Сайыста тапсырмаларды сатып аласыңдар
Ашық сабақ: «Аукцион» (ҰБТ-ға дайындық), 11-сынып
Сабақтың тақырыбы
«Аукцион» сабағы (ҰБТ-ға дайындық)
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың биология пәні бойынша ҰБТ-ға дайындық деңгейін кеңейтіп, білімін жүйелеу және нақтылау.
- Логикалық ойлауын, сөйлеу мәдениетін, дүниетанымын және пәнге қызығушылығын дамыту.
- Өз бетінше жұмыс істеуге, еңбекқорлыққа, адалдыққа тәрбиелеу; өмірлік қиындықтарды еңсеріп, таңдаған мамандыққа мақсат қоя білуге бағыттау.
Сабақтың түрі
Аукцион сабақ
Сабақтың әдістері
- Зерттеу
- Іздендіру
- Топтау
Көрнекіліктер
- Электронды оқулық
- Слайд топтамасы
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып екі топқа бөлінеді.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Бүгінгі сабағымыз «Білім биржасы» сайыс түрінде өтеді. Бұл биржада білім аукционға түседі: тапсырмаларды «сатып» алып, жауап бересіңдер. Ақша бірлігі — еуро. Сайыс соңында қай топ көбірек еуро жинаса, сол топ жеңімпаз атанады.
I тур
Білім аукционы
II тур
Таңдау — табыс
III тур
Эрудиттер сайысы
III тур: «Эрудиттер сайысы» (әр дұрыс жауап — 10 еуро)
I топ — Лот 1
- Жасушаның бөліну аралықтары (жасуша циклі).
- Табиғатты қорғауда өте ықпалды акциялар жүргізетін, 1971 жылы құрылған халықаралық үкіметтік емес ұйым (Greenpeace).
- Нәруыздың екінші реттік құрылымында болатын байланыс (сутектік байланыс).
- Бактериофагтарды алғаш сипаттаған ағылшын вирусологы (Ф. Туорт).
- Ұлпаның оттегін қабылдауын жылдамдататын гормон (адреналин).
- Ұяда тіршілік етіп, жиналған дәндерді жұмсартатын құмырсқа (жұмысшы құмырсқа).
- Үшбашпайлы жылқының атауы (эогиппус).
- Қазақстанда эрозияға қарсы топырақ қорғайтын қайырмасыз жырту жүйесін жасаған ғалым (А. Бараев).
- Ақпараттық РНҚ-дағы алынып тасталатын бөлік (интрон).
- Карпеченконың еңбегі (шалқан мен қырыққабатты будандастырып, туысаралық будан алу).
II топ — Лот 1
- Мутация мөлшерін саналы түрде арттыру үдерісі (бағытты мутагенез).
- Қазақстанда Қызыл кітапты жасауда ерекше еңбек еткен зоолог-ғалым (А. Слудский).
- Қандағы темірдің тұрақтылығын сақтауға әсер ететін гормон (гипофиз).
- Тұмаудың нақты қоздырғышы анықталған жыл (1933).
- Нәруыздың үшінші реттік құрылымындағы байланыс (S—S).
- Іш сүзегі бактериясын «ертіп жүретін» бактериофагті анықтаған ғалым (канадалық бактериолог Дж. Эрелль).
- «Микросома» деп атаған америкалық ғалым (А. Клод; кейін рибосома ұғымы қолданылды).
- Адамның өсу гормонын кодтайтын тізбектің ұзындығы (584 нуклеотид).
- Физикалық және химиялық мутагендердің әсерінен бұзылған ДНҚ құрылымының қалпына келуі (репарация).
- Кейбір саңырауқұлақтарда тыныс алудың кемістігі анықталған мутация түрі (цитоплазмалық мутация).
Сен білесің бе?
- Интеграция
- Бактериофагтің бактерия жасушасының сақиналы хромосомасына енуі.
- Пируват
- Пирожүзім қышқылының анионы (CH3COCOO−) немесе осы қышқылдың тұзы.
- Тилакоид
- Хлоропласт органоидінде фотосинтез үдерісінің жүруіне қатысатын негізгі құрылым.
- Гендер банкі
- Рекомбинантты ДНҚ негізінде алынған белгілі организмдердің гендерінің жиынтығы.
I тур: «Білім аукционы» (Лот 2)
Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға — 10 еуро. Қай топ жоғары баға береді? 1, 2, 3 — сатылды!
- Дұрыс жауап берсе — топ қорына еуро қосылады.
- Дұрыс жауап бермесе — лот алынып тасталады.
№1 лот
Сұрақ: Ең алғаш белгілі жануарларды тіршілік ортасына байланысты жіктеген ғалым?
Жауабы: Гиппократ
№2 лот
Сұрақ: Дене қуысы алғаш пайда болған тип?
Жауабы: Жұмырқұрттар типі
№3 лот
Сұрақ: Көпжасушалы жануарларда бұрын кездеспеген асқорыту мүшесі — бауыр — қай жәндіктерге тән?
Жауабы: Былқылдақденелілер
№4 лот
Сұрақ: Ең алғаш сілекей бездері мен ортаңғы құлақ қуысы қай жануарларда пайда болды?
Жауабы: Қосмекенділерде
№5 лот
Сұрақ: Жүйке жүйесін ең алғаш қай жануарлардан кездестіреміз?
Жауабы: Ішекқуыстылар типі
II тур: «Таңдау — табыс» (Лот 3)
1-тапсырма
Электронды оқулықпен жұмыс (6-сынып оқулығы, 14-тапсырма).
Ақпарат
- Мектеп: Қызылорда қаласы, №176 орта мектеп
- Пән мұғалімі: Игембаева Гүлнар
- Материал: «Аукцион» сабағы (ҰБТ-ға дайындық)