Оқушылардың қолайлы тәсілмен есептеу жолдарын меңгергендіктерін есепке алу
Сабақтың тақырыбы
Нөлмен аяқталатын сандарды бөлу
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдістері
Түсіндіру, талдау
Көрнекіліктер
Кестелер, математикалық диктант
Негізгі идея
Бөлінгіш пен бөлгішті бірдей есеге (10 есе) кеміткенде, бөліндінің мәні өзгермейді
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Нөлмен аяқталатын сандарды бөлу тәсілдерімен таныстыру және қолайлы тәсілмен есептеу жолдарын бекіту.
Дамытушылық
Оқушылардың өз бетінше есептеу дағдыларын және жылдам ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, жинақылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың жүру барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың оқу құралдарының толық болуын қадағалап, назарын сабаққа аударамын.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға,
Алға қадам аттаймыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасының орындалуын тексеріп, қажет жерінде түсіндіру жұмыстарын жүргіземін.
III. «Ой қозғау» стратегиясы
Таңертең дене жаттығуларынан бастайтынымыз сияқты, сабағымызды да ой жаттығуларынан бастайық. Сұрақтарға жылдам жауап береміз:
- 1) Жылдың он бірінші айы
- Қараша
- 2) Бүгін аптаның қай күні?
- Сәрсенбі
- 3) 320 мен 1-дің көбейтіндісі
- 320
- 4) Шаршы, тік төртбұрыш, үшбұрыш — бұлар не?
- Геометриялық фигуралар
- 5) 513 пен 515-тің арасында қандай сан бар?
- 514
- 6) Есік қандай геометриялық фигура?
- Тік төртбұрыш
IV. Сабақ мазмұнымен таныстыру
Бүгін нөлмен аяқталатын сандарды бөлудің қолайлы тәсілдерін қарастырамыз, мысалдар шығарып, тапсырмалар орындаймыз.
V. Жаңа сабақ
Ереже: егер бөлінгіш пен бөлгішті бірдей есеге (мысалы, 10 есе) кемітсек, бөліндінің мәні өзгермейді.
Мысал 1
1780 см : 20 см = 178 дм : 2 дм = 89
Санмен жазу: 1780 : 20 = 178 (ондық) : 2 (ондық) = 89
Мысал 2
17800 см : 200 см = 178 м : 2 м = 89
Санмен жазу: 17800 : 200 = 178 (жүздік) : 2 (жүздік) = 89
VI. Оқулықпен жұмыс
Өрнектерді қолайлы тәсілмен ықшамдап, есептеуді орындаймыз.
VII. Тақтамен жұмыс
Есептерді түсініп оқимыз және қай есеп x + 8 · 9 = 80 теңдеуі арқылы шығатынын анықтаймыз.
1-есеп
Турист 80 км жүруі керек. Ол әр күні 8 км жүріп, 9 күн жолда болды. Ол әлі неше километр жүруі керек?
2-есеп
Асхатта 80 теңге болды. Ол 9 теңгеден 8 сағыз және бір ауа шарын сатып алды. Бір ауа шарының бағасы қанша?
VIII. Өз бетімен жұмыс
Есеп
Шарты: 100 тауыққа — 20 кг. Бір күнге 10 000 тауыққа қанша кг астық керек?
Шешуі:
20 : 100 = 0,2 кг (1 тауыққа)
10 000 · 0,2 = 2 000 кг
Жауабы: Бір күнге 2 000 кг астық қажет.
IX. Сергіту сәті: логикалық тапсырмалар
-
1) Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады?
5 -
2) Алматыдан Астанаға ұшақ 1 сағат 30 минут ұшты, ал Астанадан Алматыға 90 минут ұшты. Неге?
тең -
3) Тоғайда 10 қарға отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды. Нешеуі қалды?
2 -
4) Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг тартса, екі аяғымен тұрғанда салмағы қанша болады?
3 -
5) Бір тонна мақта ауыр ма, әлде бір тонна темір ауыр ма?
тең
X. Топпен жұмыс
Өрнектердің мәнін табыңдар (берілген мәндерді қойып есептеңдер).
I топ
4900 м − x + 389 м, егер x = 2486 м; 675 м.
II топ
x + 695 сағ − 456 сағ, егер x = 1000 сағ; 2305 сағ.
III топ
56 800 кг − 2720 кг − y, егер y = 3680 кг; 10 026 кг.
XI. Сызбамен жұмыс
ABC үшбұрышының қабырғаларының ұзындығын өлшеп, нәтижесін жазыңдар.
XII. Шығармашылық жұмыс
Дұрыс теңсіздік шығуы үшін бос орынға қандай натурал санды немесе нөлді жазуға болады?
1) 980 : 140 − □ … 880 : 440
2) 9100 : 1300 + 24 … 9900 : 300 − □
XIII. Қорыту
№11 тапсырма арқылы жаңа тақырыптың меңгерілу деңгейін анықтаймыз. Есептеңдер:
XIV. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасын жазып алу, орындау талаптарын түсіндіру.
XV. Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, кері байланыс беру.