Компьютерді басқарушы

Сабақ туралы мәлімет

Сынып

9-сынып

Сабақтың тақырыбы

Озық ойлы дарындылар

Сабақтың түрі

Сайыс-сабақ

Мақсат, міндеттер және ресурстар

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін және логикалық сауаттылығын дамыту; пәнге деген қызығушылығын арттырып, белсенділігін күшейту.

Білімділік

Оқушылардың көшбасшылық қасиетін жетілдіру, аналитикалық қабілетін ашу, интеллектуалдық деңгейін көтеру.

Дамытушылық

Логикалық ойлауды және танымдық қызығушылықты дамыту, ақыл-ойын жан-жақты жетілдіру.

Тәрбиелік

Білімге, пәнге және шығармашылыққа құрметпен қарауға; ойын еркін жеткізуге; топпен бірлесе жұмыс істеуге; тәртіп пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Ойын элементтері
  • Баяндау әдісі

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

  • Интерактивті тақта
  • Компьютер
  • Слайдтар
  • Кеспе қағаздар

Сайыстың ашылуы

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Озық ойлы дарындылар» сайысымызға қош келдіңіздер!

Армысыздар, осында жиналғандар,
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар.
Рұқсат берсе біздерге, көрермендер,
Кешімізді бастайық, қатысушылар!

Қатысушылар

Сайысқа 2 команда қатысады. Жарыс 7 тур бойынша өтеді.

Әділқазылар

Топтардың білімі мен тапқырлығына баға беретін әділқазылар алқасы сайыс бойы ұпайларды бақылап отырады.

Нақыл сөз

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы — білім» — Әбу Райхан әл-Бируни.

Турлар құрылымы

  1. I тур — «Кім жылдам?»

    Сұрақ-жауап бөлімі.

  2. II тур — «Инфо-диктант»

    Бос орынға қажетті сөздерді жазу.

  3. III тур — «Адасқан әріптер»

    Әріптері орын ауысқан сөздерді дұрыс құрастыру.

  4. IV тур — «Сөздік домино»

    Сөздерді соңғы әріптен келесі сөзді бастап тізу.

  5. V тур — «Қателерді анықтау»

    Мәтіндегі қателерді тауып, дәлелдеу.

  6. VI тур — «Сиқырлы пернелер»

    Перне атауы мен қызметін айту.

  7. VII тур — «Құпия жәшік сұрағы»

    Жұмбақ сипаттама бойынша құралды табу.

I тур — «Кім жылдам?»

Ереже

Екі топқа да сұрақтар бірдей қойылады. Қай топтың мүшесі бірінші болып қол көтерсе, сол жауап береді. Қате жауап берілген жағдайда қарсы топқа жауап беру мүмкіндігі беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Сұрақтар

  1. Ең алғашқы бағдарламаны жазған ғалым әйел кім?

    Жауабы: Ада Лавлейс.

  2. «Алгоритм» сөзі қай ғасырда және кімнің есіміне байланысты пайда болды?

    Жауабы: IX ғасыр, Әл-Хорезми.

  3. Бағдарлама неше бөліктен тұрады?

    Жауабы: 3 бөлім (тақырыбы, сипаттау бөлімі, операторлар бөлімі).

  4. Бағдарламамен басқарылатын аналитикалық машинаны ойлап шығарған ағылшын ғалымы кім?

    Жауабы: Чарльз Бэббидж.

  5. IBM фирмасы қай жылдан бастап дербес компьютерлерді шығара бастады?

    Жауабы: 1980 жыл.

  6. Деректерді сақтауға арналған құрылғы қалай аталады?

    Жауабы: Жады.

  7. Операциялық жүйе дегеніміз не?

    Жауабы: Компьютер іске қосылғанда жүктелетін және құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама.

  8. «Компьютер» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

    Жауабы: Есептеу.

  9. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы?

    Жауабы: Интернет.

  10. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі қалай аталады?

    Жауабы: Интерфейс.

Білім — биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім — ақылшың,
Қиындықтан өткізер.

II тур — «Инфо-диктант»

Тапсырма: бос орынға қажетті сөздерді жазу.

