Бірде дауысты, бірде дауыссыз болатын қай дыбыс
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы
Я я дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты
-
Білімділік
Я я дыбысы мен әрпін меңгерту; сөзге дыбыстық талдау жасату; сөздерді буынға бөлдіру; берілген сөздерді оқуға және жазуға үйрету.
-
Дамытушылық
Я дыбысы кездесетін сөздерді меңгерту арқылы оқушының ой-өрісін, сөздік қорын және тілін дамыту.
-
Тәрбиелік
Я дыбысына қатысты сөздерді сауатты оқуға және жазуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі
- Кеспе әріптер
- Электронды оқулық
- Интербелсенді тақта
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Сәлем бердік сіздерге Құрметпен біз.
Парта саған төсек емес жатуға. Түзу ұста, тік отыр сен партада. Бойды түзе, көтер басты жоғары, Сымбаттылық болсын сенің бойыңда.
II. Өткенді қайталау
1) Сұрақ-жауап
- Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыс дегеніміз не?
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Бірде дауысты, бірде дауыссыз болатын қай дыбыс?
- Ол қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болады?
- Біз қанша дыбыспен және қанша әріппен таныстық? (29)
2) Дыбыстарды шартты белгілермен көрсету
Дыбыстық сигналдар арқылы.
3) «Шашылған әріптер» ойыны
И, н, т, ұ, м, ы, р → итмұрын
4) «Буындық лото»
Буындардан сөз құрау:
Нәтиже: балық, жусан, жарыс, қала, бұлақ
5) «Артық сөзді тап» ойыны
а)
Бір, бала, шана, бас, балға, боран, балық
ә)
Көже, көке, көлік, сөз, көмек, көз, көлшік
б)
Әже, әсем, әке, ешкі, ән, әдемі, әпке
III. Жаңа сабақ
Әңгімелесу
- Балалар, жылдың неше мезгілі бар?
- Қазір қай мезгіл?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? (күн суытады, аяз болады, т.б.)
- Құстар туралы не білеміз? («құстар» сөзіне ассоциациялық аймақ құру)
- Құстарға қандай қамқорлық жасауға болады? (жем беремін, ұя жасаймын)
Негізгі сұрақ
«Ұя» сөзінде таныс емес қандай дыбыс бар?
Түсіндіру
Я дыбысының артикуляциясымен таныстыру. Я дыбысы й + а дыбыстарының қосындысынан тұрады және я әрпімен таңбаланады.
Баспа және жазба түрлерімен танысу. Электронды оқулық арқылы Я дыбысы мен әрпін бекіту жұмыстары жүргізіледі.
Оқулықпен жұмыс
- 1. Шығармашылық жұмыс: сурет бойынша әңгіме құрау.
- 2. Бағандағы сөздерді хормен оқыту, мағынасын түсіндіру, сөйлем құрату.
- 3. «Шаян» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
- 4. «Ұя» өлеңін оқыту және түсіндіру.
-
5. Сергіту сәті: «Сұр қоян» өлеңі.
Құс бұтаққа ұя салды. 1 2 3 4 5
- 6. «Орныңды тап» ойыны: ретсіз жатқан сөздерді сандар ретімен орналастыру.
- 7. Дәптермен жұмыс: Я әрпінің таңбалануын таза, көркем жазу.
IV. Бекіту кезеңі
Буындар мен сөздер
Тапсырма: буындарға бөліп жазу.
1) Буындардан сөз құрау
Оқушылар буындарды біріктіріп, жаңа сөздер құрастырады.
2) Оқу дағдысын бекіту
Бағандағы сөздерді оқыту және «Ұя» өлеңін қайта оқыту.
V. Сабақты қорытындылау
Салыстыру
Г дыбысы мен Я дыбысын салыстыру, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен жауаптарына қарай мадақтау.
VI. Үй тапсырмасы
- 1. Я дыбысы мен әрпін қайталау.
- 2. «Ұя» өлеңін жаттау.