Техника қауіпсіздігінің ережесімен таныстыру
6-сыныптарға арналған шеберлік сабағы
Тақырыбы
Қағаздан ою-өрнектерді қию әдістері (презентациямен).
Мақсаты
Оқушыларға қағаздан ою-өрнек қию әдістерін үйрету, төл мәдениетті қастерлеуге баулу, ұшқыр ойлауын, әсемдік талғамын, белсенді біліктілігі мен шеберлігін дамытуға ықпал ету.
Білімділік
- Ою-өрнек өнері бойынша білімді тереңдету.
- Қазақтың ұлттық ою-өрнек өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру.
Дамытушылық
- Теориялық білімді жетілдіру.
- Сарамандық жұмыс арқылы білімді көрсету және бекіту.
Тәрбиелік
- Ою-өрнек түрлерін ажырата білуге үйрету.
- Әсемдікке, еңбекке баулу арқылы эстетикалық танымын, ой-өрісін дамыту.
- Адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
Пәнаралық байланыс
Сабақтың барысы
Қазақтың ұлттық мәдениетінің ең байырғы әрі аса құнды салаларының бірі — қолөнер. Соның ішінде ою-өрнек өнері ерекше орын алады.
Ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның: «Қазақтар ою-өрнек әлемінде өмір сүреді» — деген сөзі осыны айқын дәлелдейді. Айналамыздағы заттар мен бұйымдардың кез келгенінен ою-өрнек элементтерін кездестіреміз.
Ою-өрнек — тек әсемдік пен сәннің белгісі ғана емес. Ол — халықтың арман-ойы мен тілек-мүддесінің нышаны. Сондықтан ою-өрнектердің мазмұндық қырлары сан алуан, мәні терең.