Тест бағалануы
Жас ұрпақтың бүкіл рухани жан-дүниесін, ой-өрісін, әсемдік талғамдарын қалыптастыру, адамгершілік, инабаттылық сезімдерін өрістету, білім деңгейлерін көтерумен қоса, оқыта отырып тәрбиелеу – ұстаздың дағдылы ісі.
Компьютермен оқыту – оқушылардың өз бетімен іздену жұмысының өте тиімді түрі. Түрлі тапсырмаларды компьютермен орындау оқушыны еркіндікке, төзімділікке, мақсаткерлікке баулиды. Компьютермен тапсырма орындау оқушының қиялдау мүмкіндігіне жол ашылады, ақыл-ой белсенділігін дамытуға көмектеседі. Компьютерлік оқулықтар және компьютермен түрлі жұмыстар жүргізу арқылы оқушының біліктілігі мен белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Сабақта компьютерді пайдалану арқылы сабақ сапасын көтерумен қатар, оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттырып, оқушының назарын пән мазмұнына аударып, өз бетінше практикалық жұмыстарды орындауға қызықтырады.
Өткен ұрпақ үшін кітаптың мазмұны қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді тану құралы болып табылады.
Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңінде тарих пәнінің оқытылуы айтарлықтай қиыншылықтар туғызып отыр. Сондықтан тарих пәнінің әрбір сабағы көп ізденуді, қосымша деректермен толықтыруды керек етеді. Мұғалім тақырыптың мазмұнын кеңейтетін және толықтыратын қосымша материалды кең қолдану арқылы дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізіп, оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын үнемі арттырып отыруға тиіс. Осы міндеттермен талаптарды мұғалім сабақ барысында қолданып, баланың білімдік және біліктілік дағдыларын қалыптастыра алады.
Сабақ беру дегеніміз – өнер. Көптеген тәсілдерді сынақтан өткізіп, өзінің оқыту тәсілдерін, озық – тәжірибелерді күнделікті жұмысында пайдаланып отыру – қазіргі таңда сабақты ұйымдастырудың тиімді жолы.
Тарих пәнін оқытудың басты міндеті – жас ұрпақты адамзаттың шынайы тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің негізгі жетістіктерімен сусындату, тарихты сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын шығармашылықпен жұмыс істеп, дұрыс қорытынды жасай алатын оқушыларды тәрбиелеп шығару.
Өркениетті қоғамды құрудағы мемлекеттің қалыптасуы алдымен өскелең ұрпақтың еркін ойлау білуі мен шығармашылығы, кәсіби біліктілігі мен біліміне байланысты болмақ.
Ақпараттың ағыны тасыған осы ғасырдағы деректі, көркем кинофильмдер, оқыған тарихи шығармалар, әр түрлі мектепішілік тәрбие саласындағы кездесулер, интернет жүйесінен алынған материалдардан хабары бар екендігін аңғару қиын емес.
Толық жауап оқушылардың танымдық қабілетін, есте сақтау дағдыларын қалыптастыруда тест әдістерін қолдану басты рөлдердің бірі болып саналады. Оқушылар білімін тексеруге арналған тест жүйесі белгілі бір тақырыпты не тарауды қорытындылау не пысықтау кезінде жүзеге асырылады. Тест жүйесін өткізген кезде белгілі бір талаптарды орындау қажет:
Қазақстан тарихынан тест әдістерін қолдану.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының шығу тарихы мен мәдениетін меңгерту, жалпы түсінік беру. Компьютермен өз бетінше жұмыс атқаруды меңгерту.
Дамытушылық: Оқушының Отан сүйгіш болып өсуін қалыптастыра отырып, тәрбиеге баулу.
Тәрбиелік: Қазақтың өткен тарихын танып білуге, құрметтеуге, елжандылыққа тәрбиелеу.
Бағдарламаға сай бөлімдер мен тарауларға байланысты құралдар;
1. Тест жүйесінің бірнеше бағыттары қамтуы;
2. Әр сұрақ бір балды жүйені қамтиды;
3. Тест қысқа, нақты жауаптарға сай болуы керек;
4. Тест бағалануы: Жауаптың белгілі бір пайызы негізінде яғни 80% жоғары болса 5 , 75-80% 4 , 50-75% 3 , ал 50%-дан төмен болса 2 деп бағалануға болады.
