Адамның тілі - дыбыстық тіл

Қазақ тілі · 5-сынып

Фонетика туралы түсінік. Тіл дыбыстары туралы ұғым

Бұл сабақ жоспары «Сатылай кешенді оқыту» технологиясына негізделіп, оқушылардың тіл дыбыстары туралы бастапқы түсінігін қалыптастыруға және дыбыстың сөз мағынасына әсерін тәжірибе арқылы танытуға бағытталған.

Сабақтың типі

Жаңа сабақты түсіндіру.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті.

Негізгі тәсіл

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға фонетика туралы түсінік беру; тіл дыбыстарының адам өміріндегі маңызы мен құрамдары туралы ұғым қалыптастыру.

Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілікке, еңбекті дәріптеуге және ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Сатылай кешенді талдау арқылы лингвистикалық дүниетанымды кеңейту; жан-жақты тапсырмалар арқылы білімді тереңдету, сөздік қорды дамыту.

Сабақтың әдістері

  • Ізденушілік және зерттеушілік әрекетті ұйымдастыру
  • Тілдік талдау жасау
  • Түсіндіру, сұрақ-жауап
  • Жаттығу және салыстыру

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Оқушылармен сәлемдесу.
  2. 2 Сабаққа қатысуды тексеру.
  3. 3 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Проблемалық сұрақ · Слайд арқылы

Тапсырма: Сөздердегі өзгерісті байқаңыз

Мұғалім төмендегі сөздерге назар аудартып, сөздердің қандай өзгеріске ұшырағанын айтқызады:

Дыбыстың алмасуы

бас, тас, жас, қас, нас

Дыбыстың қысқаруы

ескек, кек, ек

Қосылу / орын ауысу

қал – лақ, түс – сүт, кел – лек

Сұрақ: Берілген сөздердегі ерекшелік неде? Оқушылар пікірі тыңдалады.

Қорытынды: Сөздегі дыбыс өзгерсе, сөздің мағынасы да өзгереді. Демек, бүгінгі тақырып — қазақ тіліндегі дыбыстар.

Жұппен жұмыс

Оқулықпен оқу және талдау

Оқулықтағы «Тіл дыбыстары» тақырыбы оқылады. Оқушылар сатылай кешенді талдау арқылы негізгі ұғымдарды өздері жүйелейді.

Сатылай кешенді талдау

1) Сипаты

Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс бірнеше сөздің құрамында қолданыла береді. Дыбыстардың сөздегі қызметі мен көрінісі үш түрлі сипатта байқалады:

  • Бір дыбыстың өзгешелігі мағынаны өзгертеді: мал, тал, қал (дыбыс саны бірдей, бірақ бір дыбыс басқа).
  • Дыбыс санының әртүрлілігі: бала, ала, ал.
  • Орын тәртібі: тас – сат, қас – сақ.

Түйін: Адам тілі — дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары болмаса, тіл өмір сүрмейді.

2) Жасалуы

Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Оған тыныс жолы мүшелері, ауыз және мұрын қуысы, сондай-ақ иек пен жақ қатысады.

Тыныс жолы

Өкпе, көмей, дауыс шымылдығы.

Ауыз қуысы

Тіл, ерін, езу, тіс, таңдай, кішкене тіл.

3) Түрі

Дыбыстар сөйлеу мүшелерінің қатысу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз.

Мысал

А — дауысты дыбыс

Өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, еркін шығады.

Мысал

Қ — дауыссыз дыбыс

Өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырап, қысылып шығады.

Оқушылар пікірі тыңдалады.

III. Электронды оқулықпен жұмыс

Орталық Білім Ресурстары, E-кітапхана. №4403 материал бойынша «Тіл дыбыстары туралы жалпы ұғым» тақырыбындағы 1 және 4 тапсырмалар орындалады.

1-тапсырма

Айтылуы жағынан бір-біріне ұқсайтын сөздерді көрсетіңіз:

  • түлкі – күлкі
  • аяқ – таяқ
  • зат – ат
  • ауыр – бауыр
  • арық – жарық