Суретшінің өмірі

Қазақ тілі • 9-сынып Кіріктірілген • Шығармашылық • Интерактивті Аралас сабақ
Мұғалім
Есекеева Л. Е.
Тақырып
Әбілхан Қастеев туындылары
Грамматика: етістіктің қалау райы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Көрнекті қазақ суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек мәлімет беру; өнердің адам өміріндегі маңызын, оның жан дүниесін түсінуге ықпалын ашу.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін, пәнге қызығушылығын, сөйлем құрау дағдыларын дамыту; сыни ойлауға бағытталған тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік

Ұлы суретшінің өмірін үлгі ете отырып, ұлтжандылыққа, еңбекқорлыққа, білімді бағалай білуге тәрбиелеу; ана тіліне сүйіспеншілікті арттыру; рухани-адамгершілік құндылықтарды күнделікті өмірде қолдануға баулу.

Күтілетін нәтиже

  • Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды.
  • Алған білімін өмірде қолдана алады.
  • Жалпыадамзаттық құндылықтарды таниды.
  • Ақиқат пен шындықтың маңызын түсінеді.

Ұйымдастыру және ресурстар

Әдіс-тәсілдер

Жеке, жұптық, топтық жұмыс; түсіндіру, талдау, әңгіме, ой қозғау; сатылай кешенді талдау; АКТ; аудио-видео материалдар.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, әдебиет, тарих, бейнелеу өнері.

Көрнекіліктер

Қастеевтің суреттері, газет-журналдар, қосымша көркем әдебиеттер, интерактивті тақта, нақыл сөздер, үлестірмелі парақшалар, түсті қарындаштар, стикерлер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу, қатысымды түгендеу.
  • Шеңбер құру, қысқа тақпақ айту.
  • 1, 2, 3 сандары арқылы 3 топқа бөліну.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) Жаттығу

«Қазақ бейнелеу өнері тарихынан» тақырыбы бойынша 3-тапсырма: дұрыс сөйлемдер құрастыру және жалғаулы сөздерді ажырату.

2) Сұрақтар

  • Бейнелеу өнері дегеніміз не?
  • Оның салалары қандай?
  • Қазақ суретшілерінен кімдерді білесіңдер?

III. Жаңа сабақ

Мақсат қою: нені білуіміз керек?

  • Қазақ бейнелеу өнерінің негізгі салалары.
  • Әбілхан Қастеевтің суретшілік шеберлігі.
  • Ұлы бабалардан қалған даналық өсиет сөздер.

Нені үйренуіміз керек?

  • Қазақ суретшілері туралы мазмұнды айту.
  • Етістіктің қалау рай жұрнақтарын дұрыс қолдану.
  • Рухани-адамгершілік құндылықтарды нақыл сөздер арқылы түсіну.
Дәйексөз

«Озар елдің ұлы өнерлі, қызы мінезді келеді»

Мақал

Тапсырма

Дәйексөзді дауыстап оқу.

Талқылау

Мағынасын қалай түсінесіңдер?

Жазылым

Дәптерге көшіріп жазу.

Қорытынды ой: «Озар ел» дегенде Ахмет Байтұрсынұлының сөзі еске түседі: «Басқалардан кем болмас үшін бізге білім, байлық және күш керек». Білім — оқу арқылы, байлық — еңбек арқылы, күш — бірлік арқылы келеді. Мұның бәріне сабыр қажет. Сабырдың арқасында ел ілгерілеп, ұл-қызымыз өнерлі болады.

Қызығушылықты ояту: ой шақыру

«Сурет туралы не білеміз?» сұрағына жауап: жеке сөздер құрастыру, тізбектей жазу, жұппен бөлісу, топта талқылау, бір оқушының ортақ жауап беруі.

Видеоматериал

«Әбілхан Қастеев» туралы қысқаша бейнеролик.

Тілдік назар: фонетикалық талдау

«Әбілхан Қастеев» атауындағы қазақ тіліне тән дыбыстарды ауызша талдау:

  • Ә — дауысты
  • І — дауысты
  • Қ — дауыссыз

Сұрақ-жауап арқылы бағыттау

  • Қазақ халқының сурет өнерінің басында кім тұр?
  • Әбілхан туралы не білесіңдер?
  • Қастеев туралы оқыған тың мәліметтеріңмен бөлісіңдер.
  • Ұстазының «Бұл өнерді қайдан үйрендің?» деген сұрағына Қастеев қалай жауап берген?

