Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің Гүлшат - Шеризат дастанының мазмұнын баяндау
Сабақ тақырыбы мен мазмұндық өзегі
Пән
Қазақ әдебиеті (10-сынып)
Тақырып
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Гүлшат – Шеризат» дастаны
Сабақ типі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
- «Гүлшат – Шеризат» дастанының сюжеттік желісі мен композициясын өздігінен іздену арқылы меңгерту.
- Дастан жанры туралы ғылыми-теориялық түсінік беру.
- Кейіпкерлерге талдау жасату арқылы тақырыбы мен идеясын таныту.
2) Дамытушылық
- Сыни ойлауын, қабылдауын, дүниетанымын дамыту.
- Сөз саптауын жетілдіру, ойын ашық айтуға, дәлелдеуге үйрету.
- Өзіне деген сенімін арттыру.
3) Тәрбиелік
- Адамгершілікке, адалдыққа, кешірімділікке, рухани тазалыққа баулу.
- Пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ форматы
Сабақ түрі
Ізденіс сабағы
Әдіс-тәсілдер
- Проблемалық ізденіс
- СТО (сыни тұрғыдан ойлау) әдістері
- Ойын элементтері
- Топпен жұмыс
- Сатылай кешенді талдау
- Модульдік оқыту технологиясы
Көрнекіліктер
- Слайдтар
- Портрет
- Қима қағаздар
- Перфокарта
- Бағалау белгілері
- «Білім кілті»
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, өзін-өзі тану, әдебиет теориясы, шығыс әдебиеті
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Сабаққа дайындығын тексеру.
- Ұжымдық психологиялық ұйымдастыру әрекетін жүргізу.
- Топқа бөлу:
- 1-топ: «Абайдың дарабоздары»
- 2-топ: «Абайдың көшбасшылары»
2) Үй тапсырмасын тексеру
- Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Бұлақ көзі» өлеңін жатқа оқу.
- Жоба қорғау:
- 1-топ: «Мәшһүр Жүсіп — дара тұлға»
- 2-топ: «Мәшһүр Жүсіп — этнограф»
3) Өткенді пысықтау: «Олжалы бестік» ойыны
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өткен тақырыпты жүйелейді.
«Ойлы болсаң, озып көр»
Мәшһүр Жүсіптің шын есімі қандай?
«Зерек болсаң, сынап көр»
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қандай кітаптарын білесің?
«Мықты болсаң, ашып көр»
Ақын шығармаларының өзекті тақырыптары қандай?
«Алғыр болсаң, айтып көр»
Мәшһүр Жүсіп шығармаларын қалай топтастыруға болады?
Үзіндімен жұмыс
Бір адам бар өрік, мейіз ағашы сияқты,
Жемісінен дүние жүзі баһра алады.
Бір адам бар терек ағаш сияқты,
Отқа отын болғаннан басқаға жарамайды.
Сұрақ: үзінді қай өлеңнен алынған?
«Тапқыр болсаң, тауып көр»
Мәшһүр Жүсіптің ғұмырнамалық өлеңдерін ата.
4) Сабақ мақсатын қою және жаңа тақырыпты өзектендіру
Оқушылармен бірге бүгінгі сабақтың күтілетін нәтижелері нақтыланып, дастанды жанрлық және идеялық тұрғыдан талдауға бағыт беріледі.
5) Жаңа сабақ
Дастан туралы ғылыми-теориялық түсінік
Дастан (парсы тілінде «айту», «баяндау», «жырлау» деген мағына береді) — әдеби-эпикалық жанр. Шығыс халықтары әдебиетінде, әсіресе парсы және түрік әдебиеттерінде кең тараған. Дастан белгілі бір сюжетке құрылады. Құрылымында кейде өлең, кейде қара сөз араласып келе береді.
Қазақ дастандары тақырыбына қарай 5 түрге бөлінеді
-
Ислам қағидаларын, діни наным-сенімдерді насихаттайтын дастандар.
Мысал: «Салсал», «Зарқұм».
-
Шығыс аңыз-әңгімелері негізінде туған дастандар.
Мысал: «Мың бір түн», «Шаһнама», «Тотының тоқсан тарауы».
-
Шығыс классиктері негізінде пайда болған дастандар.
