Ауыспалы шақ есімше

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

«№42 орта мектеп» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Оразалина Әсия Қабиденовна

8-сынып Сабақ түрі: жаңа сабақ Сабақ типі: дәстүрлі Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақ тақырыбы: «Менің сүйікті асым. Есімше»

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды қазақ халқының тағамдарымен таныстыру, есімше тұлғаларын бекіту.

Тіл дамытушылық

Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымды кеңейту, ойлау мен сөйлесу қабілетін дамыту; сөз тіркесі мен сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Туған жерін, елін, салт-дәстүрін сүюге тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сөйлесу
  • Сұрақ-жауап

Жұмыс түрлері

Жазбаша Ауызша

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Сәлемдесу.
  2. 2 Қатысымды және сынып дайындығын тексеру.
  3. 3 Сұхбат жүргізу.

Психологиялық дайындық (сұрақтар)

  • Бүгін айдың нешесі?
  • Таңертең нешеде тұрдың?
  • Таңғы асқа не жедің?

II. Үй жұмысын тексеру

«Асханада» тақырыбы бойынша сұхбаттасу.

III. Жаңа тақырып: «Менің сүйікті асым»

Оқулықпен жұмыс (93-бет)

  • Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.
  • Сөздікті пайдаланып, мәтінді орыс тіліне аудару.

Жаттығу жұмысы (94-бет)

  • Берілген синонимдік қатардан артық сөзді табу.
  • Сөйлемдерді көшіріп жазу.

Грамматика: Есімше

Есімше — есім сөздерге де, етістікке де тән грамматикалық белгілерді қамтитын етістіктің түрі. Есімшенің негізгі түрлері: өткен шақ, ауыспалы шақ, келер шақ.

Есімшенің жасалу жолдары

Түрі Жұрнақтары Мысалдар
Өткен шақ есімше -ған, -ген, -қан, -кен алған, келген, барған, пісірген, кескен, қосқан
Ауыспалы шақ есімше -атын, -етін, -йтын, -йтін алатын, келетін, жуатын, киетін, сөйлейтін, байлайтын
Болжалды келер шақ есімше -р, -ар, -ер сөйлер, айтар, барар, жазар
Мақсатты келер шақ -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек бармақ, келмек, жазбақ, кеспек

Ережеге сүйене отырып, 94-беттегі жаттығулар орындалады.

IV. Қорытынды

Нені білдің?

Қазақ тағамдары туралы мәліметтерді және есімшенің түрлері мен жасалу жолдарын.

Нені білгің келеді?

Есімшені сөйлеуде қолданудың тиімді тәсілдерін және күрделі мысалдар арқылы бекітуді.

V. Үй жұмысы

Ережені жаттау.

VI. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, ауызша жауаптары және жазбаша жұмыстары негізінде бағалау жүргізіледі.