    Жауабы

    «Таудың бұлағынан, қойдың құлағынан. Анамның киізінен, ешкінің мүйізінен үйрендім».

Осы жауаптан суретшінің туған табиғатқа шексіз сүйіспеншілігін, қоршаған ортадан үлгі алғанын, анасына деген құрметі мен сағынышын байқауға болады. Бүгін біз Әбілхан Қастеевтің өмір жолының қалыптасуы мен шығармашылық кемелдену кезеңдері туралы әңгімелейміз. Оның көптеген туындыларының негізгі өзегі — туған жерге, өз халқына деген терең махаббат.

1-тапсырма: мәтін және сөздікпен жұмыс

Сөздік

Жарқын құбылыс
яркое явление
Әкесінен ерте айырылған
оставшись рано без отца
Таңғалдыру
удивить
Даму
развитие
Үлес қосу
внести вклад
Дүниетаным
познание мира
Ерекшеліктері
особенности
Назар
внимание

Топтық жұмыс: постер қорғау

Топ атаулары

  • Жазушылар
  • Суретшілер
  • Тілшілер

Топ басшылары тағайындалады.

Тапсырмалар

  • I топ: суретшінің өмірі.
  • II топ: суретшінің туындылары (өздері салған суреттер туралы әңгімелеу).
  • III топ: Қастеев мұражайы туралы мәлімет беру.

Нәтиже

Әр топ постерді толтырып, қорғайды.

Қалау рай: армандар мен мақсаттар

«Армандарың қандай? Кім болғың келеді?» сұрағы бойынша әр топ өз атауына сай армандарын айтып, етістіктерді қалау райға айналдырады. Интерактивті тақта арқылы етістіктің райлары түсіндіріледі, графикалық диктант орындалады.

Жаттығу: берілген етістіктерді қалау райға айналдыру

бару → барғым келеді

болу → болғым келеді

көру → көргім келеді

салу → салғым келеді

үйрену → үйренгім келеді

жазу → жазғым келеді

Мысал сөйлем

Мен Қастеев атындағы мұражайға барғым келеді.

I топ

INSERT стратегиясы бойынша кесте толтыру.

II топ

Әбілхан Қастеевке арнап 5 жолды өлең құрастыру.

III топ

Қастеев және өнер туралы қысқа эссе жазу.

IV. Бекіту: мақал-мәтелдер (ойын «Кім жылдам?»)

Өнер, білім, достық туралы мақал-мәтелдерді айтып, мағынасын талқылау.

  1. Білімді өлсе, қағазда аты қалар, ұста өлсе, істеген заты қалар.
  2. Ақыл озбайды, білім тозбайды.
  3. Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.
  4. Оқу инемен құдық қазғандай.
  5. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.
  6. Өнерлі жігіт өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар.
  7. Ақыл көпке жеткізеді, өнер көкке жеткізеді.
  8. Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.
  9. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

Түйін: адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде, жан дүниесінде ішкі тыныштық орнайды. Біреуге қиянат жасамай, адал іс еткен адамның еңбегі өз жемісін береді.

Бүгінгі дәйексөзді қайталайық: «Озар елдің ұлы өнерлі, қызы мінезді келеді». Ендеше, білімді терең меңгеріп, өнерді сүйіңдер; келешекте елге қалаулы азамат болып, еліміздің өркендеуіне үлес қосыңдар.

Топпен ән айту

Ән: «Көк тудың желбірегені».

Үй тапсырмасы

Қастеев атындағы өнер мұражайы туралы реферат әзірлеу.

Бағалау және рефлексия

Бағалау: топ басшылары өз мүшелерін бағалайды.

«Басбармақ» әдісі

  • Сабақ өте ұнады.
  • Сабақ ұнады.
  • Сабақ онша ұнаған жоқ.

Есте сақтайық

Өнердің өзегі

Қастеев туындылары туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті айқын көрсетеді.

Тілдік дағды

Қалау рай — ниет пен мақсатты білдіретін форма: «барғым келеді», «үйренгім келеді».

Құндылық

Білім, еңбек, бірлік және сабыр — өркендеудің берік тірегі.