Мысал: Фирдоуси, Науаи, Низами дәстүріндегі «Ләйлі – Мәжнүн», «Таһир – Зуһра», «Ескендір».
-
Романтикалық сарындағы ғашықтық дастандар.
Мысал: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек».
-
Ерлік пен ел туралы батырлық дастандар.
Мысал: «Рүстем-дастан», «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын».
Топтық жұмыс: «Білім көзі — кітапта»
«Ең бастысы» ойыны арқылы мәтіндегі негізгі тіректерді іріктеу.
- 1-топ: дастанға арқау болған тірек сөздер мен сөз тіркестерін жазады.
- 2-топ: дастандағы негізгі ойды ашатын сөйлемдерді іріктеп жазады.
Мазмұндау
Оқушыларға дастанды алдын ала оқып келу тапсырылғандықтан, олар сюжетті тізбектей баяндап береді.
Мәтінмен жұмыс: талдау сұрақтары
- Дастанның жанрлық ерекшелігі неде?
- Аңызға құрылуын дастаннан мысал келтіріп дәлелдеңдер.
- «Гүлшат – Шеризат» дастаны қазақ дастандарының қай түріне жатады?
- Парахзаттың арам ниетін мәтіннен тауып оқыңдар.
- Гүлшат Шеризатты сөзбен қалай тоқтатады? Мәтіннен үзінді келтіріп дәлелдеңдер.
Дәптермен жұмыс: сатылай кешенді талдау
Негізгі деректер
- Автор
- Мәшһүр Жүсіп Көпеев
- Тақырып
- Адал ниетпен әділ іс қылу
- Идея
- Әділдіктің жеңіске жетуін, жақсылықтың салтанат құруын дәріптеу
- Жанр
- Эпос, дастан
- Кейіпкерлер
- Көркін, Парахзат, Гүлшат, Шеризат, арыстан, керуенбасы Қожа Сағит
Өлең құрылысы және тіл өрнегі
- Дастан негізінен 11–12 буынды, кей тұста 7–8 буынды жыр үлгісі араласады.
- 3 бунақты, қара өлең ұйқасымен жазылған.
- Бейнелі сөздер: эпитет пен теңеулерді тауып, теріп жазу.
Тәрбиелік мәні
Әрқашан кешірімді болу, адамдарға жақсылық жасау.
Композициясы
- Оқиғаның басталуы: Көркін патшаның балаға зар болуы; аңға шығуы.
- Оқиғаның байланысы: Парахзаттың ханымды өлтіртуі; арыстанның баланы алып кетуі; керуенбасы Қожа Сағиттың баланы асырап алуы; Парахзаттың түс көруі.
- Шиеленіс: Шеризаттың ер жетіп, керуеншілермен бірге Шынмашын еліне келуі; Гүлшаттың Иран бағы.
- Шарықтау шегі: Барыстың хаты; шындықтың ашылуы; Парахзатты зынданға тастау.
- Шешім: Гүлшаттың ара түсуімен Парахзаттың күнәсінің кешірілуі.
Образдық талдау және пікір алмасу
Басты кейіпкерлерге төмендегі үлгі бойынша талдау жасалады:
- Кейіпкердің сипаты
- Кейіпкердің мінезі
- Ұнамды немесе ұнамсыз әрекеті
- Мақсаты
Еркін жауап
Сөйлемді жалғастыр: «Егер мен Шеризат болсам…»
Өмірмен байланыс
- Қазақ қоғамында осындай жағдайлар кездесе ме?
- Дастанда өзіңе ұнаған эпизод қайсы?
- Дастандағы ойды халық даналығымен қалай түйіндеуге болады?
6) Білімді бекіту: «Зымыран сұрақтар»
- «Гүлшат – Шеризат» дастанының сюжеттік желісі қайдан алынған?
- Парахзаттың қыз бала тілеуінің мәні неде?
- Автордың түйінді сөзі қандай?
- Дастандағы ертегілік және аңыздық сипаттарды атаңдар.
- Дастан дегенді қалай түсінесің?
- Қазақ әдебиетінде дастан неше түрге бөлінеді?
- Дастанның тәлімдік мәні неде?
Қорытынды бөлім
7) Үй тапсырмасы
Дастаннан үзінді жаттау.
8) Бағалау
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.
Рефлексия
Сабақ соңындағы ой қорытындысы, кері байланыс.