Оқушылардың білімін тексеруде тест жүйесінің бірнеше түрлерін қолдануға болады.
І. Сұрақ жауап.
Мысалы:
а) 1729 жылғы Аңырақай шайқасы қай жерде болды?
Жауабын оқушы өзі жазады. (Балқаш көлінің оңтүстігінде).
ә) Абылайдың шын аты.
Жауабы: (Әбілмансұр)
Сұраққа бірнеше жауап
1) Тәуке хан тұсында сот міндетін кімдер атқарды?
а) Хандар; ә) Сұлтандар; б) Билер; в) Батырлар.
2) 1822 жылғы Орынбор қазақтарының жарғысының авторы кім?
а) Барон Игельстром; ә) М. М. Сперанский; б) П. К. Эссен.
ІІ. Бірнеше бөліктерге толтыру немесе бағандарға сай жауаптар жазу.
Мемлекет, Патша өкіметі, бытыраңқылық, намаз, Жетісу, Шариғат, Боралдай, кодекс, 1916 жыл, 25 маусым, құн, 2 млн.400 мың, тағы басқа.
Тарих. ------------------Заң. --------------------- Шариғат.
Жетісу ------------------Мемлекет ------------намаз
Боралдай ------------- Патша өкіметі ----------Шариғат
1916 жыл ------------- Кодекс
25 маусым ------------құн
Бытыраңқылық
ІІІ. Орын ауыстыру: Кеңес өкіметі.
1. Орынборда ----------------1. 1917 ж. 30. 10
2. Перовскіде -----------------2. 1918 ж. 15. 01
3. Бөкей ордасында --------3. 1918 ж. 18. 01
4. Оралда -----------------------4. 1917 ж. 2. 12
Жауабы:
Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістермен патша реформасы уақытын анықтаңыз:
1. Орынбор қырғыздары туралы Жарлық ---------------------------1. 1868 ж.
2. Түркістан аймағын басқару туралы Уақытша ереже ----------2. 1773-1775 ж.ж.
3. С. Датұлы көтерілісі ------------------------------------------------------3. 1801 ж.
4. Бөкей Ордасының негізінің қалануы -------------------------------4. 1771-1781 ж.ж.
5. Абылай ханның билік құруы ------------------------------------------5. 1824 ж.
6. Е. Пугачев көтерілісі ------------------------------------------------------6. 1783-1797 ж.ж.
Жауабы:
4. Қатесін тап:
1. Компартия мен Кеңес үкіметі қазақ АКСР-ін құруға әзірлікке кірісті. Бұл үшін ұлт істері жөніндегі Халық комиссариаты жанында қазақ бөлімі құрылды. А. Байтұрсыновқа Қазақстан кеңестері құрылтай съезін шақыруды әзірлеу тапсырылды.
Дұрысы: Ә. Жангелдинге
5. Аралас тест.
ЛКЩОЕОИГН, ЫҰРВСЛҚО
Жауабы: Голощекин, Рысқұлов
6. Орын-орнына қой.
1. Қазревкомның құрылуы.
2. Қазақстан кеңестерінің 2-ші съезі.
3. Азамат соғысының басталуы.
4. Черкасск қорғанысы.
5. Орынбор қаласының астана болуы.
7. Жауабын толтыр.
1783-1797 жылғы көтеріліс жетекшілерінің бірі.
1916 ж. көтеріліс жетекшілерінің бірі.
Алаш партиясының негізін қалаушылардың бірі.
Қазақ газетінің бас редакторы.
8. Тесті сынып оқушыларының біліміне сай деңгей бойынша беруге болады.
Мысалы: нашар оқушыларды - 3-і деңгей, орташадан жоғары, жақсы оқитындарды – 2-і деңгейге, ал өте жақсы оқитындарға – 1-і деңгейге бөлу негізінде сұрақтарды күрделендірудің жүйелі түрін енгізу.
3 деңгей:
Мысалы: а) Ұлт-азаттық қозғалыс қашан болды? ә) Басшыларын айт
(Жауабы:1. 25.06.1916 ж; 2. А. Иманов. Б. Әшекеев).
2 деңгей: а) Ұлт-азаттық қозғалыстың орталықтарын картадан көрсет.
а)(Жауабы: Торғай, Жетісу.)
ә) Патша өкіметі бөліп ал да, билей бер деген тактиканы қалай қолданды?