  1. Құжат мәтіні қағаз бетінде дұрыс шығуы үшін беттің параметрлерін (жоғарғы және төменгі, сол және оң жақ өрістерін), сондай-ақ жоғарғы және төменгі колонтитулдың орналасуын орнату керек.
  2. Ол үшін: Файл → Беттің параметрлері командасы таңдалады.
  3. Бетке қосымша бөлуді орналастыру үшін курсорды жаңа бет басталатын жерге қойып, мәзірден: Қою → Бөлу командасын орындау қажет.
  4. Бет нөмірлерін қою үшін: Қою → Беттің нөмірлері командасы орындалады.
  5. Колонтитул — құжаттың әр бетінің жоғарғы немесе төменгі жағына басылатын мәтін не сурет.

Бұл жарыс біткен жоқ, кетпейік —
Келесі бөлімге беттейік.
Бәріміз бірігіп, бас қосып,
Адасқан әріпті реттейік.

III тур — «Адасқан әріптер»

Бұл турда әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әр топ әріптерді орнына қойып, компьютер құрылғыларының атауларын және информатика терминдерін құрастырады.

I топ

  • РЕТЬЮПОМК
  • ВРЕДАЙР
  • ДЕМОМ
  • ЛАЙФ
  • РОТИНОМ
  • АТЕКИСД

II топ

  • НИРПЕРТ
  • ЧЕСВИНТЕР
  • КРАСЕН
  • АНИШ
  • СОРЕСЦПРО
  • ТОРП

IV тур — «Сөздік домино»

Тапсырма: берілген сөздерді мына тәртіппен орналастырыңыз — келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы тиіс.

Берілетін анықтамалар

  • Компьютерді басқарушы.
  • Жазылған сандағы цифрлар реттілігі.
  • Компьютерде қолданылатын ұзындық бірлігі.
  • Компьютердің мәлімет шығару құрылғысы.
  • Бағдарламамен басқарылып, адам әрекеттерін қайталайтын машина.
  • Тыныс белгісі.
  • Ертедегі грек математигі, ЕҮОБ табу алгоритмінің авторы.
  • Компьютердегі мәліметтерді сақтау құрылғысы.
  • Ақпарат өлшем бірлігі.
  • Байланыс түрі.
  • Компьютердегі ақпаратты белгілі бір атпен сақтайтын мәліметтер жиыны.
Дұрыс жауапты көрсету

Процессор → разряд → дюйм → монитор → робот → тире → Евклид → диск → килобайт → телеграф → файл

Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты — еңбектеніп, жалықпау.

V тур — «Қателерді анықтау»

Тапсырма: бір оқушы компьютерде қалай жұмыс істегені туралы әңгіме жазған. Мәтінді оқып, қанша қате жіберілгенін анықтаңыз.

I топ — мәтін

Мен компьютерде жұмыс істегенде міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып шығару үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді таңдап, «динамик» деп аталатын плоттерде құжаттарымды сақтаймын.

Жауабы: 9 қате.

II топ — мәтін

Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы бағдарлама — Word графикалық редакторы. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы бағдарлама арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық bmp форматында сақтаймын.

Жауабы: 3 қате.

VI тур — «Сиқырлы пернелер»

Оқушылар қораптан перне атауы жазылған қағазды алады да, сол перненің атқаратын қызметін түсіндіреді.

VII тур — «Құпия жәшік сұрағы»

Екі топқа бір-бір сұрақтан қойылады. Дұрыс жауап берсе, сыйлыққа ие болады.

I топ — сұрақ

1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, механикалық есептеу машинасы — арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына цилиндр қолданылған бұл құрал қосу мен азайтумен қатар көбейту, бөлу және квадраттау амалдарын орындай алды. Осы арифмометрдің негізінде орыс өнертапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер қандай есептеу құралын жасады? Жәшіктің ішінде қандай құрал бар?

Жауабы: калькулятор.

II топ — сұрақ

Мәлімет сақтайды, оған 1,44 Мбайт саны сәйкес келеді. Бұл не? Жәшікте қандай құрал бар?

Жауабы: дискета.

Қорытынды

Сонымен, бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Ендігі кезекте жеңімпазды анықтау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Осылайша бұл ойынды аяқтасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы үйренеміз аман болсақ.

Түйін

«Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген ойды берік ұстанып, «Озық ойлы дарындылар» сайысымызды қорытындылаймыз.

Сау болыңыздар!