Сөзден сөз шығар III тур
Мақсаты мен ұйымдастыру
Бұл сайыстың мақсаты — оқушылардың білім деңгейі мен қабілеттерін тексеру, бастауыш сынып оқушылары арасынан «ХХІ ғасыр көшбасшысын» анықтау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Ұйымдастыру кезеңі (жүргізушінің сөзі)
Уа, халайық, халайық!
Бәріне жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
Білімділер елінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып,
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шеру шашайық.
Мұнда қызық табылады,
Жұмбақ та, есеп те — бәрі бар.
Ал, сайыскер балалар,
Білімдеріңді сынайық,
ХХІ ғасыр көшбасшысын табайық!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді 4-сыныптар арасында өтетін «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайыс сағатын тамашалауға шақырамыз.
Әділқазылар алқасы сайланады.
Біреуінің жүрегінде жігер бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,
Бәрінен де бастысы — барлығының
Қатты жұмыс істейтін миы бар!
Ендеше, сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.
Сайыскерлерге тілек
Ғылымның сырын ұғынып,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Ғылымдардың сырына!
Қадамдарың оң болсын,
Сәт-сапар тілейміз!
Сайыс құрылымы мен ережесі
Жалпы ереже
- Сайыс 5 турдан тұрады.
- Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.
- ІІ турдан кейін ұпайы төмен оқушылар кезең-кезеңімен ойыннан шығады.
- Соңында бір оқушы — көшбасшы анықталады.
Турлар тізімі
- Бәйге
- Сөзден сөз шығар
- Тапқыр болсаң тауып көр
- Полиглот
- Жеңімпаз
Сайыскерлер дайын болса, сайысымызды бастайық!
І тур: «Бәйге» (сұрақ-жауап)
Ақындар мен жазушылар
- 20 ұпай
- «Адам болам десеңіз» өлеңінің авторы кім? Абай.
- 30 ұпай
- Балаларға арналған тұңғыш қазақ әліппесін жазған кім? А. Байтұрсынұлы.
- 40 ұпай
- Қазақ даласындағы «сәулелі жұлдыз» атанған көрнекті ақын кім? Ыбырай.
Ән мен әнші
- 20 ұпай
- Қазақстан Республикасының Гимнінің әнін жазған кім? Ш. Қалдаяқов.
- 30 ұпай
- «Елімнің жүрегі» (Алтынай Жорабаева) әні қай қалаға арналған? Астана қаласына.
- 40 ұпай
- Бір ән орындау.
Мақал-мәтелдер
-
20 ұпайБілім туралы мақал айту.
-
30 ұпайЕңбек туралы мақал айту.
-
40 ұпайОтан туралы мақал айту.
Жалпы сұрақтар
- 20 ұпай
- Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? Т. Әубәкіров.
- 30 ұпай
- 120 : 4 = ? 30.
- 40 ұпай
- Жылқыда не жоқ? Өт жоқ.
ІІ тур: «Сөзден сөз шығар»
«Қазақстан» сөзінен мүмкіндігінше көп сөз құрастыру.
ІІІ тур: «Тапқыр болсаң тауып көр»
Мақалдарды жалғастыру
- Өнер алды — қызыл тіл.
- Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.
- Көз қорқақ, қол батыр.
- Кітапты сүйіп оқы, көңілге түйіп оқы.
- Егінші жерге қарайды, құс көкке қарайды.
- Ақыл жастан шығар, асыл тастан шығар.
- Білім инемен құдық қазғандай.
- Отан — оттан да ыстық.