ә)Жауабы: 23.08.1916 ж. генерал губернатор Куропаткиннің құпия бұйрығымен жергілікті әкімшілікті, байлар мен мұсылман дінбасыларын жалпы ұлттық қозғалыстан бөлшектеп ала білді, олар тыл жұмысына адамдар алуға белсене көмектесті.
1 деңгей:
Қазақтың демократияшыл зиялылары және даланың бетке ұстарлары, дін иелері қандай саясат ұстанды?
Жауабы: Қазақ халқының революциялық демократиялық зиялылары (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов), көтеріліс шырқау шегіне жеткенде патша өкіметі қарусыз халықты қанға бояйтынын түсініп отаршыл империямен парасатты ымыраласу тактикасын ұстанып, халықтың аман қалуы, оның этникалық тұтастығын сақтау идеясын ұсынды.
Қорытынды: Тест жүйесі балаларды қысқа, нақты жауап беруге үйретеді. Олардың жан-жақты ойлау қабілетін арттырады. Тест жүйесінен соң бақылау алу оқушылардың алған білімін бере білуге үйретеді.
8-сынып.
Орын ауыстыру тесті.
Орын ауыстыру: Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы.
1. Ауыл-------------------1. Ақсақал
2. Ата - аймақ ----------2. Би
3. Арыс ------------------3. Ауыл басы
4. Ұлыс ------------------4. Сұлтан
5. Ру ----------------------5. Хан
6. Хандық --------------6. Ру басы
7. Жүз -------------------7. Қаған (Ұлы хан )
Орын ауыстыру: Қазақ хандығының әскери құрылымы.
1. Біріккен әскер. ---------------------1. Ұлыс басшысы.
2. Ру - тайпалық жасақ. -------------2. Жасақ басшысы.
3. Ұлыс әскері. -------------------------3. Хан (Жоғарғы қолбасшы).
Орын ауыстыру: Абылай хандығы.
А)
1. 1758 ж. ---------------------------1. Батырдың сұлтан болуы.
2. 1742 ж. 2 қыркүйек. ----------2. И. Неплюев Галдан Церенге хат жолдауы.
3. 1771 ж. ----------------------------3. Әбілмамбет қайтыс болуы.
Б)
1. Абылай Қытайдың билігін мойындады. --------------1. 1742 ж.
2. Абылай сұлтанның Жоңғарияға шабуылы. ----------2. 1745 ж.
3. Әмірсананың Абылайды паналауы. ------------------3. 1753 ж.
4. Абылайдың жоңғарларға тұтқынға түсуі. -----------4. 1757-1760 ж. ж.
Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістермен патша реформасы уақытын анықтаңыз:
1. Орынбор қырғыздары туралы Жарлық ---------------------------1. 1868 ж.
2. Түркістан аймағын басқару туралы Уақытша ереже------------ 2. 1773-1775 ж.ж.
3. С. Датұлы көтерілісі -------------------------------------------------3. 1801 ж.
4. Бөкей Ордасының негізінің қалануы ------------------------------4. 1771-1781 ж.ж.
5. Абылай ханның билік құруы ----------------------------------------5. 1824 ж.
6. Е. Пугачев көтерілісі -------------------------------------------------6. 1783-1797 ж.ж.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін қабылдауындағы психологиялық ерекшеліктер.
Қызметкерлер қажеттілігін жоспарлау
Тест тапсырмаларының түрлері және тиімділігі
Оқушы дарындылығын ашудағы мектептің ролі
Білімді бағалаудың критерийі
Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ережесі
Информатика пәнінен қазіргі таңдағы бақылау, тексеру, бағалауды ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Жазалаудың жеке оқушыға бағытталуы
Саралап деңгейлік оқыту технологиясы
Студенттің ролі
Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі
Электрондық кестенің көмегімен мектеп информатика курсы бойынша көпнұсқалы тестер жасау әдісі
СЕРІКТЕСТІКТІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ МӘНІ
Сату шоғырының бағалануы
Aidstest және Dr.Web детектор-программалары
Некелікпен қанағаттануға арналған сұрақнамалық тест
“АГРОВЕТОРТАЛЫҚ” ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖАРҒЫСЫ
Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде дәстүрлі оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда
Алдияр екі жағын беттестіріп көріп
Өнеркәсіп кәсіпорындары тиісінше бірнеше акционерлік қоғамдар мен серіктестіктерге біріккен