев, жазушы, Парламент Сенатының депутаты, қоғам және мемлекет қайраткері: егемендік декларациясын қабылдау оңайға түскен жоқ
Француз буржуазиялық революциясының үшінші кезеңі
Орталық Қазақстан тұрғындарының жергілікті тіл ерекшеліктері
Сөйлеу тілін түсінуін дамыту
Мұқағали Мақатаев лирикасының өміршеңдігі
Балалық шақ
Тұрмыс салт ертегілері
Мұқағали Мақатаев Сүлейменұлы
Франция буржуазиялық революция қарсаңында
Әлеуметтік педагогикалық факторлардың жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалын арттыру жолдары
БОСТАНДЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚ КЕПІЛІ
Жарқырап бостандықтан сәуле түсті - Жабырқаған халықтың көңілі өсті
Мені ана жаққа жіберші
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңіБостандық туы жарқырап, Еркіндік суы сарқырап