Бүгінгі байқауға баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер

ММ

Шығармашылық байқау сценарийі

Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған

«Тілімде менің сыры терең жаным бар...» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауы.

Байқаудың мақсаты

  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби деңгейі мен шығармашылық әлеуетін анықтау.
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін мұғалімдердің қоғамдық мәртебесі мен беделін көтеру.

Байқаудың өту барысы

Жүргізуші

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, соған жұртым елеңдестің.

Өлсе, өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім.

Армысыздар, өлең сүйер, өнер сүйер қонақтар, қадірлі ұстаздар! Бүгінгі ақиық ақын М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Тілімде менің сыры терең жаным бар...» атты шығармашылық байқауға қош келдіңіздер!

Сырым да — осы, жырым да — осы алдыңда.

Байқашы бір: бықсыдым ба, жандым ба?

Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты —

Мұқағали Мақатаев бар мұнда.

Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында Мұқағали Мақатаев ұрпаққа ұланғайыр мұра қалдырды. Жылдар өткен сайын ақынның өшпес мұрасы қараңғы түн қойнауынан құпия сәуле шашқан жұлдыздай жарқырап, айшықтала түсуде. Абаймен үндес Мұқағалидың перзенті бар халық — шын мәнінде бақытты халық.

Бүгінгі байқауға баға беретін әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Әділқазылар алқасы: ____________________________

Байқау кезеңдері

  1. 1 Командалардың таныстыру тұсаукесері.
  2. 2 «Мен тауда туған мұзбалақпын» — Мұқағали туындыларынан өлеңді мәнерлеп оқу.
  3. 3 «Дариға жүрек» — ақын шығармалары бойынша сахналық көрініс.
  4. 4 «Есіңе мені алғайсың» — Мұқағали өлеңдерінің сөзіне жазылған әндерді орындау.
  5. 5 «Жыр сапарың тоқтамайды мәңгілік...» — ақынға арналған арнау өлеңдері.
  6. 6 Ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты тест тапсырмасы (40 сұрақ).

Кезеңге кіріспе

Қазаққа тән қара өлеңге табынды, ата-баба дәстүрінен алды үлгі. Ұшан-теңіз ұлылықты паш еткен — Мұқағали поэзия алыбы.

Ендеше, командалардың таныстыру кезеңін бастайық.

Кезеңге кіріспе

Жыр кеңістігі — шексіз, ал сен — дарасың. Ғасырыңды жырлап өткен данасың. Табындырып, сағындырып біздерді, Хантәңірідей биіктеп сен барасың.

Келесі кезең — ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу.

3-кезең: «Дариға жүрек»

Ақын шығармалары негізінде дайындалған сахналық көріністер ұсынылады.

4-кезең: «Есіңе мені алғайсың»

Ән сал, жаным! Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке тынсын тіршілік, жер-көктегі.

Мұқағали поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды. Ақын сөзіне жазылған әндер қалың жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Ендеше, Мұқағали өлеңдерінің сөзіне жазылған әндерге кезек берейік.

5-кезең: Ақынға арналған арнау

Артық едің, аға, сен асылдардан,

Өзің жайлы шертеді сыр ғасыр маған.

Астыңа ат мінгізе алмасам да,

Өлеңіммен жасай алам бір той саған.

Кезек — бүгінгі Мұқағалиға арналған жыр шумақтарына.

6-кезең: Тест тапсырмасы

Ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты 40 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы орындалады.

Қорытынды бөлім

Қырансың, аға, топтан сен бөлек — дарасың,

Хантәңіріндей заңғар боп мәңгі қаласың.

Жырларың сенің таулардай биік тұлғалы,

Шарлап жүр бүгін көк пенен жердің арасын.

Байқауымыз мәресіне жетті. Қорытындыны жариялау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Қорытынды

Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында, азат даласында қыран құстай самғай береді.

Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,

Еңбегінің қызығын да көре алмай.

От боп жанып өтіп кеткен ақынға

Мәңгілік қып өмір берген — өлең-ді-ай.

Айтақын ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше, оны жазған ақын да өлмейді. Ол — біз үшін өшпес, өлмес асыл мұра, қасиетті қазына.

Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Тілімде менің сыры терең жаным бар...» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауы аяқталды.

Қош сау болыңыздар!