Қарама - қарсы сандардың қосындысы

Сабақтың тақырыбы

Теріс сандарды қосу және таңбалары әр түрлі екі санды қосу (презентация арқылы).

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға теріс сандарды қосу және таңбалары әр түрлі сандарды қосу бойынша есептер шығарту арқылы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, математикаға қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Тез ойлау, қорытындыны жылдам шығару және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Әдістер мен құралдар

Сабақтың әдісі

  • СТО стратегиялары
  • Венн диаграммасы
  • Ауызша есептер
  • Деңгейлік есептер

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар (презентация)

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Назарларын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

№454 және №455 есептері.

Сабақты жүргізу тәртібі (слайдтар бойынша)

  1. 1) Бәйге

    3–4-слайд

    Ережелерге жылдам жауап беру.

    Тез сұрақтар

    • Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан кейін қосынды өзгермейді (ауыстырымдылық қасиеті).
    • Кез келген санның нөлмен қосындысы сол санның өзіне тең.
    • Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең.
    • Қарама-қарсы сандардың модульдері өзара тең.
    • Таңбалары әр түрлі екі санды қосу үшін үлкен модульден кіші модульді азайтып, үлкен модульдің таңбасын қою керек.
    • Теріс сандарды қосу үшін модульдерін қосып, нәтижеге «–» таңбасын қою керек.

    Назар аударатын тұстар

    • Модуль ұғымын дұрыс қолдану.
    • Нәтиженің таңбасын негіздеу.
    • Қысқа әрі дәл жауап беру.
  2. 2) Көкпар

    5-слайд

    Деңгейлік тапсырмалар (A, B, C).

    A деңгейі

    • 12 мен 18 сандарының ЕҮОБ және ЕКОЕ табыңдар.
    • 24 пен 32 сандарының ЕҮОБ және ЕКОЕ табыңдар.

    B деңгейі

    • 42 қызыл, 54 көк және 78 сары шарды әр түсті шарлардың саны бірдей болатындай етіп неше топқа бөлуге болады?
    • Әлияның қадамы 40 см, ал Мәншүктің қадамы 60 см. Екеуінің жүріп өткен қашықтығы қанша қадам сайын теңеседі?

    C деңгейі

    • 75, 25, 120 және 150 сандарын жай көбейткіштерге жіктеп, ЕКОЕ және ЕҮОБ табыңдар.
  3. 3) Жорға

    6-слайд

    Ауызша есептер: жай көбейткіштер арқылы берілген натурал сандардың ЕҮОБ және ЕКОЕ табу.

    1-есеп

    23 · 3 · 5 және 2 · 32 · 11

    2-есеп

    2 · 3 · 112 және 11 · 3 · 7

  4. 4) Сен білесің бе?

    қосымша бөлім

    Қысқа деректер мен еске салулар арқылы негізгі ұғымдарды бекіту.

  5. 5) Бапкер

    Венн диаграммасы

    Венн диаграммасы арқылы тақырыпты қорытындылау және оқушылардың білімін бағалау.

  6. 6) Мәреге жету

    қорытынды

    Сабақты қорытындылау, білімін бағалау, кері байланыс.

Үй тапсырмасы

Өткен тақырыптарды қайталап келу.